Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Тамыз, 2020

929

БҚО-да Конституция күніне орай халықаралық конференция ұйымдастырылды

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама тобы және кафедра мүшелерімен ҚР Конституциясының 25 жылдығына орай «Конституция: бірлік, тұрақтылық, өркендеу» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.


Шарада ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің басқарма басшысы Хайруллин Біржан Марданұлы Қазақстан экономикасының жедел дамып, зайырлы, құқықты, әлеуметтік мемлекет болып қалыптасуында Ата заңның алар орны айрықша екендігін атап көрсетті. Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас маманы Айткалиев Амангелді Мұратұлы өңірде Конституция күніне орай жоспарлы шаралар атқарылып жатқанына тоқталды. М.Өтемісов атындағы БҚУ, «Рухани жаңғыру» институтының директоры, ғылыми - сараптама тобының мүшесі Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы баяндамасында Қазақ елінің Конституциясы – ұлттық құндылықтардың сақталуының, рухани жаңғырудың кепілі. Демек, Конституция – қоғам мен мемлекеттің басты құжаты, бірегей тұғырлы заңнама үлгісі деп баяндады.


Іс-шараға қатысушылар ел Конституциясының адами құндылықтарға, оның негізгі құқықтары мен бостандығын қорғауға бағытталғанын атап өтті.Бұдан кейін Ата заңға қатысты өзекті мәселелер жөнінде ғалымдар өз пікірлерін ортаға салды.

Баяндама соңында конференция модераторы ҚХА кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы, М.Өтемісов атындағы БҚУ «Рухани жаңғыру» институтының ғылыми қызметкері Шайхиев Тұрар Төлегенұлы барлық Қазақстандықтарды 30 тамыз – Конституция күнімен құттықтай отырып, мықты денсаулық бейбіт тұрмыс, тұрақтылық тіледі!

Кейін қарай