Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Тамыз, 2020

940

Қызылорда: ҚХА-ның І жартыжылдық жұмысы қорытындыланды

Қызылорда қаласының өңірлік коммуникациялар орталығында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Тажмаханов Жағыпар Айтбайұлы брифинг жасады.

Брифингте 2020 жылдың I жартыжылдығын қорытындылап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті насихаттау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда.

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Қайырымдылық керуені» акциясы, «Сыр өңірі – бейбітшілік пен келісім мекені» этномәдени бірлестіктердің мәдени күндері және «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобалары жүргізіледі. Коронавирус пандемиясы салдарынан енгізілген төтенше жағдайға байланысты наурыз айынан бастап барлық іс-шаралар онлайн форматқа көшірілді. Жоспарға сәйкес алғашқы жарты жылдықта облыстық ҚХА бастамасымен 155 іс-шара өткізіліп, онда 11 018 мың адам қамтылды.
Қайырымдылық шараларын үйлестіру бойынша I жарты жылдықта облыс көлемінде жалпы саны 236 іс-шара ұйымдастырылып, 16 750 адамға 112,8 млн. теңгенің көмегі көрсетілді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай барлық мерекелік және этномәдени бірлестіктердің, сондай-ақ мәдени-ағартушылық жобалардың іс-шаралары бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жүйелі түрде ақпараттандырылуда.

Сәуір айында YouTube сайтынан «Сыр бірлігі» каналы ашылып, облыстық ассамблеяның бастамасымен әзірленген 180 бейнеролик орналастырылды.

Республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында 205 материал, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда 181 бейнеролик, 702 жариялым жарық көрді. 2020 жылдың ІІ жарты жылдығына арналған іс-шаралар жоспары пандемия салдарынан енгізілген шектеу шараларын ескере отырып қайта нақтыланды. Жоспарға сәйкес 40-қа жуық іс-шара өткізу жоспарлануда.

Оның ішінде, облыстық ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің кешенді іс-шаралары, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында «25 қайырымды іс» науқаны, «Мәміле», «Абай қазынасына саяхат» клубтарының отырыстары, «Халықтар достығы» фестивалі, Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне арналған ғылыми-танымдық конференциялар, сондай-ақ облыстық ҚХА мерекелік XXIII сессиясы бар.

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы тарапынан мүдделі мемлекеттік құрылымдармен бірлескен түрде өңірде медиация институтын ілгерілетуге және дауларды соттан тыс шешу жолдарын насихаттау бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда.

2020 жылға «Аймақта медиация институтын ілгерілету» жобасы аясында облыстық бюджеттен 700 мың теңге қаржы бөлінді. Жоба аясында медиация институтын насихаттау бойынша ақпараттық материалдар әзірлеу, медиация мәселесіне байланысты семинар-тренингтер, ақпараттық-насихаттық кездесулер, облыстық деңгейде «Үздік мақала» және «Үздік репортаж» байқаулары мен оқушылар арасында ғылыми жобалар сайысын ұйымдастыру жоспарланған.

2020 жылғы І жарты жылдығында облыстық ассамблея бастамасымен медиация институтын насихаттауға бағытталған барлығы 21 түрлі форматты іс-шаралар ұйымдастырылса, аталмыш шараларға 600-ден астам тұрғын қамтылды. Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күнінде, яғни 31 шілдеде Сыр өңірінде «Мың алғыс!» жалпыреспубликалық акциясы ұйымдастырылды.

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы және «Сыр волонтерлері» орталығының ұйымдастыруымен өткен акцияға облыстық ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестік өкілдері, кәсіпкерлер мен меценаттар, қоғамдық ұйымдар, барлық аудандар белсене атсалысты.

Достық үйінің алдынан «Жаңғыру жолы» ЖҚ белсенділері, волонтерлер мен автоволонтерлер бірлесіп, 60 медицина қызметкерінің отбасыларына азық-түлік жиынтығы, мал еті мен мерекелік себеттер үлестірді.
Акцияға «Абай-Дәулет» ЖШС 200 қалта, яғни 1 тонна күріш, «Ажар city», «Нұрсаид» сауда үйлері азық-түліктей және этномәдени бірлестіктің өкілдері тарапынан арнайы құрбандыққа шалынған мал еттері таратылды. Сондай-ақ, елеулі еңбектері үшін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы атынан Алғысқа толы ашық хат табысталды.
«Жомарт» қайырымдылық қорының еріктілері көп бейінді қалалық ауруханасы мен Темір жол аурханасының 100-ге жуық медициналық қызметкерлеріне азық-түліктер жеткізді.

«Жан-Арай Жем» ЖШС 1700 медициналық қызметкерлерге ыстық тамақ жеткізіп, атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді.
Мейірімділікке толы акция облыстың барлық аудандарын мен Байқоңыр қаласында да жалғасын тапты.

Аталмыш акция республикалық «Хабар», «24kz», жергілікті «Qyzylorda» және «Қоғам ТВ» телеарналары, «Сыр бойы», «Кызылординские вести» және өзге де басылымдар мен интернет платформаларында, Facebook, Instagram әлеуметтік желілері арқылы ақпараттандырылды.

Акция аясында облыс көлемінде барлығы 2 мыңнан астам медицина қызметкеріне ыстық тамақтар мен қаржылай көмектер ұсынылды. 220-дан астам медицина қызметкерлерінің отбасына азық түлік себеттері мен мал еті берілді. Акция барысында медицина қызметкерлеріне барлығы 12 млн. теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді.

Алдағы уақытта осы бағыттағы шаралар өз жалғасын табады.

Кейін қарай