Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Қазан, 2020

2614

Таразда Сергей Есениннің мерейтойы аталып өтті

Сергей Есениннің мерейтойына арналған поэзия кешін Жамбыл облысының «Радонеж» орыс қауымдастығы ұйымдастырды.

Ақынның 125 жылдығына арналған кешке Тараз қаласының мектеп оқушылары, колледж студенттері мен мұғалімдері, этникалық бірлестіктердің өкілдері, барлық жастағы поэзия сүйер қауым қатысты.


Тараздағы Есенин оқулары он жылдан астам уақыт дәстүрлі түрде еркін форматта өткізіліп келеді. Ескерткіш алдында Есениннің поэтикалық стилінің әсемдігімен бөлісуге тілек білдірушілер жарыса өнер көрсетті. «Радонеж» орыс қауымдастығының төрағасы, «Калинка» вокалдық ансамблінің көркемдік жетекшісі Владимир Сорокиннің жетекшілігімен Есениннің халық әндеріне айналған өлеңдері де орындалды. Іс-шараға орай, Владимир Сорокин:

– Есениннің өлеңдерінде Отанға деген сүйіспеншілігі бейнеленген. Оның жырлары мейірімділік пен сүйіспеншілікке толы, сол себепті әрбір жүрекке жақын. Бұл біздің жыл сайынғы дәстүрге айналған іс-шараларымыздың бірі. Есениннің шығармалары бүгінде әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Міне, өз кезегінде қазан айындағы Есенин оқулары, қаламыздағы поэзияға құштар жандарды жинай білді», - деп өз ойын білдірді.


Жыл сайын мектеп оқушылары осындай әдеби оқуларға белсене қатысады. Өскелең ұрпақтың көркем әдебиетке деген ынтасы да зор.

Поэзия кеші ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен аяқталды.

Кейін қарай