Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Наурыз, 2020

3069

ҚХА: «Біз біргеміз!» акциясы аясында аймақтарда 100 мың медициналық маска тегін үлестірілді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Біздің қалаларымыздың барлық негізгі көшелерінде азаматтарға бетперделерді тегін тарата алатын боламыз. Бұл үкімет алдында тұрған өте шұғыл және жедел міндет» деп атап өткен болатын.

Осы үндеуге Қазақстан халқы Ассамблеясы да ат салысып, #bizbirgemiz республикалық акциясы аясында 21-26 наурыз аралығында жалпы алғанда 3,5 миллион теңгеге жуық сомаға материалдық көмек көрсетті, сондай-ақ 500-ден астам отбасына қолдау көрсетіп, өңірлерде 100 мыңнан астам бетперделер тегін таратылды.


«Біз біргеміз!» акциясы аясында Нұр-Сұлтан қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері аз қамтылған көп балалы отбасыларға және қарт адамдарға көмек көрсету бойынша қайырымдылық іс-шаралар өткізді. «Парасат» қайырымдылық қызметін үйлестіру орталығы көп балалы 15 отбасына бірінші қажеттіліктегі тауарлар түрінде 150 мың теңгеге көмек көрсетті. Ассамблея еріктілері зейнеткерлерге дәрі-дәрмек жеткізу, бетперделер тарату бойынша акцияларға қатысты, КСК өкілдерімен бірге қаланың тұрғын үйлерінің кіреберісіне санитарлық өңдеу жүргізді. Жалпы сомасы 1 млн. 350 мың теңге болатын көмек көрсетілді.

Наурыз мейрамы қарсаңында «Возрождение» немістер қоғамы егде жастағы жалғыз басты адамдарға 100 дана азық-түлік жиынтығын таратты, сондай-ақ жалпы сомасы 1,2 млн теңгеден астам қаражатқа дәрі-дәрмектер сатып алынды.

Алматы қаласында «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының еріктілері, ҚХА мүшелері мен «Miss Almaty» байқауына қатысушылар метрополитен, қоғамдық көлік және орталық көшелерде алматылықтарға 5000 медициналық бетперделерді тегін таратты.

Жамбыл облысында этномәдени бірлестіктер өкілдері төтенше жағдайлардың алдын алу және вирустың таралуына, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарының отбасыларына көмек көрсету бойынша азаматтық белсенділік танытуда.

Атап айтқанда, «Әулиеата» қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі аз қамтылған 2 отбасына 25 000 теңге көлемінде қаржылай көмек берді. Жамбыл облыстық ассамблеясының Аналар кеңесі аз қамтылған 10 отбасын 100 000 теңгенің азық-түлігімен қамтамасыз етті. ҚХА-ның еріктілер қозғалысы «Жібек жолы жастары» еріктілерімен бірге қоғамдық қызметкерлерге 200-ден астам қолдан жасалған бетперделер таратты.

«Түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы 100 000 теңгеге аз қамтылған отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз етті. Отбасыларға барлығы 200 бетперде таратылды, сондай-ақ 25 отбасына 225 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.

Ақтөбе облыстық ҚХА жанындағы «Бірлік» еріктілер және өңірлік жастар орталығы Ақтөбе облысының аз қамтылған азаматтарын азық-түлікпен, жеке гигиена құралдарымен және маскалармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс ұйымдастырды.

Ақмола облыстық ҚХА еріктілері #bizbirgemiz республикалық акциясы аясында 4 қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлеріне жалпы сомасы 240 мың теңгеге антисептика құралдарын, маскалар, дәрі-дәрмек және азық-түліктер жеткізіп берді.

Павлодар облысының Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері мен демеушілер азық-түліктер жиынтығын, маскалар, дезинфекция құралдарын таратты. Атап айтқанда, «Возрождение» облыстық немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігі зейнеткерлерді қолдау жөніндегі жобаға ат салысып, аптасына екі, үш рет ыстық түскі ас беріп, 32 азық-түлік жиынтығын таратты.

Павлодар облысындағы «Мерказ» еврей этномәдени бірлестігі қоғамдық орындарда 4500 дана бетперде таратты, «Буковина» румын мәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігі аз қамтылған азаматтарға азық-түлік жиынтығын дайындап, үлестірді. Сондай-ақ балалар бетперделерін таратуды ұйымдастырды. «Ватан» әзірбайжан қоғамдық бірлестігі Наурыз мерекесіне орай 100 балаға конфеттер жиынтығын ұсынды.

Өскемен қаласында «Біздің күшіміз бірлікте» атты акция басталды, Оның аясында Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының еріктілері тұрғындарға короновируске «қарсы тұруға» көмектесуде. Кәсіпкер Тілеужан Сайлауұлы өткізген медициналық бетперделер дайындау бойынша шеберлік сағатына жастар қатысып, олар өз қолдарымен жеке қорғану құралдарын жасай бастады. Жұмысқа арналған материалдарды, атап айтқанда, арнайы матаны бизнесмен тегін берді. ШҚО ҚХА еріктілері дайын бетперделерді қала тұрғындарына таратты, олар өз денсаулығына ұқыпты қарау, гигиена сақтау және мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын жерлерге бармау қажеттілігін еске салды. Қала тұрғындарына жалпы саны 1500 дана бетперде үлестіріліп, сәуір айының ортасына дейін қосымша 2000 дана бетперде тігу жоспарланған.

Ал Семей қаласында Достық үйінің еріктілері тегін бетперделер таратты. Бүгінгі таңда жұмыстар жалғасуда, 500 дана бетперде нақты мекенжайларға жөнелтіледі. Семей қаласының тұрғындарына көшелерде де бірнеше рет бетперделер таратылды.

«Семей медициналық университетінің» ректоры Ерсін Жүнісов Семей қаласындағы Достық үйінің этномәдени орталықтарының волонтерлеріне таратуға арналған 1500 бетпердені табыс етті.

Бесқарағай аудандық ассамблеяның еріктілер қозғалысы орталығының мүшелері бірнеше рет қолдануға болатын бетперделерді қарт адамдарға таратуды ұйымдастырды. Бесқарағай ауылының еріктілері 500 дана бетперде дайындап, тегін үлестірді.

Катон-Қарағай ауданында короновирустық инфекция жағдайына байланысты этномәдени бірлестіктер өкілдері, Аналар кеңестері, Қоғамдық келісім кеңестері, еріктілер бетперделер мен ақпараттық парақшалар тарату бойынша жұмыс жүргізуде. Бүгінгі күні 250 бетперде, 95 ақпараттық парақша үлестірілді. Еріктілер қайырымдылық көмекке бөлінген азық-түлік жиынтықтары мен гигиена құралдарын таратуға қатысты. Жұмыстар одан ары жалғасуда.

Алтай ауданында еріктілер зейнеткерлерге 180 дана бетперде таратты, 5 жалғызбасты қарт адамға азық-түлік сатып алуға көмектесті, 250 данадан астам газет үлестірілді.

Глубокое ауданының «Достық үйі» 120 дана (60 – ересектер, 60 – балалар) бетперде тігіп, аз қамтылған отбасыларына, мүгедектерге және тыл еңбеккерлеріне таратты.

Шемонаиха ауданында короновирустық инфекция жағдайына байланысты 12 800 адамды бетпердемен қамтамасыз ету жоспарлануда, олардың қатарында көп балалы, аз қамтылған отбасылар, зейнеткерлер бар.

ШҚО ҚХА еріктілерінің күшімен жалпы саны 5050 дана медициналық бетперде таратылды. Сонымен қатар облыстың ішкі саясат басқармасы «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінің арнайы басылымын шығарды, оларда мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан алдын алу шаралары туралы ақараттар орналастырылды.

Этномәдени бірлестіктер, ҚХА «Жаңғыру жолы» РЖҚ еріктілері Атырау облысында короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша алдын алу шараларын күшейтуде. Күн сайын қарт адамдар, мүгедектер және аз қамтылған отбасылар бетперделермен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ азық-түлік себеті түрінде көмек көрсетіледі. Украиндық «Довира» ЭМБ ересектер мен балаларға арналған бейімдеу орталығына теледидар, жеміс-жидектер, тәттілер тапсырды және қонақтарды бетпердемен қамтамасыз етті.

Солтүстік Қазақстан облысында өңірде коронавирустық инфекцияға жол бермеуге бағытталған алдын алу шараларын күшейту бойынша жұмыс одан ары жүргізілуде. Еріктілер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері адамдар көп жиналатын жерлерде, облыс аудандарында ақпараттық буклеттер таратуды ұйымдастырды. Онда коронавирустық инфекцияны жұқтыруға жол бермеу жөнінде сақтық шаралары туралы ақпарат берілген.

Сонымен қатар, еріктілер қауіп-қатер тобындағы қарт адамдарға қажетті дәрі-дәрмектер мен азық-түліктерді үйге жеткізу арқылы көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастырды.

Ақтөбе облысында короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша кең ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Санитарлық-эпидемиологиялық және алдын алу шараларын күшейту мәселелері қаралды, іс-қимыл жоспары жасалды.

Ақтөбе облыстық ҚХА «Бірлік» волонтерлерімен Ақтөбе облысының аз қамтылған азаматтарын азық-түлікпен, жеке гигиена құралымен және бетперделермен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

Қарағанды облысында ҚХА жастары мен Аналар кеңесі «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясын жалғастыруда.

Шымкент қалалық ҚХА-ның үйлестіруімен және этномәдени бірлестіктердің күш-жігерімен жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп қоғамдық орындарда, саябақ аймақтарында және қоғамдық көлікте 9 мыңнан астам медициналық бетперделер таратылды.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының өзбек этномәдени бірлестігінің мүшелері 1200 дана сабын, ылғалды сулықтар, антисептиктер, қалаға кіру кезінде блок-бекетте кезекте тұрған азаматтарға медициналық қолғаптарды тегін үлестіруді ұйымдастырды. Осы бағыттағы жұмыстар кезінде қалалық өзбек, түрік, корей этномәдени бірлестіктерінің мүшелері белсенділік пен жоғары азаматтық жауапкершілік танытты.

Коронавирус індеті ел азаматтарының пандемияға қарсы тұрудағы бірлігі мен ұйымшылдығын көрсетті.

Бүгінгі таңда індеттің таралуына барша жұрт жұмыла атсалысуда, өзіміздің және жақындарымыздың өмірі мен денсаулығы біздің өз қолымызда. Жалпы нәтиже әрқайсымызға байланысты, сондықтан # bizbirgemiz акциясы жалғасуда, дейді ҚХА-ның мүшелері бірауыздан.

Кейін қарай