Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Қазан, 2020

970

Талдықорғанда «Birgemiz Bilim» жобасы аясында білімді оқушылар марапатталды

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» жетекшлігімен, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму минстрлігінің қолдауымен «ДОС.kz» әлеуметтік волонтерлер орталығы жалпыұлттық «Birgemiz Bilim» жобасы шеңберінде Алматы облысының шалғайда және ауылдарда орналасқан орта мектеп оқушыларына арнайы ҰБТ-ға дайындық, ағылшын тілін оқыту, компьютерлік және құқықтық сауаттылыққа үйрету сынды курстарды ұйымдастырды.


Қазіргі таңда аталмыш жобаға 800 оқушы қатысып жатыр. Осыған орай, Талдықорған қаласындағы Достық үйінде жоба аясында ағылшын тілі бойынша олимпиадаға қатысқан оқушыларды марапаттау рәсімі өтті. Сонымен қоса, Еңбешіқазақ, Іле, Талғар, Кеген, Панфилов аудан шәкірттері «ZOOM» платформасы арқылы онлайн түрде іс-шараға қатысуға мүмкіндік алды. 8-10 сыныпта оқитын 9 оқушы жаңа смартфон еншіленсе, 3 орын иегерлері сөмке мен ба киімге ие болды. Жалпыұлттық «Birgemiz Bilim» орталығының белсенді волонтерлерінің ата-анасы да алғыс хатпен марапатталды.


Бұл жоба волонтерлер жылында жүзеге асырылған еселі бастама, құрамында 87 белсенді болса, оның 7-еуі супервайзерлер қатарында ел игілігі үшін еңбектенеді.

«Алматы облысының білім басқармасы» ММ басшылығымен жасалып отырған жоба әлі де талай жоғары нәтижелер көрсетеді.

«ДОС.kz» әлеуметтік волонтерлер орталығы жалпыұлттық «Birgemiz Bilim» жобасы болашақта сапалы әрі нәтижелі жұмыс жасау мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясымен, Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталығымен, «Талдықорған қалалық Назарбаев интеллектуалды мектебі» және «Алматы облысының азматтық альянсы» өзара әріптестік Меморандумына қол қойды.

Кейін қарай