Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Қазан, 2020

525

ҚХА еріктілері экологиялық акцияға белсене қатысты

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілері туған жерінің табиғи байлықтарын қорғау мақсатында, экологиялық акцияға белсене атсалысты.


«Бұл іс-шараның басты мақсаты, ең алдымен су ресурстарын үнемдеу және демалыс аймақтары мен қаланың көрікті жерлерін тазарту арқылы экологиялық жағдайды тұрақтандыруға көмектесу», - деп атап өтті ШҚО Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Геннадий Пуссеп.


Жас энтузиастар Дубыгалинское көлінің жағалауын тазалап, басқа да тұрғындарды осы ісшараға қол ұшын созуға шақырды.


«Біз 200-ден астам қоқыс сөмкелерін жинадық. Көңілге қаяу түсіретін нәрсе - әр ағаштың, бұтаның, тастың түбінде бөтелке, кәмпит орамасы немесе осыған ұқсас заттарды табуға болады, бұл адамдардың табиғатқа немқұрайлы қарайтындығының анық көрінісі», - деп атап өтті акция қатысушысы Абдильдина Тамирис.

Еріктілер мұнымен шектелмей, осындай табиғатқа пайда әкелетін акцияларға белсене қатыса беретіндіктерін мәлімдеді.

Кейін қарай