Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Қазан, 2020

700

Қызылордада дәстүрлі славян фестивалі өтті

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Славян қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Достық үйінде «Достықта жоқ шекара» атты дәстүрлі түрде славян фестивалі өтті.

Фестивальге облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жағыпар Тажмаханов, этномәдени бірлестік жетекшілері мен белсенді мүшелері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастары және БАҚ өкілдері қатысты.


Фестиваль басталмас бұрын келген қонақтар қолөнер және кітаптар көрмесін тамашалады. Шара шымылдығы Ресей Бас консулдығы өкілдері экран арқылы жолдаған ізгі тілегімен ашылды.

Алғы сөзді облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ж.Тажмаханов бастады. Бір шаңырақтың астында түрлі этнос өкілдерінің бірігуі - біздің жеңісіміздің кепілі. Бүгінгі іс-шара біздің берік достығымыздың, өзара түсіністігіміздің және сыйластығымыздың тағы бір жарқын дәлелі дей келе, өңірдің дамуына елеулі үлес қосып жүрген славян этномәдени бірлестігінің бірқатар белсенділеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық медалін табыстады. Сондай-ақ, бірлестігінің басшысы Галина Сергеевнаға оның қажырлы еңбегі үшін алғысын жеткізді.


Славян орталығы біздің облыста және одан тыс жерлерде кең танымал. Орталықтың есебінде көптеген игі істер бар. Бұл фестивальдер, байқаулар, халық мерекелерін өткізу, облыстық және қалалық қоғамдық-саяси және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысу. Бұл Қазақстан мен Ресей арасындағы достық байланыстарды нығайту, Қазақстандағы гуманитарлық салалардағы Ресей Федерациясының елшілігімен тығыз ынтымақтастық.

Славян қоғамдық-мәдени орталығының күнделікті жұмысының басты мазмұны біздің қоғамдағы достық пен келісімді нығайту, жалпы рухани адамгершілік құндылықтарды насихаттау, өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелей отырып, ортақ үйіміздің болашағы үшін жоғары жауапкершілікте болу. Жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту, славян этностарының тілін, мәдениеті мен дәстүрлерін сақтау мен дамыту болып табылады.

Славян этносының фестивалінде әртүрлі жанрларда ән, би, өлеңдер орындалды. Байқоңыр қаласы, Шымкент, Орал өңірінен онлайн құттықтау лебіздер айтылып, бейне шашулары көрсетілді.


Кейін қарай