Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Қазан, 2020

694

Тараз қаласының Достық үйінде өзбек этносының күні тойланды

Тараз қаласының Достық үйінде өзбек этносының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, мәдениеті мен тарихына арналған этнос күні аталып өтті. Іс-шараға ақсақалдар кеңесі, аналар кеңесі, «Тараз қаласының өзбек орталығы» жастар қанаты, сондай-ақ жамағат өкілдері қатысты.


Мерекелік кеште өзбек этносының мәдениетінен сыр шертетін дәстүрлі әндері орындалды. Атап айтар болсақ, Ашрафи Алишер Науаи, Фахриддин Умарова, Шерали Жураев сияқты танымал өзбек композиторлары мен классиктерінің шығармалары және Шоюсупов Бахтиярдың орындауындағы «Утар» әндері, Акрамов Каримнің орындауындағы «Өзбегім» әні, Балтаходжаев Абдурашид және басқалардың орындауындағы «Науаи» әні шырқалды.


Өңірдегі өзбектер этносының тарихы, салт-дәстүрі, мәдениетін дәріптеп, ертеден келе жатқан құндылықтарды насихаттау мақсатында сурнай, гиджак, дойра, дутар сынды ішекті-ыспалы музыкалық аспаптары ойналды.

Дәстүрге сай жыл сайын өткізілетін өзбек этносының күні биылғы жылы кішігірім форматта өтті. Жиын соңында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясына сіңірген еңбектері үшін алғыс хаттар мен естеліктер табысталды.

Кейін қарай