Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Қазан, 2020

605

Талдықорғанда егін жинау мерекесі аталып өтті

Талдықорған қаласында «Видергебурт» Талдықорғандық немістер қоғамы ұйымдастыруымен дәстүрлі «Oktoberfest» неміс егін жинау мерекесі өтті.


«Oktoberfest» – Гиннес рекорд кітабіне әлемдегі ең үлкен мереке ретінде енгізілген. Бұл мерекені алғашқы рет 1810 жылдың қазан айында тойлағаны белгілі.

Екі жүз жылдық тарихы бар фестивальде әр-түрлі конкурстар, викториналар ұйымдастырылып, жұмбақтар қойылды. Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, «Oktoberfest» мерекесіне орай өткізілген конкурс жеңімпаздары мен қатысушылары марапатталды.

Кейін қарай