Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Қыркүйек, 2020

2159

ҚХА Президент Жолдауын іске асыру мәселесін талқыламақ

2020 жылғы 10 қыркүйекте сағат 10.00-де Қазақстан халқы Ассамблеясы Алматы қаласындағы Достық үйінде (Құрманғазы көшесі, 40) Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша республикалық этномәдени бірлестіктермен жиналыс өткізеді.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Қ.Түймебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары В.Божко, А.Мурадов, Ю.Тимощенко, Ш.Нурумов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі М.Әзілханов, Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Б.Мажағұлов, сондай-ақ Алматы қалалық мәслихатының депутаттары, республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен Ассамблея және ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері қатысады.

Жиналыс барысында Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі басымдықтарды, Жолдауды іске асырудағы Ассамблея мен этномәдени бірлестіктердің міндеттерін, сондай-ақ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті мен Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының қызметін талқылау жоспарланып отыр.

Онлайн қосылу үшін: https://www.facebook.com/assemblykaz/


Кейін қарай