Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Қазан, 2020

660

Өскеменде кәсіби емес медиаторларға медиация негіздері оқытылды

Өскемен қаласының Достық үйінде «Кәсіби емес медиаторларға медиация негіздерін оқыту» семинары өтті. Диалог алаңы форматында өткен семинарда салалық кәсіподақтар мен кәсіподақ комитеттерінің, медициналық және білім беру мекемелерінің өкілдері, «КЖТ» АҚ мен «Қазпочта» АҚ қызметкерлері медиация негіздерін қалалық сот төрешілері, жаттықтырушылар мен кәсіби медиаторлар ұсынған спикерлерден үйренді.


Семинар аясында әлеуметтік және құқықтық мәселелер талқыланды. Спикерлер қатысушыларға еңбек заңнамасындағы, республиканың азаматтық кодексіндегі өзгерістер туралы, сонымен қатар тұтынушылардың құқықтарын қорғау, заңды жаңарту туралы айтып берді. Оған қоса, банктік даулар тақырыбы көтерілді. Спикерлер тыңдаушыларды келіссөздер жүргізу арқылы қақтығыстарды шешу және әр түрлі жағдайларда қолайлы микроклиматты сақтау жолдары туралы хабардар етті.


- Дауларды шешудің соттан тыс әдісі бар. Бұл келіспеушіліктерді өз бетінше шешу үшін немесе медиаторлардың, қорғаушылардың, заңгерлердің, нотариустардың көмегімен тараптар арасындағы ерікті диалог, - деп қорытындылады қалалық соттың төрешісі Әсемгүл Қасенова.

Кездесу соңында қатысушыларға сертификаттар ұсынылды.

- Бірнеше жылдан бері біз медиация бойынша оқыту семинарларын өткізіп келеміз, оны асыра сілтеместен дәстүрлі деп атауға болады. Бәрінен бұрын оқуға ниет білдірушілердің жыл сайын көбейіп келе жатқанына қуаныштымын - деді жаттықтырушы-нұсқаушы, кәсіби медиатор, «Шаңырақ» келісім орталығының басшысы Елизавета Абдрахманова.

Кейін қарай