Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Тамыз, 2020

699

ҚХА: «Медиация. Жаңа тәсілдер» атты онлайн-дөңгелек үстел өтеді

2020 жылғы 5 тамыз күні сағат 10:00-де бірыңғай республикалық Медиация күні аясында ZOOM платформасында «Медиация. Жаңа тәсілдер» атты онлайн-дөңгелек үстел өтеді.

Дөңгелек үстел жұмысына заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚХА ҒСК мүшесі Марат Бәшімов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары Юсуп Келигов және Шерзод Пулатов, Нұр-Сұлтан қалалық сотының судьясы, татуластыру рәсімдері жөніндегі үйлестіруші Гүлжанат Рахметова, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі «Құқық» ҚҚ төрағасы Ольга Рыль және терапевт, психолог, Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі Гүлзат Асанова қатысады.

Модератор: Шавкат Исмаилов - елордалық ҚХА-ның ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, «Қырғызстан-Астана» ҚБ төрағасы.

Дөңгелек үстелден кейін елордалық ҚХА медиаторлары халыққа онлайн кеңес береді.

ZOOM cілтемесі: https://us02web.zoom.us/j/87665068581


Кейін қарай