Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Қазан, 2020

980

Шығыс Қазақстанда қарттар күніне орай онлайн-бағдарлама болды

1 қазан ­– Халықаралық қарттар күніне орай Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйінің Instagram парақшасында онлайн-бағдарлама көрсетілді.

Онлайн эфир барысында көрермендер қарттар күні басқа елдерде қанша уақыт тойланғаны, шығу тарихы және басқа да көптеген фактілерді білді. Концерттік бағдарламаға Алтай қаласы мен Курчатов қаласының аудандық Достық үйлерінің талантты белсенділері қатысып, өздерінің музыкалық композицияларымен қуантты.


Эфир қонақтары "Ақниет" вокалдық ансамблінің белсендісі - Мурсалимова Майра, "Русская песня" халықтық хорының жетекшісі – Костюк Анатолий болды. Бұл шығармашылық тұлғалар өздерінің өмір жолы, кәсіби қызметте қалыптасуы және шығармашылықтағы ерекше сәттер туралы айтып берді.

Кейін қарай