Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Қыркүйек, 2020

20941

ҚХА мүшелері Президент Жолдауына пікір білдірді

Президент Жолдауы ел тағдыры үшін маңызды

1 қыркүйек «Білім күні» мерекесімен қатар еліміздің тарихында, жаңа бір саяси ахуал орын алып отырғаны баршамызға аян. Еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін ел президентінің жолдауы 2020-2021 жаңа оқу жылының басталуымен қатар келуі, әрбір азаматының ерекше назарын аударды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемиямен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістерін айта келіп, еліміздің әлеуметтік дамуына, ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарының сақталуын, халқымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға басты назар аудару керектігін қадап айтты. Сондай-ақ әлем пандемияны толық жеңуі үшін кем дегенде 2 жыл мерзім уақыт керек екенін, ал қазіргі таңдағы пандемия алып келген экономикалық-әлеуметтік дағдарысты қалыпқа түсіруге 5 жыл уақыт кететіні де айтылды. Бүгінгі ел Президентінің жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Барлық бағыттардың дамуы, ел тағдыры үшін маңызды. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей. Ел Президенті өз жолдауында, қарапайым еңбек адамының, зейнеткерлердің, мемлекеттік қызметкерлер мен білім-ғылым саласындағы еңбек етіп жүрген ғалымдардың, қала берді мемлекеттік басшылықта отырған депутаттар мен министрлердің, құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің әрқайсының міндетін, қызметіндегі өзгерістер мен жаңалықтарды санамалап айтып өтті. Әсіресе соңғы уақыт көлемінде денсаулық саласы қызметкерлерінің еңбегінің бағалануы керектін, әлеуметтік көмектің тағайындалуын тапсырды. Себебі пандемия уақытында алдыңғы шепте ауыр дертпен күрескен ақ халатты абзал жандар екені баршамызға белгілі. Қандай заман, қай қоғам болмасын білім алуды ешқашан шетке ысырып қойған емес. Қазіргі қоғам білімді жастардың қоғамы. Жас буынға білім беру жолында еңбек етіп жүргендіктен білім саласында болып жатқан барлық өзгерістер мен жаңалықтар менің жаныма жақын. Ел дамуындағы барлық маңызды деген мәселелерді атап айтып, шешу жолдарын ұсына келе, ел президенті өз жолдауындағы бесінші мәселе ретінде білім беру саласына тоқталып өтті. Әлем елдеріндегі пандемиялық жағдайларды ескере, еліміздегі карантиндік жағдайды қатаң сақтай отырып, білім беру саласының қашықтықтан ұйымдастырылып отырғанын, сондай-ақ қашықтықтан білім беру жүйесінің әдеттегі дәстүрлі сабаққа жетпейтініне тоқталды. Дәстүрлі жүйе бойынша білім алуға барша жағдай жасауды тапсырып отыр. Әрбір оқушы мен ұстаздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолын ескере отырып, дәстүрлі жүйеде білім беруге дайындық жұмыстарын жүргізуді де атап айтты. Қашықтықтан білім беру жүйесінде де барынша дамытылған онлайн білім беру платформаның дайындалу керек екенін тілге тиек етті. Басты назарды жасөспірімдердің спорт пен шығармашылық тұрғыда білім алуына жағдай жасауға жұмсауды тапсырды. Әрбір жас бүлдіршінге мектепке дейінгі оқу-тәрбие берілуі керектігін, балабақшалар мен мектепке дейінгі білім беру орындарын көбейту үшін жұмыс жасауды, білімді ұрпақтың ел болашағы екенін еске салды. Сонымен қатар Президентіміз жылдағы жолдауында атап айтатын тағы бір мәселе ұстаздардың еңбекақысы жайлы болды. Алдағы қаңтар айында ел ұстаздарының еңбекақысын 25 пайызға өсіруді тапсырды. Өзім де ұстаз ретінде мемлекет тарапынан жасалып отырған әрбір көмек бізді жігерлендіре түседі дегім келеді. Мен еліміздің дамуы мен жаңаруы жолында бар күш жігерімізді сала отырып, еңбек ету біздің басты парызымыз санаймын. Ел президенті өз жолдауының түйіні ретінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек», деген даналық сөзімен бекітті. Қазіргідей жаңарған жаңа заманда еліміздің әрбір азаматы жоғары білім мен табанды еңбектің нәтижесінде ғана биік белестерден көрінетіні ашық жеткізді. Ел азаматтарын, отанымыздың алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, терең білім алып, ерінбей еңбек етуге шақырды.

Эльмира Иманбердиева,

Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы

Текелі қалалық Аналар кеңесінің төрағасы

Ұлт сапасы – ел тағдыры

ҚР Президенті Жолдауында алғы сөзін жер бетін жайлаған адамзаттың көңілін алаңдатып,біраз елдерді,оның ішінде біздің елге қауіп тудырған індетке тоқталып, одан елімізді аман алып шығудың жолдарымен бастауы талай қазақстандықтардың жүрегін жылытты деп ойлаймын. Президент жолдауын біз Аналар қауымы да зор ықыласпен тыңдап, толғаныспен қабылдадық. Әсіресе, "Аңсаған сәби"бағытында әр шаңыраққа шаттық сыйлар бала сүю бақытына қол жеткізуге қолдау, балаларды қорғау- бауыр еті балаларымызды кез келген зорлық зомбылықтан қорғау өзекті мәселесі ұлтымыздың сапасын арттырудағы басты бағыттың бірі екенін, " Отбасы" бағытындағы "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы баспанаға қол жеткізуді субсидиялау, денсаулық, жер-су, экологиялық тазалық сияқты көптеген әлеуметтік салаларды дамытуға бағытталған жұмыс жоспарлары көңілден шықты. Президенттің қоғамды дамытуды жоспарлайтын агенттік жайлы ауылшаруашылығын дамытуға айрықша басымдық беруі:

"Ауыл - Ел бесігі" бағдарламасы жалғасатыны, аймақтардың дамуына еркіндік беру,т ұрғын халықтың ұсыныстарын қабылдау, ұрпақ тәрбиесінде білім сапасы мен ғылымға бет бұру өте бір жаңа бағыттар болды. Ал енді Банк қызметі, Үш тағандай сот, прокуратура, полиция қызметі, Медиацияның ұлттық сипаты және Мемлекеттік қызметшілерге жасалатын іріктеу-қысқарту реформалары өте тиімді шешім болды деп ойлаймын. Себебі, "Саны көп сапасы аз" қызметшілерден гөрі аз болса да сапалы білікті кадрлар қызмет істесе, болашақтағы сыбайлас жемқорлықсыз қызмет пен қоғамның дамуына оң нәтижесін беретініне сенім мол. "Адам баласы бір бірінен ақыл,білім,ар мінез деген қасиеттерімен озады" деп Абай айтқандай Президент Жолдауындағы әр тарау ойдан шықты. Өйткені, біз аналар әрдайым осы салалар қызмет ететін тірліктің бәрінің басы қасында жүріп, тікелей байланыста боламыз. Президент атап көрсеткен: Терең білім, темірдей тәртіп, әділдік, адалдық, ысырапшылдыққа жол бермеу, бөстекі есептік тағы басқа азаматтық ұстанымға тән адами қырлар біздің Аналар қауымының да ұрпақ тәрбиесіндегі басты ұстанымы. Сондықтан әр буынның маңдайындағы әртүрлі сынақтарға қарамастан күрделі міндет үдесінен шығу үлкен жауапкершілік жүктейді. Біз Аналар қауымы, ұлт сапасын арттыруда жаңарған, жаңғырған "Абай аңсаған азамат" тәрбиелеуіміз керек. Соған ықпал жасап,үлесімізді қоса білейік.

Бану Мукашева,

Аналар кеңесінің төрайымы

«Аңсаған сәби» бағдарламасы арманға жеткізеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады. Әлемді жайлаған пандемия елді есеңгіретіп тұрған уақытта Қазақстан халқын нақты стратегиялық дамуға бастайтын бұл Жолдауда барлық сала толықтай қамтылды. Президент еліміздегі демографиялық жағдай алаңдатып отырғанын ерекше атап өтті. Соның ішіндегі «Аңсаған сәби» жобасы бала сүйе алмиай отырған отбасыларға шын қуаныш сыйлары анық.

Гаухар Төлепова,

Шымкент қалалық «Ынтымақ»

этносаралық мәдени орталығы

қоғамдық бірлестігінің төрайымы

Жолдау болашағымыздың іргесін нықтауға міндеттейді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жария еткен Жолдауын Қазақстан халқымен бірге өзбек этносының өкілдері де ерекше ықыласпен қабылдады.

Президенттің ел даму үшін жасалатын қадамдарды қадап тұрып айтуы жұртшылықтың көңілінен шықты. Бір сөзбен айтқанда, Жолдау өзіндік нақтылығымен, ұғынықтылығымен ерекшеленді. Осыған дейін қабылданған маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен саяси құжаттардың жалғасы болып табылатын бұл жолғы Жолдау ұстаздар мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне ерекше екпін берді.

Қ.Тоқаев мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту жайына кеңінен тоқтала келіп, баға тұрақсыздығына сын айтты. Жергілікті билік қызметінің тиімділігін тікелей бағалау бастамасын көтерді. Ауыл әкімдерін сайлау арқылы анықтайтын кездің де келіп жеткенін айтты.

Біз осы Жолдау міндеттері орындалып, қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау, инфрақұрылымды дамыту, баспана мәселесін шешу сынды тегеурінді басымдықтар жүзеге асқан жағдайда елдің тұрмысы түзеліп, жағдайымыздың жақсаратынына сенеміз.

Жолдау болашағымыздың іргесін нықтауға міндеттейді. Ендеше қуатты Қазақстанды бірге құрып, елдің әл-ауқатын жақсарту жолында жемісті жұмыс істеп, ерінбей еңбектенейік.

Тахиржан Хакимбеков,

Шымкент қаласы өзбек ЭМБ төрағасы,

қалалық ҚХА жанындағы

Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі

Жолдауда жаңа экономикалық бағыттар айқындалды

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев алтыншы шақырылымдағы Парламенттің 6-сессиясына қатысып, Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын жариялады.

Саяси құжатта Президентіміз жаһандық пандемия жағдайында алдыңғы сапта тынымсыз еңбек еткен мамандарға алғыс айтты. Сондай-ақ, басты міндеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақталықты сақтауға бағытталатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы Жолдауда «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны» негізгі бағдар етіп, ұстануымыз қажеттігіне айрықша тоқталды.

Қоғамда көптен бері талқыланып келе жатқан жерге байланысты жеріміздің шетелдіктерге сатылмайтынын мәлімдеп, ел Үкіметіне ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеу бойынша нақты тапсырма берді.

Мемлекет басшысы Қазақстанның экономикалық бағыты 7 негізге сүйену керектігін меңзеп, экономика халықтың әл-ауқатын жақсартуға жұмыс істеуі тиістігіне тоқталды. Президентінің айтуынша, игілік пен міндетті тең бөлу, жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі, жаңа кәсіпкерлерге арналған нарықты қалыптастырып, әділ бәсекелестікке жағдай жасау – негізгі бағыттар қатарында болмақ. Сонымен қатар, өндірісті арттыру, күрделі әрі технологиялық экономикаға иек арту; адам капиталын дамытып, инвестиция мен білімнің жаңа түрін қалыптастыру; экономиканы жасылдандырып, қоршаған ортаны қорғау; мемлекеттің негізделген шешімдер қабылдап, қоғам алдында сол үшін жауап беруін қамтамасыз ету – басымдықтар қатарына кіреді.

Қоғамда қордаланған түйткілді жайттар мен олардың шешу жолдары туралы айтқан Президентіміз барлық саладағы түйіндердің жүйелі тарқалатынын жеткізді. Қ.К.Тоқаев: «Ішкі жалпы өнімнің абстрактілі өсімімен жұртты қуанта алмаймыз. Халыққа тұрақты жұмыс орындары, қолайлы жол, ауруханалар мен мектептер, сапалы азық-түлік керек. Экономикалық реформалар азаматтардың табысын арттырып, тұрмыс сапасының жоғары стандартын қамтамасыз еткенде ғана өзін-өзі ақтап, қолдауға ие болады. Осыны әрдайым есте ұстауымыз қажет», деді.

Ендеше, ел тұрғындары Мемлекет басшысы межелеп берген бағытты нық ұстап, экономикамызды жақсарту жолында жұмылған жұдырықтай жинақы жұмыс істеуіміз қажет. Әсіресе, жеті экономиалық негізге сүйеніп, сенімді әрекет еткеніміз абзал.

Латипша Асанов,

Шымкент қалалық «Ахыска»

түрік этномәдени орталығы

қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Дағдарыстан алып шығатын айқын басымдылықтарды нақты көрсетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаев Қазақстан халқына арналған екінші Жолдауы нақты қай салада еңбек өнімділігін артыру керек екенін айқындап берді.

Еңбасты сала «Агро» бизнесті қолға алу, екіншісі «Жер шетелдіктерге сатылмайды».

Жалпы агро бизнесті қолдау мақсатында инвестиция тарту керек деп, қадап айтты. Арго салада елімізде мамандар тапшылығы сезілуде.

Жалпы алғанда «Жас ғалымдарды» қолдау мақсатында қосымша 1000 грант бөлуді тапсырды.

Ауылдық округ әкімдерін келесі жылдан бастап жергілікті халық сайлайды, ол үрдіс облыстық деңгейге көтеріледі деп сенемін.

Заман талабы көрсетіп отыр, елімізде Қоғамдық мариторинг саласын қолға алу керек, және қосымша өз ойым ұлттық сенім кеңесі сияқты, барлық деңгейдегі әкімдіктер жаныннан ұлттық кеңес ашуды ұсынамын, ол біріншіден жергілікті бюджетті қай салаға басымдылық беру керек екенін айқындайды, жәнеде қадағалау мақсатында өте қолайлы болмақ.

Жалпы елімізде мұғалімдер мен дәрігерлерді қолдау мақсатында 2021 жылы 1 қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысын 25% көтеруді, және 2025 жылға дейін дәрігерлердің жалақысы экономикалық деңгейден 2 есе болып керек деп нақтылап айтты.

2025 жылға дейін елімізде 20 Аурухана салуды тапсырды.

Жалпы бүгінгі жолдау дағдарыстан алып шығатын айқын басымдылықтарды нақты көрсетті.

Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын.

Тимур Пак,

Шымкент қаласы корей этномәдени

бірлестігі жанындағы "Жастар қанаты"

ұйымының төрағасы

Жолдаудың міндеттерін іске асыру үшін Қазақстан халқын топтасуға шақырамын

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында экономиканың өсуіне қатысты бірінші кезектегі басымдықтарды белгіледі. Ол ел экономикасын қалпына келтіру, саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы реформаларды жалғастыру мәселелеріне тоқталды.

Жолдау халық пен елдің ең маңызды, өзекті проблемаларына жауап беретін ерекше мәнге ие болды.

Президент елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын әлеуметтік әділеттілік, тиімділік және бәсекеге қабілеттілік басымдықтарына негізделген сапалы жаңа вектор мен дамудың жаңа қағидаттарына шығару жөніндегі іс-қимылдың тұтас стратегиясын белгіледі. Жолдау Қазақстанның тыныс-тіршілігінің негізгі салаларын реформалаудың барлық басты бағыттары бойынша нақты тапсырмаларды қамтиды.

Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдай отырып, Мен бұл Жолдау бүкіл халық үшін қуатты жұмылдырушы бастама болатынына сенімдімін. Бүгінгі Жолдаудың міндеттерін іске асыру Қазақстанның дамуындағы ауқымды серпіліс үшін мүмкіндік болады деп ойлаймын. Мен Қазақстан халқын Мемлекет Басшысы Жолдауының міндеттерін орындау үшін топтасуға және бірге тұрақты, гүлденген Қазақстан құруға шақырамын.

Натиг Ибрагимов,

«Шымкент қалалық әзербайжан мәдени орталығы»

қоғамдық бірлестігі

Жастарды жігерлендірген Президент Жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады. Жолдауда өте маңызды мәселелер көтерілді. Мемлекет басшысы, экономика, әлеуметтік, саяси салаларға қатысты алдағы басымдықтарды айқындап берді. Президентіміз экономикалық өсімді қалпына келтіру, халықтың әл-ауқатын арттыру, құқық қорғау жүйесін әрі қарай жаңғырту, саяси реформаларды жалғастыру мәселелеріне жан-жақты тоқталып Парламент пен Үкіметтің алдына нақты міндеттер қойды.

Жолдаудың басым бөлігі дағдарыстан кейінгі кезеңдегі экономикалық және халықтың әлеуметтік мәселелеріне арналды. Халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге кешенді жоспарлар мен іс-шаралар құрылатынын және пандемиямен күресуге 1 трлн. теңге қаржы жұмысалатынын айтты. Ауыл шаруашылық кешенін дамыту үшін тез арада Үкіметке жоспар құруға тапсырма берді. Жоғары оқу орындарында жастардың салауатты өмір салты мен шығармашылығына ерекше көңіл бөлу керектігін айтты. Ауылды жерде, облыстарда спорт кешендерін, балалар үйірмелерін ашуға тапсырма берді.

Сондай-ақ бұл құжатта Президент ғылым саласын дамытуға ерекше назар аударғанын байқауға болады. Үкіметке әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін және «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсырма берді. Президентіміз ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артып отыр. Ел азаматтарына алдағы келе жатқан реформаларға дайын болып, күш-жігерін аямай, еңбек етуге шақырды.

Мен Президент белгілеген саяси шешімдерді толықтай қолдай отырып, ондағы негізгі міндеттерді іске асыруға қолымнан келгенше үлес қосатын боламын.

Ә.Әбілқасым,

Шымкент қалалық ҚХА жанындағы

«Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшісі

Алға қойған Президентіміздің мақсаты көп

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын толығымен тыңдадым. Он бір бөлімнен тұратын мемлекеттің алдағы болашаққа арналған жоспары əрине, көңілге үміт сыйлағаны рас. Үлкендерді мазалайтын халықтың əлеуметтік жағдайы, болашақ ұрпақтың ертеңі, сонымен бірге жер, тіл мәселесі екені айдан анық.

Президентіміз «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасындағы тұрғын үй мәселесін шешу жолдарын айта келе, жұмыс жасап жүрген азаматтар мен азаматшалар зейнет қорында жиналған қаржының бөлігін қолдана алатындығын, бүгінгі таңда көп балалы аналарға, мүгедектерге арендалық үй салуды көбейту керектігін атап өтті. Маған ұнағаны ауылды жерде ірі кəсіпкерлерге төмен төлемді жер үй салуды қолға алуды ұсынғаны. Қоғам болып интернет бетінен тұрмай қалған жастарымызды еңбекке баулу, спорттық үйірмелер, клубтар ұйымдастыруды, қол жетімді сапалы білім, онлайн оқу жүйесін жөнге келтіру, елді-мекендегі дәрігерлік фельдшерлік мекемелердің халыққа қызмет көрсетуін жергілікті басшылыққа жүктеді. Ауыл əкімдерін болашақта халық өзі сайлап ала алатындығын дұрыс шешім деп білемін. Еліміздегі белең алған жемқорлықпен күресті талдай келе жалғыз ғана ішкі істер мекемесінің қызметкерлері ғана емес, өзін ҚР-ның азаматымын деген кісіде өзінің үлесін қоса алатындығын айтып өтті. Адам құқығының аяққа басылмауын, қатаң ретімен заңға сəйкестендіре отырып шешілетін əр іске мұқият қарауларын, сонымен бірге сотқа барған əр істерде шикіліктің көп екенін, сот шешімін аяқ астында шығара салатындарын қадап айтты. 2021 жылдан бастап қос азаматтығы бар қызметкер жұмыстан босатылатыны туралы айтып өтті. Еліміздегі адам саудасының көлеңкелі жағын ашу жұмысын жолға қою мақсатында қоғамдық келісім кеңесінің, көмегіне жүгіну керектігін, сонымен бірге саяси реформаларға халықты қатынастыру керектігін айтып өтті.

Он бірінші бөлімдері Ұлтты жаңа болмысын құру керетігін, ол үшін ел, азамат мүддесін қорғау басты мақсатымыз деді.

Білімсіздік, популизм қазақтың басты дауы деді, Президент. Сөз соңында Ахмет Байтұрсыновтың: білімді болу үшін, білім керек, ақылды болу үшін, оқу керек, күшті болу үшін, ауызбіршілік керек деген дана тілегімен аяқтады.

Иə, алға қойған Президентіміздің мақсаты көп. Сол ірі, халық игілігі үшін құрылған жоспарларының орындалуына өз қара басым шын жүректен тілектеспін.

Күләш Рақымжанова,
Зеренді ауданы Аналар кеңесінің төрайымы

Жүйелі саясат – мемлекет тұрақтылығының негізі

Қазақ халқы 30 жыл бұрын ата-бабаларының ғасырлар бойғы арманын орындай отырып, тәуелсіздігін жариялады. Осы жылдар ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі тұрақты және беделді мемлекетке айналды. Берік бірліктің арқасында өз тәуелсіздігімізді нығайтып, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін әрқайсымыз жанымызды салып тұрып харекет еттік. Бұл уақыт жасампаздық пен прогресс, бейбітшілік пен келісім кезеңі болды.

Біздің даму жолымыз бүкіл әлемде қазақстандық модель немесе Назарбаев моделі ретінде таныла білді. Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін арттыруға, елді дамудың сапалы жаңа деңгейіне шығаруға әлі де мүмкіндіктер беріліп отыр.

Жолдаудың барлық тармақтарын мұқият қарап оқып шықтым. Барлық әрекет халықтың - қазақ елінің әл-ауқатын жақсартуға арналған тиімді жобалар.

Біз бұл мақсат-міндеттерге Елбасы саясатының сабақтастығын қамтамасыз ете отырып және жүйелі реформалар жүргізе отырып қол жеткізе аламыз деп ойлаймын.

–«Бүгінде мемлекеттік органдар мақсаттарды жүзеге асыру үшін тиісті жұмыстар жүргізуде. Мен халыққа берілген уәделерді міндетті түрде орындаймын. Біздің жұмысымызда Елбасы әзірлеген бес институционалдық реформа мен Ұлт жоспарын толық іске асыру қажеттілігін негізге алған жөн», - деп, өз ойын жеткізген Президентіміз мемлекетіміз бен халқымыздың мүдделерін ескере отырып, біртіндеп және ұдайы жүзеге асырылатынын да атап көрсетті. Қай тармағын алып қарасақ та, жолдауда мемлекетімізде жүйелі саясаттың болуы жөніндегі мақсат-міндеттер маңызды орын алған. Жүйесіз саясаттың ішкі саяси жағдайдың тұрақсыздануына және тіпті мемлекеттіліктің жоғалуына әкелетінін айта кеткен. Сондықтан біз саяси реформалардың дәйекті, табанды және ойластырылған түрде жүзеге асырылуына атсалысу керекпіз.

Саяси жүйенің дұрыстылығы мемлекет тұрақтылығының негізі болып табылатыны барлықтарыңызға аян. Сондықтан да болар, Президентіміздің ұқыпты саясатын толығымен қолдаймын және үкіметке берілген тапсырмалары мен алға қойылған мақсаттарының орындалуына тілектестігімді білдіремін!

Амир Халиков,

Жамбыл облыстық «Айнұры» татар-башқұрт

этномәдени бірлестігінің төрағасы

Жолдауда жас ұрпақтың оқуына, үздіксіз білім алуына ерекше тоқталды

Бәсекеге төтеп бере алатын ел боламыз десек, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында білімді, ғылымды жетілдіру мәселесі толық айқындалған. Жолдауда көрсетілген ел экономикасын және ел басқаруды түбегейлі өзгертудің қажеттілігін өмірдің өзі талап еткендігін айта келе, Президент біздің болашақ дамуымыз жан -жақты сарапталған өзгерістер жасауға байланысты деп көрсетті. Соңғы жарты жылдағы әлемдегі індет, дағдарыс біздің әлсіз жақтарымызды ашық көрсетті. Жолдауда соның орнын толықтыруды ұсына отырып, жас ұрпақтың оқуына, үздіксіз білім алу және ғылым саласында жетістіктерге жетуіне барлық жағдайды жасаудың маңыздылығына ерекше тоқталған.

ХХ ғасырдың басында Алаш зиялылары Ресей империялық -отаршыл үкіметінің өзіне де петиция жазып талай іргелі ұсыныстар жасап, сол кездегі Думада қазақтың жер, оқу, дін т.б. стратегиялық мәселелерін дұрыс талқылауға қол жеткізген еді. Ал бүгін мемлекеттік-ұлттық маңызды мәселелерді шеуде халық пікірімен санасатын, халықты тыңдай білетін билік болсын "дейтін ұстанымына берік Президент , халықтың петиция жазу арқылы маңызды ұлттық шешімдер қабылдауда тікелей атсалысуы қажет " деген пікірін біз өте дұрыс деп санаймыз.

Тарих сабағынан тағлым алу тек жақсы нәтижеге жеткізеді. Сонымен қатар, Жолдаудың бірінші қырқүйек жаңа оқу жылының басталау күнінде жариялануы "Ел болам десең бесігіңді түзе" деген тарихи тұжырымға мән бергендіктің белгісі деп санаймыз.

Сондықтан, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарихшы ұстаз ғалымдары, Ел Президентінің жаңа экономикалық,саяси және әлеуметтік жағдайға байланысты ел тағдырын жан-жақты талдап, дамудың стратегиясын көрсеткен осы Жолдауын қолдай отырып ,оны іске асыру үшін барлық біліміміз бен тәжірибемізді жұмылдырамыз!

Нұрсахан Бейсенбекова,

тарихшы, "Тұлғатану" ғылыми орталығының басшысы,

облыстық ҚХА Ғылыми - сараптама тобының мүшесі

Ел Президентінің Жолдауы қоғамда ерекше серпіліс тудырады

Қазақстан халқы Ассамлеясымен қоян-қолтық жұмыс жасап жүрген медиаторлар қауымдастығы үшін Жолдаудың маңызы зор.

Президентіміз өзінің Жолдауында көп жағдайда даулы мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін халықпен тиімді кері байланыс орнату- қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары болуы қажет екендігіне назар аударды.

Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының басты бағыттарының бірі болып саналатын қоғамдық келісімді нығайту мәселесі де Жолдаудың назарынан тыс қалмады.

Осы орайда, қоғамымыздың– бүкіл қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесіне айналған ұлтаралық келісімді, алуан түрлілігімен ерекшеленетін, ғасырлар бойы қалыптасқан бірлігімізді нығайту мәселесінің, ұлтаралық қатынас тіліне айналуға тиісті мемлекеттік тіліміздің ролінің Жолдау негіздерінің бірі болуының мағынасы зор деп ойлай мын.

Сот шешімдерінің сапасын арттыру мәелесінде атқарылуға тиісті маңызды шараларға басымдық беріп, соттарда шешілетін дауларды шешудің балама тәселдерін қолдануға мән беруі еліміздің медиаторлар қауымдастығының ортасында тың серпіліске, зор қолдауға ие болды деп ойлаймын. Қолданысқа енгеніне 10 жылдай уақыт болғандығына қарамастан, мемлекеттік органдардың өкілдері тарапынан тиісті көңіл бөлінбей келе жатқан осы түйінді мәселе енді шешімін табатынына күмән жоқ.

Құқық қорғау жүйесін толық реформалаумен қатар, қоғам игілігіне жұмыс жасап жүрген қайраткерлердің назарынан тыс қалмайтын отбасы және бала құқығын қорғау,тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселесі, жасөспірімдер арасында көбейіп кеткен суицид мәселесімен мақсатты түрде айналысу жайындағы басым бағыттар кез келген ата-ананың көңілінен шықты деп ойлаймын.

Жолдауда азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттер мен оқушылардың волонтерлік қызметке қатысу аясын кеңейту, олардың бойында белсенді өмірлік ұстанымдарға қатысты дағды қалыптастыру жайындағы бөлігі де ел ішінде игі істер жасаумен қанағат тауып жүрген еріктілердің шабытын арттырары сөзсіз.

Сондай-ақ, Президентіміздің Үкіметке еліміздің зейнетақы жүйесін дамыту мәселесін қамти отырып, жұмыс істейтін азаматтар өздерінің зейнетақы жинағының бір бөлігін белгілі бір мақсатқа, соның ішінде баспана сатып алуға немесе білім алу үшін пайдалану мәселесін жыл соңына дейін пысықтау туралы ды тапсырма беруі көңіл құптарлық.

Қасым-Жомарт Кемелұлы жолдауының орындалуына қатысты жүрегі елім деп соққан әр азаматқа зор сенім арта отырып, татулық пен тұрақтылықты негізге алып, айнымас қағидамызға айналған асыл қасиеттерімізден айнымай ортақ шаңырағымыз-Қазақстанды өркендетуге үлес қосуға шақырды және тиісті қолдау табатыны хақ.

Бұл жолдау мерейлі мекеніміз-Қазақстан мемлекетін биік белестерге жетелейді деп сенемін.

Света Шардарбекова,

Қарағанды облысы кәсіподақтар

Орталығы жанындағы Татуласу Орталығының басшысы

«Zolotaya seredina-SM»

ҚБ Президенті тренер-медиатор

Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтып өтті. Сонымен бірге мемлекет басшысы пандемия мемлекет үшін сынақ кезеңі болғаны жайлы сөз қозғап, еліміздегі ахуалдың жақсаруы босаңсуға себеп болмауы тиіс екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауы барысында қазіргі күрделі жағдайда ел алдында тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұратылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу екенін айтты.

Жедел шешім қабылдау көп ресурсты қажет ететіндіктен, Стратегиялық жоспарлар мен реформалар агенттігін құру туралы шешім қабылданды. Ол тікелей Президентке бағынады, - деді ол.

Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндет – өнеркәсіптік әлеуетімізді толық пайдалану, ол үшін қара және түсті металлургия, мұнай химиясы, көлік құрастыру және машина жасау, құрылыс материалдары мен азық-түлік өндіруді дамыту екені айтылды. Ол үшін өнеркәсіп саясаты туралы бірізді заң жыл соңына дейін әзірленетін болады. Тағы бір маңызды мәселе – келер жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша, Жер кодексінің кейбір нормаларына қатысты енгізілген мораторий күшін жояды, ал жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Ол үшін үкімет пен бизнеске АӨК-ні дамытудың 5 жылдығына арналған жаңа ұлттық бағдарламаны әзірлеуді тапсырылды.

2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің жалақысы 25%-ға дейін өсіруді, сонымен қатар 6 жасқа дейінгі балаларды мектептке дейінгі біліммен 100% қамтамасыз етуді тапсырды. 2-жартыжылдықта медицина қызметкерлеріне ынталандыру үстемеақыларын төлеуге 150 миллиард теңге бөлінеді, - деді Президент.

Сондай-ақ, елдің бәсекеге қабілеттігі қарқынды инфрақұрылымдық жобалардың есебінен өсіп, 2025 жылға дейін 24 мың шақырым жол қайта жөнделіп, барлық республикалық жолды сервиспен қамтамасыз ету керектігі сөз болды. Шағын және орта бизнеске қосымша көмек көрсетіледі. Қоғамдық бақылау туралы заң қабылданады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы кезінде еліміздің жаңа экономикалық бағытының басты жеті қағидатын атады.

Біріншіден – міндеттер мен игіліктер әділ бөліну қажет.

Екіншісі – жеке кәсіпкерліктің басты рөлі,

үшінші – әділ бәсекелестік, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін жаңа нарықты ашу,

төртінші – өндіріс көлемін арттыру.

Бесінші – адам капиталын дамыту, білім берудің жаңа түріне инвестиция құю,

алтыншы – қоршаған ортаны жасылдандыру экономикасы,

жетінші – мемлекеттің басты мәселені шешуі мен соған қоғам алдында жауап беруі.

Оның ішінде біз бәсекелесе отырып, өзіміздің нағыз әлеуетімізбен еңсеруіміз керек, - деді ол.

Аймақтарды бюджеттен қаржыланжыру моделін әзірленуі , жергілікті бюджеттерді бекіту барысында бақылауды күшейту керектігі де сөз болды.

Жолдауда Президент халыққа тұрақты жұмыс орындары, қолайлы жол, ауруханалар мен мектептер, сапалы азық-түлік керек. Экономикалық реформалар азаматтардың табысын арттырып, тұрмыс сапасының жоғары стандартын қамтамасыз еткенде ғана өзін-өзі сақтап, қолдауға ие болады. Осыны әрдайым есте ұстауымыз қажет, - деп атап өтті. Жолдау еліміздің алдағы уақытта қай бағыта қалай дамуы жөнінде нақты бағыттарды атап көрсетті.

Біздің ендігі міндетіміз осы Жолдауда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру жолында аянбай еңбек ету болмақ.

Орынбек Айтбенбетов,

Приозерск қаласының Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы

Маңызды атқарылған істер мен алдағы күрделі міндеттер толық баяндалды

Мынау бұраулы, бұрандалы, бұлтың дүниеде, шытырманды, шиманды өмірде тілмен байлағанды қолмен шешу мүмкін емес екені ақиқат. Дегенмен, «Кемер белбеу- бел сәні, кемел жігіт - ел сәні» демекші, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған бүгінгі жолдауында еліміздің толық ахуалы туралы аса маңызды атқарылған істер мен алдағы күрделі міндеттер толық баяндалды деп есептеймін.

«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауының басты мақсаты мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, жаңа заман талаптарына сәйкес экономикалық даму, шағын және орта бизнесті, қаржы секторын, өңірлік даму және қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын одан әрі дамыту сынды мақсаттарға қол жеткізу екендігіне бүгінгі Президенттің сөздерін тыңдай отыра бәріміз куә болдық. Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отырғандығы аталып өтілді. Сонымен қатар, Президент атап өткен жаңа экономикалық дамудың жеті қағидаты мемлекет тарапынан дәйекті шешімдер қабылдауды және сол үшін қоғам алдында жауапты болуды көздейді.

Әсіресе, қолжетімді әрі сапалы білім беруге және де әлемге зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күресте зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетіп келе жатқан Денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуға арналған бөлімдер алда ауқымды жұмыстар жүргізілетіндігінің негізі. Халықтың әлеуметттік әлеуетін одан әрі арттыру яғни, тұрғын-үй мәселесін шешу бойынша «5-10-25» бағдарламасының осы жылдан бастап жүргізіліп келе жатқандығын және 2021 жылдың өзінде БЖЗҚ-ның 700 мың салымшысы өз жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге немесе қаржы компанияларын басқаруға беру үшін пайдалана алатындығын айқындады.

Алайда, осындай табыс пен тұрмыс сапасы жоғары мемлекет құру үшін бәрімізге жоғары жауапкершілік пен темірдей тәртіп қажет. Алаш зиялысы Ахмет Байтұрсынұлының осы орайда, білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек, деген сөзі Қ.Ж.Тоқаевтың жолдауда атап өткен мемлекеттік саясаттың жаңа бағыттары еліміздің дағдарыс жағда йында одан әрі дамуына зор үлесін тигізеді деген сенімдемін.

Жаңбыршы Тілеуғабылов,

Рудный қаласы ҚХА Қоғамдық Келісім Кеңесінің төрағасы

«Еліміз өркендеп, халқымыздың әл-ауқаты артады деген сенімдемін»

Мемлекет басшысы Жолдауында отбасылық-демографиялық салада жаңа саясат басталғанын жариялады. Бұл сала Жолдаудың негізгі объектілерінің бірі. Бұл ретте, арнайы бағдарлама қабылданып, оның тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар нақты да нəтижелі орындалса нұр үстіне нұр. Мемлекет басшысының еліміздегі демографиялық ахуалды дамытуға көңіл бөлгені құптарлық іс, халық санын көбейту, балалардың мүддесін жəне денсаулығын сақтау қажет, саналы да, сауатты, салауатты ұрпақ - жарқын болашақ кепілі.

Президент Жолдауында əлеуметтік-экономикалық жəне отбасылық қатынастар саласындағы мəселелер жауапты мемлекеттік органдар мен жауапты лауазымды тұлғалар жұмысының тиімділігімен бағаланады деп көрсетті. Еліміз өркендеп, халқымыздың әл-ауқаты артады деген сенімдемін.

Бақытжамал Қалтаева,

Арқалық қаласы Аналар кеңесінің төрағасы

Жолдауды толық қолдаймын

Әлемді әлекке салған пандемия - мемлекет, қоғам, адамзат, тіршілік жайлы ойларды сапырылыстырып жіберді. Басты құндылықты бағамдау қиын болды. Ел есеңгіреп тұрғанда Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауын тыңдай отырып дер кезінде айтылған мемлекеттік ой, пікір, ұсыныстарға сусындадық. Ең бастысы Президентіміз алда мемлекет, қоғам, әрбір Қазақстандық не істеуі керектігі туралы, басты мәселелер жайлы анық тапсырмалар берді.

Мемлекетіміздің басқару жүйесінің стратегиясын айқындап, талдап, сараптап отыратын жүйе қажеттілігі айтылды. Бұл мемлекетті монобасқару емес халықтық, демократиялық, ғаламдық ағым үрдісінде болуға мүмкіндік тууда.

Сонымен қатар халықтың әл – ауқатын көтеру, еңбекпен қамту, үй - баспанамен қамтамасыз ету, жемқорлықпен күресу, электронды қарым – қатынасты арттыру жолдары нақтыланды.

Ауыл шаруашылықты субсидияландыру, өнеркәсіпті жан – жақты дамыту жолдарын белгілеп, көлеңкелі бизнестің және кредит алудың құйтырқы жолдарын ауыздықтау керектігі туралы Үкіметке тапсырмалар берді.

Президентіміздің Жолдауы халықта үлкен рухани серпіліс тудырды.

А.Қабылбекова,

Түркістан облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ – і жанындағы

Сайрам аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы

Білімді жастар жарқын болашақ кепілі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы бүгінгі мемлекеттік басқару жүйесін жедел түрде өзгерту керектігін айтты. Билікке тың ойы бар, жалындап тұрған жастарды тарту қажет. Шенділердің жұмысы енді балдық жүйемен бағаланады. Осалдық танытқаны қызметінен кетеді. Ал белсенділерінің айлығы көбейеді – деп жалынды жастарға тағы үлкен серпін берді. Жолдау – жастардың бойында азаматтық позицияны арттырып, патриоттық сезімді оятты, жастарды осы қоғамға бейімдеп, келешекте өзінің отанына, қоғамдағы әлеуметтік жағдайларға бей-жай қарамай оған өзіндік үлесін қосуға шақырды. Қазақстанды «Мәңгілік ел» болуға лайықты деп халыққа жылылық пен сенім сыйлады!

Қайнар Қалдыбай,

Түркістан облыстық ҚХА жанындағы

Ғылыми сарапшылық топтың мүшесі

Халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға көңіл бөлінетіні қуантады

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз жолдауында мемлекетіміздің экономикалық әлеуметін көтеру мәдени рухани дамуын жетілдіру халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту мәселелеріне барынша назар аударылды. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі құрылып еліміздің жақсы өркендеп дамуының көрсеткіштерін нақтылап жасау жүзеге асырылды. Мемлекеттік қызметкерлердің саны екі жылға 25%-ға қысқарып, олардың жалақысы көтеріліп, жауапкершілігін арттыру мәлесі қозғалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күшейтіліп, құқық қорғау және сот саласында реформалар жүргізу қылмыстың алдын-алу бұзақылыққа жол бермеу мақсатында полиция, прокуратура сот қызметкерлерінің міндеттерін нақтылау туралы айтылды. Білім және медицина саласын реформалау материалдық техникалық базасын жақсарту қызметкерлердің жалақысын жоғары деңгейге көтеру дұрыс шешім деп ойлаймын. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға байланысты әлеуметтік кодекс қабылдау қажеттілігін айтып өтті. Жолдауда қоғамдық кеңестерінің жұмыстарын жетілдіру заң жүзінде мәртебесін бекіту туралы айтылып, жергілікті жерлерде тұрғындардың кез-келген мәселесінің дұрыс шешуіне белсенді қатыстыру сөз болды. Көптен көтеріліп келе жатқан жергілікті әкімдіктер бүкіл халықтық сайлауды келесі жылда жүзеге асыру мәселесін көтерді. Президент Жолдауын толығымен қолдаймын. Баршаңызды осы Жолдауды жүзеге асыруға шақырамын.

Қыстау Ілесов,

Шардара аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы

Жолдауда қамтылған барлық мәселелер ел келешегінің кемелденуіне сеп бола алады

Кемеңгер көшбасшы өз Жолдауында сан саланы қамтып, түсінікті тілмен жеткізе білді. Әсіресе, басымдық бергені дәл бүгін оқу жылының басталған тұсында оқушыларға қолжетімді әрі сапалы білім беріп, қашықтықтан оқыту жүйесі қолға алынғандығы. Дегенмен, біздің мемлекет әлі онлайн платформаға дайын емес екендігін тілге тиек етті. Бұл ретте алдағы кезеңде арнайы бағдарлама әзірленетіндігін де жеткізді. Ал, оқушылардың қашықтықтан білім алуы - санитарлық талаптарды сақтау мен ұрпақ денсаулығының жақсаруына негіз болады. Жолдауда қамтылған барлық мәселелер ел келешегінің кемелденуіне сеп бола алады.

Сарманбай Сапаров,

«Ахыска»Түрік этномәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің

Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы

Президенттің әр сала бойынша әрбір тапсырмасы еліміздің дамуына бағытталды

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйекте жолдаған Жолдауын ерекше ықыласпен тыңдап шықтым. Президенттің әр сала бойынша әрбір тапсырмасы еліміздің дамуына бағытталды.

Жолдаудан көңіліме ерекше қонғаны Президент Қ.Тоқаевтың 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» жобасын іске қосуды тапсыруы «Аналар кеңесінің» төрайымы ретінде менің көңіліме ерекше қонды. Бұл сәби сүйе алмай жүрген отбасылар үшін дұрыс шешім болды деп есептеймін. Президент барлық ауылдық елдімекендерді фельдшерлік-акушерлік пунктілермен және дәрігерлік амбулаториямен қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл өз кезегінде Қазақтан халқы санының өсуіне оң әсерін тигізетіні сөзсіз деп білемін.

Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға өсіруді және азаматтардың сауаттылық деңгейі мен олардың цифрлық білімін арттыру мақсатында Үкіметке үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды. Бұл игі шара ұрпағымыздың білім сапасының артуына мол мүмкіндік береді деп сенемін.

Маржан Кривенцова,

Кентау қалалық ҚХА жанындағы

«Аналар кеңесінің» төрайымы

«Жер шетелдіктерге берілмейді»

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына өз Жолдауында сөз басын елімізде пандемия салдарынан көз жұмғандар ауыр соққы болғандығымен бастады. Бүкіл дүниені дүр сілкіндірген дертті алдағы кезеңде ауыздықтау бойынша бірқатар шаралар қолға алынбақ. Еліміз еңсесін тіктеп, экономикамызды да тұрақтау бойынша біршама жұмыстар атқарылатын болады.

Президент өз сөзінде Қазақстанның даму кезеңінде ауыл шаруашылығы өндірісін қарқынды дамытуды Үкіметке тапсырды. Сонымен қатар келесі жылдан бастап ауылшаруашылығы меншігіндегі жерлер толықтай өз құзырымызда қалып, шетелдіктерге сатылмайтындығын жеткізді.

Сан саланы қамтыған Жолдау біздің бірігіп ел үшін жауапкершілікті сезінуімізді жеткізді. Бұл ретте әрбір Қазақстан азаматы барынша үлес қосуы керек деп білемін.

Юлдаш Султанов,

Түркістан облыстық

«Парвиз» тәжік этномәдени орталығы»

қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Ахуалдың жақсаруы – босаңсуды білдірмейді

1 қыркүйек Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Парламентінің кезекті сессиясы өтті. Мәжіліс және Сенат депутаттары қатысқан отырыстың күн тәртібіне сәйкес Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын арнады.

Президент өз Жолдауын елімізге енген пандемияға қарсы күрес шараларының бүгінде күшейтілгендігімен бастады. Әлемді дендеген дерт баршамызға ауыр соққы болды. Қазіргі таңда ахуалдың жақсаруы – босаңсуды білдірмейді деді Президент.

Біз алдағы уақытта әлеуметтік экономикалық тұрақтылықты сақтап қалу жолында жұмыла күш жұмсауымыздың керектігін де өз сөзінде қадап айтты.

Сонымен қатар, пандемиямен күрес жөнінде кешенді бағдарлама әзірлеп, сол арқылы тірліктер атқарылатындығын да алға тартты. Мен, бүгінгі Жолдауды тыңдау арқылы кемел көшбасшымысыз бен халық алдында үлкен жауапкершілік тұрғандығына тағы да көзім жетті.

Дүйсенкүл Жамболова,

Түркістан облысы ҚХА жанындағы

Аналар кеңесінің төрайымы

Ұстаздар жалақысының өсуі көңіл қуантады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына өзінің кезектегі Жолдауын жолдады. Жолдауда әлеуметтік, экономикалық мәселелерге тоқталып, бірқатар бастамалар көтерді. Және де бүгінгі күнде елімізде орын алып жатқан қауіпті індетті жеңу үшін барынша күш – жігер салу керектігін айтып өтті.

Келер жылда мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға артады, алдағы жылдарда да бұл үдеріс жалғасын таппақ. Бұл үшін мемлекет тарапынан алдағы 3 жылда 1,2 триллион қаржы бөлінеді. Мұғалімдердің айлығын көтеру мәселесі өте орынды. Елімізде карантинге байланысты қашықтықтан оқыту жалғасып жатыр. Бұл үшін мұғалімдер арнайы дайындалып, барынша ізденімпаздығын, біліктілігін көрсетулері қажет. Сабақтар қашықтықтан болса да оқытушылар оқушыларына біліммен қатар тәрбие де бере алады. Мұғалімдердің ерен еңбегі бағасыз екендігін атап өтті.

Маргарита Сапаева,

Сайрам аудандық славян этномәдени

бірлестігінің төрайымы

Кейін қарай