Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Қазан, 2020

555

Өскеменде шешендер мен ингуштар мәдениетіне арналған онлайн шара ұйымдастырылды

Өскемен қаласы Достық үйі- қоғамдық келісім орталығында шешендер мен ингуштардың көп қырлы мәдениетінің ерекшеліктерін ашатын шара өтті. Онлайн форматта өткен ісшарада ШҚО Достық үйі белсенділерінің ғана емес, осы облыстың әр жерінен келген әріптестерінің таланттарын бағалауға мүмкіндік туды.


Іс-шара «Вайнах» шешен-ингуш ансамблінің жетекшісі - Равиль Юнусовтың құттықтау сөзімен басталды. Ол біздің мемлекетіміздегі этностардың әр алуандығының басым жақтарын айта келе, тәуелсіз елде әртүрлі салада жетістікке жетуге болатындығын атап өтті.

Концерттік бағдарлама өзінің әр алуандылығымен ерекшеленді. «Вайнах» хореографиялық ансамблінің лезгинкасы, Владислав Киреевтің шашкамен ойнауы және ансамбльдің қыздар құрамынан «Көктем» атты нәзік биі шараның көркін қыздырды.

Кейін қарай