Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Қыркүйек, 2020

666

Кентауда Аналар кеңесінің қабылдауы өтті

Кентау қалалық Аналар кеңесінің қабылдауы болып өтті. Оған қала прокуроры, қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы, ардагерлер кеңесі жанындағы қала және ауыл әжелер алқасының төрайымы, қалалық тұрғын үй шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, «Халықты жұмыспен қамту» орталығының қызметкерлері қатысты.

Жеке қабылдауға алдын ала жазылған екі ананың біреуі онлайн арқылы байланысқа шықса,екіншісі жеке қабылдауда болып, өздерін толғандырып жүрген сауалдарға жауап алды. Аналарға психологиялық және құқықтық көмек берілді. Кентау қаласы прокуроры Алмас Маликов аналар тарапынан қойылған алимент өңдіру, тұрмыстық зорлық–зомбылық, отбасылық жағдайларға қатысты, өзге де сауалдарға заң аясында жауап қайтарды.

Халықты жұмыспен қамту орталығының өкілі жұмыссыздық бойынша тіркелу, жұмыспен қамтылу секілді сұрақтарға заң талаптарына сәйкес түсіндіріп өтті.

Кейін қарай