Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Тамыз, 2020

700

ҚХА он үш жыл бұрын конституциялық мәртебеге ие болды

Талдықорғанда Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Ата Заң – ел бірлігінің кепілі!» онлайн-конференция өтті. Оған Алматы облысының ҚХА-ның барлық құрылымдары қатысты.

Қазақстан Республикасының Конституциясы этносаралық толеранттылықтың қазақстандық моделінің құқықтық негізін қалады. "Біз, Қазақстан халқы..." этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздерін, этникалық және діни нанымына қарамастан барлық азаматтардың тең құқықтарын бекітті.

Конституция құрдасы – Қазақстан халқы Ассамблеясы он үш жыл бұрын конституциялық мәртебеге ие болды. Бұл жағдай этносаралық қатынастарды үйлестірудің бірегей институты мәртебесі бекітілген құрылымның дамуына жаңа серпін берді.

Конференцияны облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбайұлы Тұрсынбай бастады. Бұдан әрі негізгі заңның құндылықтары туралы облыстық ҚХА хатшылығының бас маманы Сурабалдинова Сәуле Алханқызы баяндама жасады.


Сондай-ақ, онлайн-кездесу барысында кәсіби медиатор Шынар Саинқызы Бектасова, Ұйғыр аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжахан Кәкішқызы Аликеева, тарих ғылымдарының кандидаты, ғылыми-сараптамалық топтың мүшесі Назгүл Қажымұратқызы Байғабатова, Алакөл аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Күләра Жұмжұманқызы Бектемісова, "Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы" облыстық филиалының төрағасы Зәкіржан Пірмұхамедұлы Күзиев, облыстық орыс орталығы төрағасының орынбасары Әлеуметтік-волонтерлік орталықтың басшысы Дос.KZ Котельникова Лариса Леонидовна сөз сөйледі.

Қазақстан халқы Ассамблеясы біздің мемлекетіміз бен қоғамымызды жаңғырту, Қазақстан халқының бірлігін нығайту жолында барлық реформаларды жүзеге асыруға ықпал ететін болады. Біздің еліміз ортақ құндылықтармен біріктірілген.

Кейін қарай