Қазақстан халқы Ассамблеясы

31 Шілде, 2020

460

ҚХА: Құрбан айт ауызбіршілік пен келісімге шақырады

Құрметті Отандастар!

Барлық мұсылман қауымы мен қазақстандықтарды қасиетті ­Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Айтулы мейрам ­– елдің ынтымақ-бірлігін күшейтіп, қайырымдылық қасиеттерді, достық қарым-қатынастарды арттырады.

Бауырластық пен қамқорлық танытуға үндейді, татулықты ту еткен түрлі этностарды біртұтастыққа жұмылдырып, конфессияаралық қатынастарды нығайтады.

Ауызбіршілік пен келісімге шақырады. Кембағалдарға қамқорлық пен қолдау көрсетіліп, ізгі амалдар жасалады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы айт күндері республикалық деңгейде «Мың алғыс» қайырымдылық акциясын қолға алмақ. Барлық этномәдени бірлестіктер мен ҚХА құрылымдары коронавируспен күресіп, алғы шепте жұмыс атқарып жүрген ақ халатты абзал жандарға және олардың отбасына көмек көрсетіп, ризашылық білдіреді.

Ұлық мерекеде барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, толағай табыс, мол бақыт пен сәттілік тілейміз.

Құрбан айт әрбір шаңыраққа ырыс-құт, бақ-береке, аман-саулық ала келсін!

Қазақстан халқы Ассамблеясы


Кейін қарай