Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Маусым, 2020

1539

Өтепберген Әлімгереев: Ертеңгі күнімізге нық сеніммен қарауымыз керек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген сұхбатынан түйгенім, біз ертеңгі күнімізге нық сеніммен қарауымыз керек. Мемлекет басшысы қай уақытта да еліміздің таяу мемлекеттермен бірлігін нығайтып, бейбітшілікте өмір сүруін қалайды.

Қазақстан бүгінде көптеген елдермен достық және берік қарым-қатынасты орнатып келеді. Бізге, ең бастысы, «әр алуандықтағы бірлікті» нығайтып, сонымен бірге, сақтап қана қоймай, оны барынша өзекті мемлекеттік мақсаттарға тарта білуіміз қажет.

Меніңше, әлем елдері өз білімін біріктіріп, мемлекеттерінің дамуына зор үлес қосқанда ғана, бір-бірімен белсенді ынтымақтастық орната алады деп ойлаймын.

Ықылым заманнан келе жатқан қазақ халқының қонақжайлығы, үлкенге сыйластығы мен жақындарына деген қамқорлығы тәрізді ізгі қасиеттері бізге мол сенім береді.

Сондықтан да, бірлік пен ынтымақтастықтың арқасында біз елімізде болып жатқан ауыр кезеңдерді жеңіп, зор мүмкіндіктерге жол ашамыз.

Өтепберген Әлімгереев

Дүниежүзі қазақтар Қауымдастығының

Атырау облыстық филиалының төрағасы

Кейін қарай