Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Қазан, 2020

560

Талдықорғанда Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай форум өтті

Талдықорған қаласының Достық үйінде «Радуга Жетысу» фестивалі аясында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Біз біргеміз! Біздің есімізде! Біз мақтан тұтамыз!» атты облыстық форумы өтті.

Шара барысында «Достық Үйі-Қоғамдық келісім орталығы» КММ директоры Сандуғаш Дүйсенова құттықтау сөз сөйледі. Осыдан кейін форумға жиналған барлық қонақтар Отан үшін өмірлерін қиған батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Шараны Алматы облыстық орыс мәдени орталығы төрағасының орынбасары Лариса Котельникова қорытындылап, «Біз біргеміз! Біз есімізде! Біз мақтан тұтамыз!» байқауының қатысушыларына алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарды табыстады.

Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Кейін қарай