Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Тамыз, 2020

1428

Хакім Абайдың даналық жолы ұлттық бірегейлікті сақтаушы

«Жаһандану жағдайында адамзаттың «алтын миллиард» концепциясына қатысы жоқ елдердің ұлттық қауіпсіздігіне, сыртқы және ішкі өміріне әсіресе, рухани – практикалық сипаттарына кері әсерін тигізетін, терең әлеуметтік-мәдени дағдарыс жүруде» – дейді Жарқын Түсіпбеков Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының докторанты.

Дағдарыс, қоғамның барлық салаларын деструктивті ақпаратпен толтырып, адамдардың күнделікті өмірдегі санасы мен мінез-құлқын өзгертумен іске асуда. Мінез‑құлықты өзгертудің жолдары, дамыған елдердің дамушы елдерге бұқаралық мәдениеттің негізінде қалыптасқан гедонистік, консюрмистік формалардыұсынып, олардың (дамушы елдердің) ежелден келе жатқан құндылықтарынан алыстататын небір қитұртқы әрекеттерді жасауда.

Д. Белл, Дж. Мартин, Дж. Грант секілді ғалымдардың пайымдауларынша «жаһандану әлемі космополитті онда ұлттық мәдениеттердің ерекшеліктеріне және екінші қыры ксеноцентристі – жалпыға бірдей, ең оңтайлы батыс мәдениетін насихаттап өзінің төл мәдениетіне немқұрайлы қарау.

Жаһанданумен космополитизм ұғымдарын Абайдың тілімен тәппіштесек. Жаһанданудың анықтамасын хакім Абайдың (Тоты құс түсті көбелек) өлеңінде: «Әркімді заман сүйремек, Заманды қай жан билемек? Заманға жаман күйлемек, Замана оны илемек» ‑яғни, «Көп айтса көнді, Жұрт айтса сенді, Белгісі надан адамның»‑ дегендей «ез адам», «надан адам», «жарым адам» өмірге келгендегі басты құндылқты ұмытып, заманның илеуінде қалатынын мензесе керек.

Абайдың қарастырған бұл мәселелерін1960 жылдары Франкфурт мектебінің өкілдері Х. Ортега Гассет, Д. Бэлл, Г. Лебон, Г. Тард, О. Тофлер және т.б. қарастырған.

Мәдени тамырынан айрылған адам психологиялық дезорентацияға ұшырайды, яғни мақсаттарына жетудің ұмтылысын реттейтін ішкі ережелері жоғалады.

Байқағанымыздай, жаһандану жағдайында ұлттың өзгеде еншісі кетпес үшін, адам капиталына барынша көңіл бөлу қажет. Және, ұлттық бірегейліктің негізін сақатау бойынша зерттеу жүргізген Д. Белл, К. Доббелерем, Ю. Хабермас, М. Велькер, Дж. Грей секілді белгілі әлеуметтанушылардыңпікірлерінше діни және діни емес көзқарастардың диалогын құрып, дін мен мәдениетті қатар дамытып және оларды заманның ағымына сай жаңартып, сол арқылы қоғамдық қатынастарға әсер етудің жолдары деп білді.

Абай қара сөздеріндегі және өлеңдерінің мазмұндары осы диалогтың негізінде қамтиды. Олай болса хакім Абай қазақтың құндылығы. Құндылық дегеніміз – әрбір ұлтты, ұлт ретінде бірегейлендіретін негізгі түп – тамырын сақтайтын және болашаққа жол сілтейтін бағдары. Абайдың құндылығы дін мен мәдениеттің негізінде қалыптасқан даналықтың жолы. ХХІ ғасырдағы проблемаларды зерттеген С. Хантингтон дін мен мәдениет ұлт пен мемлекеттің діңгегін сақтайтын күш деп білді.

Хакім Абайдың шығармасындағы басты мәселелердің бірі «толық адамның» образына жетудің жолдарын көрсететін, яғни «бір болсада жүзге татитын адамды» тәрбиелеп шығару. Абай ондай ортаны тәрбиеледі! Олар Алаштықтар! Абай туралы Ілияс Жансүгіровтың мына бір естелігіне тоқталсақ: «Тұс-тұстан жау қысып, мал мен басқа дау түсіп, дағдарып қазақ сасқан соң орысқа келіп бағынды... бұрынғы дәурен көзден бір-бір ұшты... Ұрлық, не түрлі әрекет керней бастады. Сөз сыбыр­ға, іс жыбырға айналды. Береке кетіп, азды, тозды. Сол кезде қалың надан, қара тұманды қақ жарып, бұлақтай жарқ етіп Абай туды. Ақылды дана, рақымды әділ, шынға сусаған, қыңырды жөнге, қисық­ты тезге салмақ болған, бұзықтықпен алы­сып өткен Абай еді. Қазақтың әдебиетіне жан берген, сөздің сыртынан сырлап, ішін түрлеген, өлеңнен өрнек шығарған, ақындық, сыншылдық бірдей дарыған Абай еді. Өнер тап, әрекет қыл, тәрбие ал, ынсапты, адал бол деп қақсап өткен, адам баласын бауыр тұт, адамшылыққа қызмет ет деген Абай болатын...»‑ деп, сондай қиын уақытта қазақ халқына тығырықтан шығатын жолды көрсеткен еді.

Азаматтық қоғамды, Хакім Абайдың сөзімен ашсақ: «біріңді қазақ, біріңді дос, көрмесен істің бәрі бос» ‑ дегендей, адамсүйгіштік принципіне негізделмеген азаматтық қоғамның діңгегі мықты болмайтынын көрсетіп отыр. Жалпы, азаматтық қоғам – әрбір тарихи кезеңде, құндылықтар жүйесінің мәдени дағдылары арқылы адам мен қоғамның сұранысын қанағаттандыратын мәдени бірегейлікті анықтайтын интеграциялық әдіс. Шынайы адамсүйгіштік (дінмен) ұстаныммен жүзеге аспаған азаматтық қоғам, тек жасанды формаға ие болып қалады.

«ел бұзылса құрады шайтан өрмек, періште төменшіктеп қайғы жемек....» - деген көрініске тап болады.

Абай бойынша ұлттық, азаматтық, әлеуметтік бірегейліктің мықты болуын Ю.Хабермас секілді «базисті этостан» іздейді. Абайдың шығармашылығы «Түркілік дұниетаным», «Араб – мұсылман», «Парсы», «Батыс» және «Орыс» мәдениетін синтездей отырып адамға және қоғамға тиімді жолды ұстанатын «базисті этос».

Қорытынды және ұсыныс!

Қытайдың ойшылы Конфуциде өзі өмір сүрген ортаны тура хакім Абай секілді өткір сынға алып, болашақтан үлкен үміт күткен. Конфуций өз шығармасында «Жетілген адамның» идеалын жасады және былай деген екен: «Мемлекетті басқаратын адам - шын ықыласымен мемлекетті сүюімен қатар парасатты және шыншыл болуы шарт» деген екен. Хакім Абай болса «Толық адамның» образын жасады. Ол қазақты қорғау үшін, қазақтың адамгершілігін, тазалығын, ар – ұятын, татулығын, рақымшылығын, әділдігін, имангершілігін, еңбек сүйгіштігін т.б. елдік қасиетін сақтап қалу арқылы ғана халық болып сақталатынын түсінді. Сол үшін күресті, себебі халықтың ішікі әлемін сақтау сыртқы әлемді сақтаудан оңай емес.


Кейін қарай