Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Қаңтар, 2020

1340

«Клуб Добряков» Ассамблеямен бірлесіп жұмыс жасайды

«Клуб Добряков» еріктілер қозғалысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Достық үйінен орын ұсынды. ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы Максим Споткайдың айтуынша, олардың әріптестері бүгіннен бастап елордалық Достық үйіне көшіп келуде.

Алғашқы жақтастары мен қолдаушыларына әлеуметтік желі арқылы ие болып, қазақстандық қоғамда қайырымдылық істерімен танымалдылығы артқан «Клуб Добряков» еріктілер қозғалысының әлеуметтік бастамалары Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан да қолдау тапты. Аталмыш клубтың негізін қалаушы Гүлмира Абдрашеваның өткен жылы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы болғаны да белгілі. Клуб мүшелері тек көмекке мұқтаж адамдарға ғана емес, сондай-ақ, қорғансыз жан-жануарларға да қолұшын созуды парызымыз деп біледі.

Айта кету керек, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған уақыттан бастап қайырымдылық шаралардың бастамашысы болып келеді. Биыл ел аумағында жарияланған Еріктілер жылының аясында осы мақсатта барлық аймақтардағы Достық үйлерінде ҚХА Еріктілер қозғалысы орталықтары ашылған болатын. Сондай-ақ, 28 қаңтарда ресми қабылдауында болған аталмыш клубтың негізін салушы Г.Абдрашоваға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев бірлестікте жұмыс жасап, еріктілер клубының әлеуметтік жобаларына қолдау білдіруге дайын екендігін айтқан болатын.

Кейін қарай