Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Қазан, 2020

587

Ұйғыр ауданында патриоттық акциясы өтті

Алматы облысы Ұйғыр ауданында «Этнос жастары арасында азаматтық бірегейлік пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру» атты жастар патриоттық акциясы өтті.


Шараны Ұйғыр аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мақсат Мадамилов ашты. Акция барысында «Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығы» КММ директорының орынбасары Жандос Байқамитов, әлеуметтік бастамалар мен медиацияны қолдау қызметінің жетекшісі Алия Шагиахмет, Панфилов аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Даурен Байтылечов сөз сөйледі.


Аталған іс-шараның көрермендері мен қонақтарға концерттік бағдарлама, спорттық ойындар ұсынылды.

Жастар патриоттық акциясы барысында үш секция бойынша семинар-тренинг өтті. Бірінші секцияда кәсіби медиатор Бақыт Чынгаева сөз сөйлеп, медиация саласындағы өз тәжірибесімен бөлісті. Екінші секцияда әлеуметтік желілердегі діннің рөлі туралы Айдос Игембай айтты, ал үшінші секцияда Шыңғыс Кенжеғұлов кәсіпкерлік қызметтің ерекшеліктері туралы айтып, өз тәжірибесімен бөлісті.

Акция соңында қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.


Кейін қарай