Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Қыркүйек, 2020

54157

ҚХА Президент Жолдауын қолдайды

Президенттің жағымды Жолдауы

Жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын Жолдау халықтың болашаққа деген сенімін нығайта түсері сөзсіз. Стратегиялық маңыздылықты қамтамасыз етуге және белгілі бір уақыт аралығында нақты міндеттер мен мәселелерді шешуге бағытталған Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы қазіргі уақытта ел үшін маңызды күрделі мәселелерді шешуді көздейді.

Президенттің білім сапасын арттыру жөніндегі бастамалары ерекше қуантты. Егер Жолдауда көрсетілген тапсырмалар оңтайлы жүзеге асса, елдегі жұмыссыз жастар саны азаяды, ал жоғары кәсіби шеберлігі бар жастар саны арта түсері сөзсіз.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы білімнің қолжетімді әрі сапалы болуын қамтамасыз етудің маңыздылығы мен денсаулық сақтау саласын дамыту жайында айта келіп, отбасылық-демографиялық жағдайға және балалардың құқығы мен қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірді. Мен Президент Жолдауын қолдаймын.

Сартиф Алиев, Жамбыл облыстық «Барбанг» күрділер

этномәдени бірлестігінің мүшесі


Президент Жолдауы болашаққа сенім берді

Еліміздегі қазіргі кезеңдегі жағдайларды саралай отырып, Президент Жолдауынан көп мағұлмат алдым. Әлемдегі күрделі кезең - пандемияға қарсы күресте қиындықты жұмыла көтеруге шақырды, ахуалдың жақсаруы үшін босаңсуға жол бермеу керектігін жеткізді. Осындай ауыр кезеңде жұмыссыз қалған адамдарға көрсетілетін әлеуметтік көмектің әлі де жалғасатынын баса айтып, дәрігерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар, Президент алдағы атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Атап айтсақ, жергілікті өзін-өзі басқару мүмкіндігін қаржыландыруды күшейту, адам құқығын қорғаудағы жаңа әдістер (интернеттегі жәйттар), ішкі істер министрлігінің құрылымын қайта қарау, зейнетақы жинақтау қорынан өз үлесін пайдалануға мүмкіндік беру, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жағдайды жақсарту, ЭКО-ға квотаны 7 есеге көбейту және т.б. басты-басты мәселелер болшағымызға деген мүмкіндігімізді, сенімімізді нығайтады деп білемін.

Жолдаудағы айтылған тапсырмалардың жүзеге асуына бәріміз де үлкен жауапкершілікпен атсалысуымыз қажет.

Мустахимадан Исаинова,

Атырау облысы Жылыой ауданы

әкімі жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы

Ақтөбелік медиаторлар Жолдауды қолдайды

Мемлекет басшысы халық алдына күрделі міндеттерді жүктеді, маған ұнағаны «Аңсаған сәби» атты мемлекеттік бағдарламаны іске асыру туралы болды, әрине бұл ана мен бала мәселесіне оңды көзқарас деп есептеймін. Сонымен қатар, қашықтықтан үзбестен оқыту ісін ұйымдастыру, ұстаздардың жалақысын көбейту, еліміздің экономикалық әлеуметтік жағдайы, пандемияға байланысты қиындықтар, тұрғын үй мәселесін шешудегі қадамдар, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, ел ертеңінің жарқын болашағы сынды мәселелер көтеріліп, халықты бір серпілтіп тастады.

Жоғарыда көтерілген мәселелердің барлығы да адам өміріне тікелей қатысты, Президент Қазақстан халқын жұмылып жұмыс жасауға, жақсы өзгерістерге ден қоюға шақырды. Жолдаудың әр сөзі ел болашағымен тікелей байланысты.

Светлана БАЛПЕИСОВА, Ақтөбе облысы

аналар Кеңесінің мүшесі

Ел дамуы үшін маңызды

Президентіміздің Жолдауы халықтың ертеңге деген сенімін нығайтып, жақсылыққа бастайтын қадам. Жолдауда халқымыздың әлеуметтік жағдайы, соның ішінде тұрғын үймен қамтылуы, қамсыз зейнеткерлік, мықты медицинаға қол жеткізудің жолдарына жетуге арналған нақты шаралар жан-жақты айтылды. Осындай үкіметтің қамқорлығын көріп, бейбіт заманда өмір сүргенімізге ризамыз. Еліміздің дамуы үшін Жолдаудың маңызы зор деп есептеймін.

Светлана Жанғали,

Атырау облысы Индер ауданы әкімі

жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы

Көңілге қонымды Жолдау

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 25%-ға өседі деді. Біліміді жастар - еліміздің ертені. Ғылымға көңіл бөліп, гранттарды көбейту, мұғалім мәртебесі мен жалақысын көтеру шын мәнінде көңілге қонымды болды.

Сондай-ақ, 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы елдегі орташа жалақыдан екі есе көп болады. Пандемея кезінде дәрігерлердің жетіспеуі анық байқалды. Президентіміз осы ақсап тұрған салаларға көңіл бөліп, өз бақылауына алғаны қуантады.

Рафик Сәрсенов,

ҚХА Атырау қалалық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы

Ұрпақ алдындағы жауаптылық бәрімізге бірдей жүктелді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» тақырыбында дәстүрлі Жолдауын жолдады. Мемлекет басшысы қолжетімді әрі сапалы білім саласы туралы «Коронавирус індетінің салдарынан дүние жүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшті. Бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгертуде. Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда Үкіметтің жіберген қателіктерін жақсы білеміз. Ашығын айтқанда, әлі күнге дейін нақты бір онлайн-платформа жоқ. Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар күндіз-түні «WhatsApp»-тан бас көтермейтін болды. Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет», - деді .

Иә, жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы.

Қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі қазіргі пандемия уақытында білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен окушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуға, білімдерін онлайн жалғасыруға, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шыңдауга зор мүмкіндік алады. Оның жемісті жүзеге асуы әрқайсымызға байланысты. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Осы орайда еске түсетін жәйт, халқымыз ежелден бала тәрбиесіне көңіл бөлген, болмысынан бекзат, тумысынан текті халық. Осы тектіліктің түп негізінде ұрпақ тәрбиесі, яғни ұлттық тәрбие деген ұғым жатқаны ойға оралады. Бұл ұғым да біз үшін аса қасиетті де қастерлі .

Жер бетіндегі кез-келген халықтың өз алдына ұлт болып ұйысуына, жеке халық, егемен ел, дербес мемлекет болып қалыптасуына әйел-аналардың сіңірген еңбегі зор деп айтуға болады. Айталық, тарих қойнауына назар салып көрсеңіз, баяғы Ұмай ана, бертіндегі Айша бибі мен Абақ ана, Домалақ ана мен Қыз ене, Қасым ханның анасы Жаған бике, Тәуке хан мен Есім ханның аналары Жақсы бике, ұлы Абай тәрбиесін көрген Зере мен Ұлжан, қол бастаған Бопай ханым, ел билеген Айғаным, Ұлпан, Елбасымыздың анасы – Әлжан анамыз есімдері ел өмірінде алтын әріптермен өрнектелген. Ұрпақ тәрбиесінде оны дүниеге алып келген ананың ықпалы ерекше.

Себебі, қазақ халқы қашан да ұрпақ тәрибесіне жіті көңіл бөлген. Атаның ақылымен, ананың ақ сүтімен дарыған қасиет кешегі Абайдай дана, Шәкәрімдей ғұлама, Шоқандай шоқтығы биік тұлғаларды қалыптастырды. Бүгінгі жаһандану дәуірі осы дәстүрлі құндылықтарымызға салқынын тигізуде. Бүгінде талай отбасы бала сүю бақытынан айрылып, көптеген шаңырақтың шайқалуына себеп болатын бедеулік, белсіздік проблемасы соңғы уақытта тіптен өзекті болуда. Мемлекет басшысы дүниеге ұрпақ алып келе алмай жүрген отбасыларға қалай көмек көрсетілетінін атап өтті. Бұл қуанарлық жәйт.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Үкіметке 2021 жылдан бастап "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасын бастауды тапсырамын. ЭКО бағдарламалары арқылы квота санын жеті мыңға дейін, яғни жеті есе көбейту керек» деді. Еліміздің дамуы алдындағы барлық міндеттердің Президенттің бағыт беруімен жемісті жүзеге асырылатынына кәміл сенемін. Біз Іле ауданының аналары Президенттің Жолдауын бір кісідей қолдаймыз. Сондықтан біз де жаңаша еңбек етіп, қажыр мен қайратымызды, білімімізді жарқын іске, жақсы бастамаларға арнайтын боламыз.

М.Жабиева, Алматы облыстық ҚХА жанындағы

Іле ауданы Аналар кеңесінің төрайымы

Ерінбей еңбек ету керек!

Еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін ел Президентінің жолдауы 2020-2021 жаңа оқу жылының басталуымен қатар келуі, әрбір азаматтың ерекше назарын аударды. Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемиямен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістерін айта келіп, еліміздің әлеуметтік дамуына, ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарының сақталуына, халқымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға басты назар аудару керектігін қадап айтты. Сондай-ақ, әлем пандемияны толық жеңуі үшін кем дегенде 2 жыл мерзім уақыт керек екенін, ал қазіргі таңдағы пандемия алып келген экономикалық-әлеуметтік дағдарысты қалыпқа түсіруге 5 жыл уақыт кететіні де айтылды. Бүгінгі ел Президентінің Жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Барлық бағыттардың дамуы - ел тағдыры үшін маңызды. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа Жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей. Мен еліміздің дамуы мен жаңаруы жолында бар күш жігерімізді сала отырып, еңбек ету біздің басты парызымыз деп санаймын. Президент өз Жолдауының түйіні ретінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деген даналық сөзімен бекітті. Ел азаматтарынотанымыздың алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, терең білім алып, ерінбей еңбек етуге шақырды.

Эльмира Иманбердиева,

Алматы облыстық ҚХА жанындағы

Текелі қалалық Аналар кеңесінің төрайымы

Мектепке дейінгі балалар тәрбиесіне аса назар аудартты

Биылғы оқу жылының басына тура келген ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы білім саласы қызметкерлерінің көңілінен шықты деп ойлаймын.

Жалпы мұғалімнің мәртебесін көтеру турасында Қ.Тоқаев ҚР Президенті болып сайланғалы бірнеше рет көтергені белгілі. Міне енді білім қызметкерлерінің де әлеуметтік жағдайын жақсартуға ден қойып отыр. Бұл өз кезегінде мұғалімдерге жаңа серпін беріп, алдағы уақытта заман талабына сай, білімпаз жаңа буын мамандарды дайындауға септігін тигізері анық.

Сондай-ақ мектепке дейінгі балдардың тәрбиесіне аса назар аудартты. Шындығында да қазіргі жағдайымызда мектепке дейін баланың көңілі қызығатын, бала-бақшадан басқа, ойын алаңдары мен ізденіс үйірмелері өте аз. Егерде алдағы уақытта мемлекет осы мәселені толыққанды қарауына алатын болса бір жағынан жас баланың зияткерлігі дамып, екінші жағынан бала санының өсуіне алып келер еді.

Пандемия кезіндегі қашықтықтан оқыту - уақытша құбылыс. Сол себепті мемлекетке қолдау көрсетіп, әр ата-ананы баланың үйдегі алатын білімі мен тәрбиесіне аса ден қоюларына шақырамын.

Мадина Жүсіпбекова,

Қызылорда облыстық ҚХА ҒСТ мүшесі

Жолдау көп міндеттер жүктеді

Мемлекет басшысының кезекті Жолдауы білім күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Жыл сайын кең көлемде мыңдаған оқушылар, студенттер мен ұстаздар қауымы қатысуымен өтетін салтанатты мерекелік іс-шаралардың орнын қашықтықтан өткізілген сынып сағаттарының алмастыруы, елімізде әлемге зор қауіп төндіріп отырған пандемияға қарсы күрестің әлі де жалғасын табуда екендігін көрсетіп отыр. Осындай қиын-қыстау сәтте ел бірлігінің қаншалықты маңызды екендігіне тоқтала отырып, Президент қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу екендігін атап көрсетті.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру барысында ең алдымен, азаматтарды алаңдатқан нақты әрі өзекті мәселелерді тиімді шешуге қауқарлы болу үшін мемлекеттік басқару саласында өзгерістер енгізу қажеттігін айтты. Мемлекеттік биліктің барлық дерлік институттарын реформалау қажеттілігіне тоқтала отырып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру ісі ары қарай жалғасын табуы тиістігін атап көрсетті. Ол үшін мемлекеттік органдар тек азаматтардың күнделікті мәселесіне байланысты ғана жауап беріп қоймай, билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалогты қалыптастыру қажеттілігі айтылды. Азаматтардың әл-ауқатын шын мәнінде жақсарту үшін олардың өздерін осы іске белсенді түрде тарту бағытында жұмыс жасауымыз қажет дей отырып, Президент халықты мемлекет басқару ісіне кеңінен қатыстыру мәселесін де көтерді. Әрине мемлекет басқару ісіне араласу үлкен жауапкершілікті, білімді, біліктілікті талап етеді.

Сондықтан да халқымыздың қазіргі қалыптасқан жағдай мен ел болашағына деген көзқарастары түбегейлі өзгерісті талап етеді. Әлемді шарлаған індет пен оның зардаптары адамдардың заман талабына сай өзгерістерге үнемі дайын болып, өмірге, қоршаған ортаға, адами құндылықтарға жаңаша тұрғыдан қарау қажеттігін көрсетіп берді. Қиын-қыстау сәтте көптеген адамдар ұлтымызға тән жомарттық, бауырмалдық, жанашырлық сияқты қасиеттеріміздің озық үлгісін көрсете білді. Сонымен қатар кей тұстарда жауапсыздық пен немқұрайдылықтың салдарларының орны толмас өкінішке ұрындырғанын да білеміз. Осындай келеңсіздіктерді болдырмау үшін мемлекет басшысы ұлттық болмысымызды жаңа деңгейге көтеру қажеттігін, ал оның басында зиялы қауым өкілдері тұруы керектігін атап көрсетті. Бұл өз кезегінде еліміздің болашағы –жастарға білім мен тәрбие беру ісі сеніп тапсырылған ұстаздардан зор жауапкершілікті талап ететіні анық. Сондықтан да, біз өз тарапымыздан осы бағытта табандылықпен бар күш-қайратымызды аямастан ел сенімін ақтауға тырысамыз.

Дина Кульбаева,

Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы

Ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі

Президент жаңа қазақстандық мәдениетті дамытуға жаңа серпін беру міндетін қойды

1 қыркүйектегі Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі дамуының негізгі мақсаттарын жария етті, экономикалық айналымның әсер етуі, бірінші кезекте, ағымдағы әлемдік пандемиялық дағдарыстың ықпалы ұлттық экономиканың әлемдік немесе өңірлік дағдарыстардың келеңсіз салдарларына төтеп беруін арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру қажеттілігін айтып өткен еді. Елдің дағдарыстан кейінгі дамуы үшін жағдайлар жасайтын бірінші кезектегі шаралар іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға, елдің қаржы жүйесін нығайтуға және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға шоғырландырылған. Баяндаманың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналды, экономиканың сапалы өсуі елдің үдемелі мұнай-газ саласының дамуына ықпал ететін компанияларды жаңғыртуға, адами ресурстарды дамытуға және институционалдық базаны нығайтуға негізделеді. Әлеуметтік қорғалу, ішкі тұрақтылық және үйлестірілген сыртқы саясат мәселелері таяудағы жылдарда елдің даму басымдықтарының қатарында сақталатын болады.

Қуатты Қазақстан – бұл ең әуелі өңірлердің қуаттылығы болып саналады.Елдің болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты.Бұл үшін алдымен жаңа зауыттар көп салынып, жаңа жұмыс орындары ашылып, әлеуметтік инфрақұрылым қарқынды дамуы қажет.Бүгінде әлемнің көп елдерінде осылай жасалуда. Ең маңыздысы, Қазақстан тек ел ішіндегі экономикалық жандануды қалыптастырумен ғана шектеліп қоймай, әрқашан да күллі әлемдік қауымдастықты ғаламдық деңгейдегі сындарлы үнқатысуға шақырып келеді.

Президент сондай-ақ, белсенді, білімді және дені сау азаматтар қалыптастыру, жаңа қазақстандық мәдениетті дамытуға жаңа серпін беру міндетін қойды.

Т. Шайхиев,

ҚХА кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы,

М.Өтемісов атындағы БҚУ «Рухани жаңғыру» институтының ғылыми қызметкері

Жолдауда елдің әлеуметтік мәселесі көтерілгені көңіл қуантады

Президент Қ.Тоқаев 1 қыркүйектегі Жолдауында елдегі төтенше жағдайға байланысты халықтың тұрмыс-тіршілігі мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған мақ­саттарға қол жеткізу үшін жұмылуға шақырды. Сонымен қатар, еліміздің экономикалық әлеуетті жаңаша дамыту қажет екенін, ауылшаруашылығы мен жеке шаруашылықтарды дамыту жөнінде ерекше атап өтті.

Елімізде пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда, ал эпидемиялогиялық ахуалдың қалай өзгеретіндігін ешкім болжап айта алмайды. Сондықтан, кез келген жағдайға әзір болу керек. Ал мемлекет, ел тұрғындарына жан-жақты қолдау көрсететінін дәлелдеп келеді. Қазіргідей қиын сәтте алғы шепте қызмет еткен әрбір маман иесінің еңбегі өлшеусіз. Бүгінгі Жолдауда білім саласына, соның ішінде мұғалімдердің еңбегіне айрықша назар аударылды.

Ең негізгісі, Мемлекет басшысы ретінде терең білім алу мен темірдей тәртіпке, тиянақтылыққа, әділеттілікке үндеп, ысырапшылық пен немқұрайлылыққа жол бермеуге шақырды.

Ел игілігі үшін, болашақ үшін өз-өзімізді дамытуға көп еңбек етуіміз қажет.

Зумрад Менешева,

БҚО, Бөрлі аудандық Достық үйінің директоры

Ел Президенті жемқорлыққа қарсы күресуге бірнеше шаралар ұсынды

1 қыркүйек күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазасқтан халқына Жолдау жарияланғаны мәлім. Жолдауда қазіргідей қиын жағдайда қызмет еткен дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, еріктілерге, кәсіпкерлерге алғыс айтты. Сонымен қатар мемлекет тарапынан жасалған шараларға баса назар аударып өтті. Сарапшылардың жаһандық экономиканы қайта қалпына келтіру үшін кемінде 5 жылға дейін уақыт қажет деген болжамын тілге тиек етті.

Осы орайда, Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің жаңа болмыс-бітімі қалыптасып жатқан шақта Қазақстан да жаңа реформалар қабылдауға тиіс екенін атап өтті. Оның сөзінше, бұл бағытта Ұлт жоспарын және Бес институционалдық реформаны негізгі бағдар етіп ұстануымыз қажет. Сонымен қатар, азаматтардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасап, олардың құқығын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту үшін бірқатар шараны ұсынды.

Айтылған ұсыныстар мемлекет басшысының елді толғандырған барлық мәселені білетінін, тамыршыдай тап басатынын дәлелдеді.

Дулат Мақатов,

БҚО ҚХА «Жаңғыру» жолы жастар қозғалысынын төрағасы

Жолдауда көп мәселе қамтылды

Білім күні мерекесінде Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қарапайым халықтың əлеуметтік жағдайының жақсаруы жан-жақты қаралған. Əсіресе, өңірлік əлеуеттің арттыруына, инфрақұрылым дамуы, баспанамен тұрғындардың қамтылуы, көп балалы отбасылары мен мұқтаж жандарға қамқорлық басты жағдайда.

Батыс Қазақстан өңірінде инвестиция саласының қарқынды дамуы жіті көзделген. Білім мен ғылымның дамуында оқушы санына қарай, терең білім алуға дəстүрлі жəне қашықтықтан оқыту көзделген. Ұстаздар жалақысы арттырылып, ғылым саласын қаржыландырулың тиімді тетіктері қарастырылуда. Балалар құқығының бұзылмауы, денсаулықтың сақталуы, оқушылар қауіпсіздігі басты назарда.

Заманның қиын сынағы, əлемдік қаржы дағдарысы шағын жəне орта бизнеске салқынын тигізуде. Кəсіпкерлерді жөнсіз тексеру, оларға қасақана кесел тигізу заңнамалары оң шешілді.

Медицина саласы түбегейлі өзгерістерге толы. Жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу, пациенттердің толық жағдайын жасау, дəрігерлердің жалақысын арттыру т.б.шаралар қуантады.

Ең ауыр жұмыстарды атқаратын ауыл еңбеккерлерінің əлеуметтік жағдайын жоғарылату көзделіп, несиелік жеңілдіктер, қаржылық алаяқтықтан қорғау, халықты азық-түлік түрлерімен қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Азаматтардың құқығын сақтау, əділеттілік пен ақиқат жолын таңдауда билік пен бұқара бірлестігінің негізі - қоғамдық ұйымдар, белсенді қарапайым халық өкілдері. Өзгеріске енген заң актілерін, ұлттық қауіпсіздікті сақтау, əлеуметтік кепілдікке сүйенген əділетті мемлекет заң атқарушы ұйымдарына жаңа көзқарас қалыптастыруда.

Батыс Еуропа елдеріндегідей медиаторлар жұмысына өзгеше көзқарас қалыптастыруда құқықтық ұйымдар жұмысын реформалау арнайы комиссияның ұйымдастырылуы қуантады.

Қазақстан халқының əлеуметтік саласын сапалы өзгерістерге жетелейтін жаңа реформалардың іске асырылуына барлық қоғамдық ұйымдар, саналы Қазақстан азаматтары ат салысайық!

Ғайни Машаева,

БҚО Ақжайық ауданы Бударин ауылының қоғамдық медиаторы

Президент көптеген мәселелерді ашық сынға алды

Қ.Тоқаевтың Жолдауында білім мен ғылым саласына қатысты маңызды мәлімдемесіне тоқталғым келеді.

Азаматтардың сауаттылық деңгейі мен олардың цифрлық білімін арттыру мақсатында Үкімет үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлейтін болды. Қазіргі заман ағымында бұл құптарлық қадам. Бұл құжатта бейресми білімнің баламалы нұсқаларын белсенді енгізуді, өзіндік оқудың нәтижесін мойындауды, кәсіби дағдыларды серфикаттауды қарастылатынын айтты. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылданып, алдағы үш жылда қосымша 1,2 трлн теңге бөлінеді», - деді Президент.

Бүгінгі таңда, білім берудің онлайн режиміне көшкенімен, ұстаздардың жұмысы азайған жоқ. Өзім мұғалім болып жұмыс істегендіктен, ұстаздарға жүктелетін міндет пен жауапкершіліктің салмағын жақсы білемін. Әрине ұстаздардың жалақысын көтеріп, мәртебесін биіктетіп жатқан Президентке мұғалімдердің алғысы көп.

Мысалы, онлайн білім беруде платформалардың жоқтығы, қашықтан білім беруде қателіктер жіберілгендігі және т.б.. Мұндай оқыту жүйесі тарихта тұңғыш рет болғандықтан қателіктердің болғаны да ақиқат. Бірақ, Президенттің тапсырмасы мен осындай сын пікірлері жұмыстың алға жүруіне итермелейді.

Президентіміз айтқандай, қазір тек жаңа тарихи дәуірдің басындамыз. Келер жылы Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады.

Мен Қазақстанның болашағына, Президентіміздің реформалары мен бастамаларына кәміл сенімдемін!

Ирина Суетина,

БҚО ҚХА «Тіл мұра» қоғамдық қозғалысы төрағасының орынбасары

Жолдаудағы барлық мақсаттар орындалса дейміз

Президентіміз Жолдауында көптеген маңызды мәселелерге айрықша мән берді. Соның ішінде карантин кезеңінде білім беру саласында онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажеттігіне тоқталды. Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді тіктейтін кезеңде қолға алар ісіміздің бірі -бүгінгі ұрпаққа сапалы білім беру. Мемлекет басшысы сапалы білім алу үшін үкіметке білім берудің дәстүрлі қалпына оралу тәртібін әзірлеуді тапсырды. "Ақыл жастан, асыл тастан" деген сөзді халқымыз жастардың болашағынан үміт күткендіктен айтылған. Жолдауда Президент "Жас ғалым" жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 гранд бөлуді тапсырды. Ұлт болашағын ойлаған мемлекет басшысы жолдауда білім, ғылым саласын дамытуға ерекше мән берген.

Қазіргі таңда дауларды медиация тәртібімен реттеу кең етек алып жатқаны белгілі. Жолдауда Президент медиация аясын кеңейту керектігін де атап кетті. Жолдауда көрсетілген барлық мақсаттар орындалып,халқымыз өркендей беруіне тілектеспін.

Р. Қ. Апахаева,

ардагер ұстаз, қоғамдық медиатор

Кейін қарай