Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Қазан, 2020

649

Израиль елшісі Атыраудағы Достық үйінде болды

Атыраудағы Достық үйіне Израильдің Төтенше және Өкілетті Елшісі Лиат Вексельман бас сұқты. Ол "Әлия" еврей этномәдени бірлестігінің белсенділерімен, ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары және "Қоғамдық келісім"КММ басшысымен кездесті.


Кездесу барысында Атырау қаласында еврей тілін оқытудағы қиындықтар мен алдағы жоспарлары туралы әңгіме болды


Шара соңында ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Мүслімқызы Шәкірова Елшіге Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған естелік сыйлық пен "Этносы Атырау" кітабын салтанатты түрде табыс етті. Сондай-ақ, елші Атырау қаласында "Право" қоғамдық қорының кәмелетке толмағандарға арналған "Шанс" әлеуметтік-құқықтық қолдау орталығының өңірлік филиалын ашу жоспарларымен бөлісті. Кездесу одан әрі өзара ынтымақтастық пен қолдау тілектерімен алмасумен аяқталды.

Кейін қарай