Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Шілде, 2020

613

ШҚО: Құрбан айт қарсаңында қайырымдылық акциясы өтті

Мұсылман халықтарының ең басты ұлық мейрамы – Құрбан айт қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері және еріктілері «Мың алғыс» жалпыұлттық қайырымдылық акциясын өткізді.

Оның мақсаты – індетпен күрестің алдыңғы қатарында тұрған этномәдени бірлестіктерінің жанұясына, аз қамтамасыз етілген отбасыларға және медицина қызметкерлеріне көмегін көрсету болып табылады.

Игі шара барысында көмек алған отбасылар белсенділерге алғысын жаудырып, ақ тілектерін арнады. Тағы бір айта кетерлігі, этномәдени бірлестіктерінің мүшелері әрдайым осындай игі шараларға белсене араласып, мұқтаж жандарды елеусіз қалдырмай, қолдарынан келгенше жәрдем етіп келеді. Осы орайда, инфекциямен күресіп келе жатқан дәрігерлер өздерінің жұмыстары мен қиындықтары туралы айта келіп, игі шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.


- Біз өзімізді және айналамыздағыларды азаматтарымызды құтқару және ұлт денсаулығын сақтау үшін күн сайын қауіп-қатермен бетпе-бет кездесеміз. Вируспен күресу көп күш жұмсайды. Әр дәрігердің міндеті – өмірді сақтап, науқастың денсаулығын қалыпқа келтіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасау. Біз соңына дейін күресеміз! – деді Ана мен Бала орталығының жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі Татьяна Бондаренко.


Cол сияқты Семей қаласының Достық үйінің этномәдени орталықтарының мүшелері вирустық науқастарды емдейтін Семей қаласының медициналық мекемелеріне барып, оларға мерекелік дастарханға - жемістер, тәттілер ұсыныды.


Кейін қарай