Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Маусым, 2020

786

Яша Идирисов: Президент мақаласы достығымызды айқындап берді

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейлік «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатын толық оқып шықтым. Оқи отыра, мен осындай дархан даласы бар тәуелсіз елде өмір сүріп жатқаныма шексіз бақытты екендігімді сезіне түстім.

Президент өз мақаласында қазақ елінің біртұтастығы мен мызғымас достығына ерекше мән беріп, қашанда достығы мығым ел екендігімізді тағы да айшықтап берді.

Мақаланың мардымдылығы сол – этносаралық келісім-ішкі саяси тұрақтылықтың маңызды факторына басымдық беріп көрсеткен. Расымен, қазақстандықтар өзге ұлт өкілдерінің этникалық шығу тегіне қарамай, біртұтас ұлт деп есептейді.

Осының арқасында «ұлттық азшылық» ұғымы жоқ деп білеміз. Бүгінгі таңда этнос өкілдері бір ананың баласындай Қазақстан атты шаңырақта еңбек етіп, еліміздің ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешуде. Бұл қазақ халқының кеңдігін, бірлігін, ұйымшылдығын, ынтымағын білдіреді. Осы үшін біз шаттанып, туған отанымызды мақтан етеміз.

Яша Идирисов

Түркістан облысы түрік

этномәдени бірлестігінің мүшесі

Кейін қарай