Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Қыркүйек, 2020

2842

Өскеменнің көрікті жерлері бойынша квест

Шығыс-Қазақстиан облыстық Достық үйі Өскеменнің көрікті жерлері бойынша квест ұйымдастырды. Алғашқы минуттардан бастап квест қатысушылары мәдениет әлеміне бойлады. Аңызға айналған екі ақын: Абай Құнанбаев пен Александр Пушкин оларды әйгілі шығармалардан «жұмбақтар мен ребустар еліне» шығарып салды.


Локациядан локацияға дейінгі «саяхаттар» әр түрлі күрделі сынақтармен жалғасып отырды.

«Интеллектуалды ойын форматында Өскемендегі әдемі орындарды, тарихи және мәдени құндылығы бар ескерткіштерді көрсетіп, өз еңбегімен бірегей мұра қалыптастырған ұлы тұлғалар туралы айтып, Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің маңыздылығын атап өткіміз келді. Біз мұны іске асыра алдық деп ойлаймын», – дейді ШҚО ҚХА еріктілер қозғалысы орталығының жетекшісі Равиль Юнусов.


Квест шешілді - миссия орындалды. Сыйлықтар тапсыру уақыты келді. Жүлделі орындарға ие болған командалар ақшалай сертификаттармен марапатталды. Барлық қатысушылар үшін ағартушылардың өмірі мен шығармашылығы кезеңдерін бейнелейтін жарқын концерттік бағдарлама жағымды «бонус» болды.

Кейін қарай