09 Қазан, 2020
733
Таразда ұлттық ойыншықтарға арналған фестиваль өтті
«Жамбыл облысы этностарының дәстүрлері мен мәдениеті» энциклопедиясын шығару және шығарылатын энциклопедия негізінде интерактивті карта жасау жобасы аясында «Ұлттық ойыншық - халық игілігі» деген тақырыпта фестиваль өтті.
Іс-шараның мақсаты - халықтық ойыншықтарды ұлттық мұра ретінде жаңғырту, сол арқылы әр халықты өз этносының дәстүрлерімен таныстыру. Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері, барлығы 30 адам - балалар мен ересектер қатысты.
Фестиваль екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде концерттік қойылым өткізілді. Мұнда домбырашы Рүстембек Малдыбаевтың орындауында қазақ ұлттық өнері-ортекемен күй тарту көрсетілді. Сондай-ақ, фестивальде Жамбыл облыстық «Радонеж» орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі өнер көрсетті.
Фестивальдің екінші кезеңінде балалар керамикасына арналған «Ежелгі Тараз ескерткіштері» республикалық мұражай-қорығының экспозициясымен ұсынылды.
Сондай-ақ көрмеде Сәрсенкүл Мырзамбетованың, Аманкүл Жанаеваның, Елена Медведцкаяның заманауи ойыншықтары ұсынылды. Фестиваль іс-шараға қатысушыларға алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтар таратумен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР -ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ
-
«Жүректен жүрекке» акциясы аясында ҚХА Республикалық және өңірлік штабтарының онлайн отырысы өтті
-
«Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының рөлін арттыру» тақырыбымен ZOOM-конференция өтті
-
Астанада «Родны Кут» қауымдастығының міндеттері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
ҚХА кафедрасының Минскіге ресми сапары
-
Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
19 Сәуір, 21:38
Қазақстан Республикасының «Дустлик» өзбек этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы Петропавл қаласына гуманитарлық көмек жіберді
14 Сәуір, 17:46
АСТАНАДАН ТӘЖІКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ БИЗНЕСМЕНДЕРІ 25 МЛН.ТЕҢГЕГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
15 Сәуір, 23:06
«БАРБАНГ» КҮРДТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ