Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Шілде, 2020

7604

Елбасы 80 жаста: ҚХА мүшелері естеліктерімен бөліседі

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін 80 жасқа толып отыр. Соған орай, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, республикалық этномәдени орталықтарының төрағалары, жеке кәсіпкерлер Елбасымен болған ерекше кездесулерді еске алып, жүрекжарды тілектерін жеткізді.

Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдерін бір шаңырақтың астына топтастырып, олардың бірлігін нығайтуда Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ерлікке тола еңбегін тек қазақстандықтар ғана емес, бүкіл әлемдік қоғамдастық мойындап келеді. Берекелі бірлікке, ынтымақты тірлікке, жарасымды жақсылыққа ұйыған еліміздің бүгінгі қол жеткізген табыстары, бағындырған белестері тікелей Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен құрылған бірегей институт - Қазақстан халқы Ассамблеясының жемісті жұмысымен байланысты екені бәрімізге мәлім. Өйткені Ассамблея құрылып, өз жұмысын бастаған уақыттан бері ол еліміздегі тұрақтылықты, халықтар достығын және этносаралық келісімді нығайту жолында орасан зор табыстарға қол жеткізді. Азаматтардың этностық немесе діни ерекшіліктеріне қарамастан, олардың құқығы мен бостандығын сақтаудың басты кепіліне айналды. Ассамблеяның тиімді және жемісті іс-әрекетінің нәтижесінде еліміздегі этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласында бейбітшілік пен келісім салтанат құрды, қазақстандықтар арасында ауызбіршілік бекем орнықты. Өз кезегінде бұл ел экономикасының қарқынды дамуына ықпал етті.

Елбасы өзінің әр сөзінде, әр жазбасында көздеген мақсаттарға, аңсаған армандарға жету үшін халқымыздың бірлігінің қажеттігі туралы қағиданы үнемі есімізге салып отырады. Ал біз, қазақстандықтар, кемеңгер, көреген басшымыздың көпұлтты қазақстандықтарды бірлік-ынтымаққа үндейтін осындай ұстанымын ешқашан естен шығармауымыз керек. Әртүрлі ұлтқа, ұлысқа тиеселі болғанымен, бір тілекке ден қойған отандастарымыздың Елбасымыздың осы тектес баталы да аталы сөзін ұран ретінде қабылдап, жұдырықтай жұмылатынына сенімдімін. Қазақтың қасиетті жерін мекен еткен этностар небір қиындықтарды қазақ халқымен бірге басынан өткізді. Бір үзім нанды бөліп жеді, бір тостаған сүтті бөліп ішті. Жүрегі өз даласындай кең-байтақ қазақ халқы оларға қол ұшын берді, демеу болды. Міне осындай жақсылық-қамқорлықтарды қалайша ұмыта аламыз?

Елбасының үлкен басқосулардың бірінде айтқан "Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар. Ол - бірлік. Еліңді, жеріңді қорғау үшін бірлік қаншалықты қажет болса, бүгінгі қол жеткізген жетістіктерімізді сақтап қалу үшін де ол сондай қажет" деген пікірі тек менің ғана емес, барша қазақстандықтардың жүрегінен орын алды деп ойлаймын. Сондықтан бәріміз, қазақтың ұлы ақыны Шерхан Мұртаза айтқандай, Елбасы - біреу, қалғандарымыз тіреу болуға тиіспіз. Көпұлтты Қазақстандағы барлық ұлттар мен ұлыстар осы қағиданы ту етіп келеді деп сенімді түрде айта аламын.

Осы жерде қазақ-үйғыр достығы туралы ерекше тоқталғым келеді. Дініміз бір, тілімізде айтарлықтай айырмашылық жоқ, тілегіміз ортақ, арқа сүйеріміз тәуелсіздік болып табылатын қазақ пен ұйғыр нешеме ғасырлардан бері бауырлас болып, тату-тәтті өмір кешіп келеді. Басқасын айтпағанның өзінде, өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы қиын-қыстауларда, сұрапыл соғыста, одан кейінгі кезеңдердегі ауыртпалықтарда сыннан сүрінгеніміз жоқ. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, жан-жақты дамуына көппен бірге ұйғыр халқы да өз үлесін қосып келеді. Қыз ұзатып, келін түсіріп, құда болған жайттармызда бар. Екі ұлттың танымал тұлғаларының арасында қыл өтпеген достығы бұрын да болған, қазір де жалғасын табуда.

Өзім басқаратын Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы елімізде болып жатқан жаңалықтардан, игі бастамалардан, өзге де іс-шаралардан ешқашан сырт қалған емес. "Бір ел - бір тағдыр" демекші, біз Қазақстан халқы біртұтас және қуанышымыз да, қайғымыз да ортақ. Бүгінгі күнде бір атаның баласындай, бір отбасының мүшесіндей тату-тәтті күн кешудеміз. Осылайша, көздеген мақсаттарымыз бен аңсаған армандарымызға жету үшін бар күш-жігерімізді жұмылдырудамыз. Мұның өзі бірліктің, өзара түсіністіктің, бейбітшілік пен келісімнің өнегесі болып табылады.

Шаймардан Нурумов,

Қазақстан Республикасы Парламенті

Мәжілісінің депутаты,

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі,

Қазақстан ұйғырлары республикалық этномәдени орталығының төрағасы

Қазақстан тәуелсіздік алган алғашқы күннен бастап-ақ қоғамның тұрақтылыгы мен бірлігі мәселесіне басты назар аударылды. Онын негізгі себебі – сол тарихи кезенде елде орын алған түбегейлі өзгерістер болды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының саяси ерік- жігерінің арқасында этностық және діни қатыстылығына қарамастан, азаматтық тең құқықтылықтың нақты институционалдық тетіктері құрылып, ол сындарлы бағытта жетілдірілді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы институты алғашқыда – 1995 жылы консультативтік-кеңесші орган ретінде өмірге келді. Оны құру идеясын әрбір сөзі ақылға қонымдылығымен, санаға сіңімділігімен жұрттың жүрегінің төрінен орын алып, даналығы дара, жаратылысы бөлек, кемеңгерлігі келісті, шыбықтан шынар, шынардан мұнар болған Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтын 1992 жылы өткізілген Қазақстан халықтарының I форумында жария еткен болатын. Ол сөйлегенде теңіздей шалқыта қоғамға жаңа леп қоса, жаңалық жаршысы, бастамшы басшының 2007 жылғы конституциялық реформа Ассамблеяны конституциялық мәртебесі бар мекеме ретінде бекітті.

Еліміздің бірлігі мен қоғамдық тұрақтылығына үлес қосу баршамыздың асыл міндетіміз болып саналады. Қазақстанның әлеуметтік-саяси өмірінде ұлттың бірлігі, қоғамның тұрақтылығы мен тұтастығы маңызды орын алады. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең басты байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету борышымыз деп білемін. Президент өз Жолдауында елдің бірлігіне, татулығына арнайы тоқтала келе: «Қазақ халқының мемлекет құрушы ұлт ретінде рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра білуіміз қажет. Біздің ұстанымымыз: Ел бірлігі – оның «әралуандығында», деп атап өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының соңғы сессиясы – Тұңғыш Президент – Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және бүгінгі іс басындағы Президент Қасым – Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен маңызды қоғамдық-саяси шаралардың сабақтастық көрінісі болды. Сессия қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті одан әрі нығайтуды қамтамасыз етуді мұрат етті. Онда ҚХА алдына жаңа міндеттер қойылды. Сондықтан алдымызда бізді ұлттық бірлікті, бейбітшілік пен келісімді нығайту жөніндегі Елбасы бағдарының тұрлаулылығын қамтамасыз ету мәселелерінің барлық саласы бойынша жауапты жұмыстар күтіп тұр.

Бұл – бүгінгі заманғы уақыт талабы. Елбасы айтқан қазіргі заман адамына қажетті қасиеттердің қай-қайсы да өте маңызды. Мұндағы ең басты мәселенің бірі – халықтың ұлттық кодын сақтау мәдениеті басты мұра болмақ. Тіл, дәстүр-салт, ұлттық мінез өзімізге ғана тән халықтық қасиет-құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап дамыту – бұл анық бағытты, айқын жоспарды талап ететін ұзақ мерзімді ауқымды жұмыстар.

Елбасы бұл мақсатта атқарылуға тиісті нақты жұмыстардың келелі бағыттарын да айқындап берді.

Елбасы ұлттық бірлікті нығайта түсуде басқа барлық мемлекеттік органдармен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының да күнделікті, тұрақты жұмыстар атқарып келе жатқанын үнемі айтып келеді.

Мемлекет басшысы ақпараттық жұмыстарға ерекше мән беріп, 2018 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының көпфункциялы мультимедиалық порталын ашуды, «Қазақстан халқы» интерактивті тарихи картасын жасауды тапсырған болатын. «Ел иесі – қазақтың мемлекет құраушы ретіндегі айрықша рөлін ескере отырып жасалуға тиіс электронды карта ежелгі қазақ жерінде сан түрлі ұлт өкілдерінің ұйысу процесін көрнекі және толық көрсетіп береді. Білім және ғылым министрлігіне, ҚХА-мен бірлесіп, ғылыми негізде осы интерактивті картаны жасап, «Алғыс айту» күніне орай тұсауын кесуді тапсырамын», деген еді Елбасы. Сонымен қатар, Елбасы бизнес, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерін «Туған жер» жобасына қатысуға және өз ауылдастарын қолдау үшін күш жұмылдыруға да шақырды.

Бүгінгі танда ұлттық сананы жаңғырту, Ассамблея алдындағы міндеттерді іске асыруға бағытталған ауқымды жұмыстар қарқынды жүргізіліп отыр. Осыған орай барлық өңірлерде Қоғамдық келісім мен этносаралық қатынасты нығайтуға арналған іс-шаралардың кешенді жоспары бекітілді.

Елбасының 1992 жылы жарық көрген «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты еңбегінде, жоғарыда айтылғандай, ұлтаралық келісім принципі ішкі саясаттың іргелі қағидасы десек, егер демократиялық құқықтық мемлекет құру мен дәл осындай жаңа демократиялық қоғам орнатудағы қазақстандық жолдың ерекшелігін айқындап, осы жолда Елбасы жаңа Қазақстан үшін жаңа саяси бағытты әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарынан көріну деп анықтап берді. Осы орайда біз жаңа тұрпатты қазақстандық патриотизмді қалыптастыруымыз керек. Бұл – қоғамымыздың толағай табыстарының негізін құруға алғы шарттар жасамақ. Біз қоғамдық келісімді сақтауға және нығайтуға тиіспіз, бұл біздің мемлекет ретінде, қоғам ретінде, ұлт ретінде өмір сүруіміздің айнымас шарты болса, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін ұлттық арман. Бұл идея – ұлттың рухын асқақтататын Мәңгілік Ел идеясына апарар жол.

Ассамблея өз қызметін бастағалы бері өткен жиырма бес жылда ел өміріндегі тағдыршешті оқиғаларға белсене үн қосып, стратегиялық маңызы жоғары құжаттардың қабылдануына бастамашылдық танытып келеді. Осыдан бес жыл бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы»: бір халық – бір ел – бір тағдыр» деген тақырыппен өткен болатын.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сессия тақырыбының өзі түсіне білген жанға терең сыр аңғартатынына назар аударғаны жұртшылықтың әлі есінде. Бүгінде, Қазақстанның қуатты тетігі, қоғамдық келісімнің бірегей институты ретінде Ассамблея барша халықаралық қауымдастыққа үлгі болып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Азиядағы Өзара Іс-қимыл және Сенім шаралары жөніндегі кеңес сияқты әлемнің ең беделді халықаралық ұйымдары Ассамблеямен тығыз қарым-қатынас орнатып отыр.

Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың пайымды, парасатты, кемел де дана, дара саясатының арқасында өзара сыйластық пен толеранттылық мәдениетін дамытудағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында әлемдік діни конфессиялар өкілдері үшін интерактивті алаң құру ұсынылған болатын. Қазір ол алаң жүзеге асып отыр.

Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің белсенді қызметімен әлемге танылған ұйым екенін жоғарыда айтгық. Ол – ТМД елдерінде құрылған өзінің әріптес ұйымдарымен тығыз ынтымақтастықтар орнатқан. 2017 жылы Бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісінің тұсаукесерін ҚХА БҰҰ штаб-пәтерінде жасағаны бүкіл халықаралық қауымдастыққа белгілі болды. Осы шарадан кейін және оған дейін де әлемнің 36 елінің өкілдері қазақстандық тәжірибені үйренуге ықылас танытты. Қазақстан халқы Ассамблеясының бүгінгі айшықты қадамдары осындай.

Қазақстандық Ахысқа түріктері қауымдастығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы кезеңдегі ерлік істері мен ерен еңбегін, барлық бастамаларын толығымен қолдайды. Оның ішінде «Мәңгілік Ел» стратегиясы Қазақстан түріктеріне көптеген міндеттер жүктейді. Елбасының қазақ тілін латын графикасына өткізуі кезеңінде де қазақстандық түріктер мемлекеттік тілді латын таңбасына негіздеп бірігуін қолдап, шешім қабылдады. Әрбір қазақстандық түріктер жақсы түсінетін бір қағида мынау: «Егер Қазақ жерінде Қазақ елі мәңгі болса, Қазақстан түріктерінің де тілі, діні және дәстүрі мен мәдениеті де мәңгілік болады». Сондықтан әрбір қазақстандық түрік бірлікте Қазақстанның дамуы мен гүлденуіне әрдайым өз үлесін қоса береді.

Қазақ тілі ел халқының басым көпшілігі болып отырған қазақ ұлтының саналық қасиеттерін арттырып, елді біріктірудін негізгі факторы екендігі айқын. Бұл – бұлтартпас қағида, оған біздің көзіміз анық жеткен.

Бүкіл Қазақстан халқы білімді, ақылды, іскер мемлекет жасаушы қазақ ұлтының төңірегіне топтаса, ұйыса түсуі керек. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында Қазақстан халқы Ассамблеясының жылдар бойы дәйекті түрде атқарып келе жатқан ауқымды істері баршылық. Жеке өз басым қазақ тілін ана тілімненде біршама артық таза меңгергендеймін. Қазақ тілінің менің рухани дамуыма, ұлттың болмысын ұғуыма, жандүниесін түсінуіме, өрісімнің кеңеуіне тигізген пайдасы мол, рухы зор.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы «Жарасым» жастар қанаты ұйымын бірінші бастап, ұзақ уақыт төрағалық қызметін атқарып, қолымнан келгенше қазақ тілін дамытуға барынша үлесімді қосып, қазақ тілінің өрістеуіне қолғабыс етуден аянбаймын!

Зиятдин Қасанов,

««Ахыска» Түрік этномәдени орталығы»

республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы,

Бүкіләлемдік «DATÜB» Ахысқа түріктері

Одағының Президенті


Қазақ Елі 1991 жылы мыңжылдықтармен өлшенетін шежіресінде алғаш рет жалпыұлттық сайлау арқылы өз басшысына дауыс беріп, тарихи таңдауын жасады.

Елдің сенімі мен үмітін абыроймен ақтаған Елбасы Тәуелсіз Қазақстанның негізін берік қалады. Осы уақыт аралығында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев замананың сан алуан сынағынан сүрінбей өтіп, елімізді беделді, қуатты, табысты мемлекетке айналдырды.

Былтыр еліміздің астанасына Тұңғыш Президентіміздің есімі берілді. Бұл Елбасының елге сіңірген еңбегіне берілген лайықты баға. Нұрсұлтан Әбішұлына одан да зор құрмет көрсетсе аздық етпейді. Себебі, Қазақстанның әр жетістігі тікелей оның есімімен байланысты. Тіпті байтақ еліміздің барлық бастамасы Тұңғыш Президентіміздің төл туындысы екені сөзсіз.

Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлы: «Отан – өткенімізді танып, бағалай білу, ең алдымен өзімізді қадірлей білу», – деген екен. Сондықтан елдің бағына туған ерен тұлға – Елбасының еселі еңбегін қадірлеу әр қазақстандықтың абыройлы міндеті болуы тиіс.

Біз, Тәуелсіз Қазақстанда туып-өскен жас ұрпақ, Тұңғыш Президентіміздің алдында басымызды иіп, шексіз ризашылығымызды білдіреміз.

Мен Елбасыдан бата алған бақытты азаматтардың бірімін.

Нұрсұлтан Әбішұлымен алғаш рет ҚХА сессиясында кездестім. Ол кезде шетелде оқып жүрген қарапайым студент едім.

Елбасы маған оқудан соң елге оралып, Қазақстанның дамуына жұмыс істеуім керек екенін айтты.

Тұңғыш Президентіміздің бұл сөзі менің өмірлік ұстанымыма айналды. Сондықтан басқа елде өмір сүру туралы мүлдем ойлаған да жоқпын. Соның нәтижесінде оқудан кейін елге қайтып, туған Отанымның өсіп-өркендеуіне бар күш-жігерімді жұмсап келемін.

Сол сәттен бастап барлық жетістіктерімді Елбасымен тығыз байланыстырамын.

Шетелде жүріп түйгенім, тек қазақстандықтар ғана емес, басқа елдердегі қандас бауырларымыз да Елбасын ерекше құрметтеп, өз президентіндей қадірлейді.

Нұрсұлтан Назарбаевты бар Қазақтың бақыты, Ұлы ұстазы, дара да дана саяси тұлғасы ретінде қабылдайды. Бұл ешбір әсірелеусіз шындық. Тіпті тұтас түркі әлемінің Елбасына деген сый-құрметі айрықша зор екенін білеміз.

Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ руларының басы Қасым ханның қасқа жолы мен Есімханның ескі жолында түйіскенін көреміз.

Ал Елбасының Нұрлы жолы Жер бетіндегі 20 миллионға жуық қазақ пен Қазақстандағы 100-ден астам этнос өкілдерін және бүкіл Түркі әлемін ортақ мүддеге жұмылдырды.

Біз бүгін Тұңғыш Президентіміздің дара да даңғыл жолымен жарқын болашаққа батыл қадам басып келеміз. Сондықтан мен еліміздің келешегі кемел боларына кәміл сенемін. Осы ретте «Ағылшындардың мәңгілік досы не мәңгілік қасы жоқ. Ағылшындардың мәңгілік мүддесі бар», деген қанатты сөзге назарларыңызды аударғым келеді. Сол сияқты біздің де мәңгілік мүддеміз бар. Ол – Ұлы дала төсінде мемлекеттіліктің қазығын мәңгілікке қағу. Парасаттылық пен кемеңгерліктің асқақ шыңы, қазақстандық дамудың қозғаушы күші болған дана стратег Елбасы осы мүддені басты мұрат етті. Сол себепті Тұңғыш Президентіміздің өнегеге толы өмір жолы, саяси бағыт-бағдары, философиялық тұжырымдары – біздің мәңгілік темірқазығымыз.

Бүгін бастау алған «Халық экспедиция» жобасын соның нәтижесі және Тәуелсіз Қазақстан жастарына жаңа мүмкіндіктер беретін игі бастама деп есептеймін. Бұл дамудың қазақстандық жолын қалыптастырған, бүкіл әлем ұлы реформатор ретінде мойындаған Елбасымызға деген құрметтің бір белгісі. Алдағы уақытта осы жоба арқылы миллиондаған жас азаматтың арман-мақсатына қол жеткізіп, биіктен көрінетініне кәміл сенемін және соған тілектеспін.

Максим Споткай,

ҚР Парламенті Сенат аппараты басшысының орынбасары


Қазақстан өз егемендігін алып, рухани және мәдени құндылықтарын қайта зерделеген тұста ояну ұғымының жаңаша түлегенін көру бізге жазды. Ол ояну – тарихи, саяси, мәдени, рухани және экономикалық түбірлі өзгерістер алып келді.

Алдымыздағы жылы Қазақстанның Тәуелсіздігін жариялағанына – 30 жыл толады. Ол жылдар еліміз үшін ізденіс жылдарына толы болды. Өткен жылдар көптеген қиындықтармен күресу, халықаралық қауымдастыққа өзін мойындату үшін ұмтылу жылдары болды. Дәл осы кезде аянбай еңбек етуге тура келді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басқаруымен Қазақстан бұл кезеңнен сындарлы өтті. Өйткені қазақ елінің айқын мақсаты, мықты ұлттық идеясы болды. Бұған жету үшін заманауи геосаясаттың тілін үйреніп, жатталған қағаз жүзіндегі дипломатияны шынайы дипломатияға ауыстыру керек болды. Ең бастысы, Назарбаев дәуіріндегі Қазақстан уақыт жоғалтпай, сөзден іске көшу керектігін дер кезінде түсінді.

Нұрсұлтан Назарбаев – дәуiр тудырған тұлға. Бiз, әлемдiк тұрғыдағы ұлы саясаткер түркi әлемiнiң лидерi Елбасының көшбасшылық феноменiн мақтан тұтамыз, одан үлгi аламыз.

Ұлы мемлекет құру бiрлiк пен ынтымақ сезiмiнiң күштi болуы арқылы ғана жүзеге асады. Бiрлiк пен ынтымақты күшейтуге тек Тұлғаларды тарих туғызады. Бұл бұлжымайтын аксиома. Сонымен қатар тарихты жекелей тұлғалардың жасайтыны да дәлелдеудi қажет етпейтiн ақиқат. Яғни, бұл екеуi бiр-бiрiмен берiк байланысты.

Қиын кезеңдерде тарих iрi тұлғаларға жомарт болатынын да атап өткен жөн. Ел тарихындағы күрделi уақытта өз дәуiрiмен иықтас данышпандар дүниеге келедi. Олар ешқашан тарихқа қарыздар болып қалған емес. Ондай тұлғалардың миссиясы – тарихты құтқару, мемлекет пен ұлтты құтқару. Қазақстан мемлекетiнiң заманауи тарихында осы миссияны бүкiл түркi әлемiнiң ақсақалы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев атқарып келедi.

Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев – өз заманының аса көрнектi тұлғасы және түркi жұртының ақсақалы. Бiз Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамаларына үнемi қолдау бiлдiрiп келдiк әрi зор құрметпен қабылдадық. Қазақстан Президентiнiң түркi әлемiндегi беделi биiк, Нұрсұлтан Назарбаевтың барша түркi халықтарының басын бiрiктiрiп, бауырлас түрiк елiмен қарым-қатынасты нығайтуға сiңiрген ерен еңбегiн атап өтпеуге болмайды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өңiрлiк мәселелерде маңызды рөл ойнайды, ол көптеген табысты бастамаларға мұрындық болды. Бiздiң өңiрде ғана емес, барша ғаламдық ауқымда бейбiтшiлiктiң нығаюына өлшеусiз зор үлес қосты.

Нұрсұлтан Әбiшұлы түркiлiк Еуразиядағы аса көрнектi идеологтардың бiрi. «Нұрсұлтан Назарбаев феноменiн» басқалардан ерекшелейтiн басты принцип – оның популизмнен ада, өзара тиiмдi нақты стратегия жасауында. Оның басты мақсаты – Түркi әлемiнiң интеграциясы.

Мiне, елiн сүйген, Отанын қастерлеген, ұлтым деп жүрегi соққан азаматтың бүкiл болмыс-бiтiмiмен бiте қайнасып жатқан мұндай үлкен идеяның қуат-күшi Елбасын тыным таптырмай келедi.

Армандау – айып емес. Егер ол арман ұлтыңның келешегi үшiн болса, ол бiр рухани кемелдiк. Түрiк бiрлiгi тарихтың үлкен бiр жемiстерiнiң бiрi. Түркiлiк бiрлiк алып мұхит iспеттi. Түркiлiк өркениет – тарихтың ең байырғы ұраны. Оның төбесiне мәңгiлiк Ту тiгiлген! Елбасымыз арғы-бергi тарихтың да бiлгiрi, ол сол Туды қайта тiктеп, оны мәңгiлiкке көтерудi мақсат етедi.

Әзербайжанның Нахичевань қаласында өткен Түркi тiлдес мемлекеттер басшыларыньщ XIX саммитi (2009 жыл) бауырлас елдердiң өзара интеграциялануына ерекше ықпал еткенi белгiлi. Осы саммиттiң маңызды жетiстiктерiнiң бiрi Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен түркiаралық ынтымақтастықтың жаңа институционалдық, құрылымы – Түркi тiлдес мемлекеттерiнiң ынтымақтастық кеңесiнiң (Түркi кеңесi ) құрылуына ықпал еттi. Сол жылдың мамыр айында түркi әлемiн дамытуға қосқан сүбелi үлесi үшiн Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркi тiлдес мемлекеттердiң ынтымақтастық кеңесiнiң Құрметтi төрағасы мәртебесiнiң мәңгiлiкке берiлгенi кездейсоқтық емес. Бұл ұсыныс Түркия президентi Реджеп Тайип Ердоғанның тарапынан айтылып, оны Түркi кеңесiне мүше мемлекеттердiң барлығының лидерлерi бiрауыздан қолдады.

Н.Ә. Назарбаевтың түркi әлемi үшiн жасаған қызметтерiн болашақ ұрпақ жақсы түсiнетiн болады. Бұл тұрғыда Нұрсұлтан Назарбаев Құрметтi төраға болған Бакуде өткен Түркi кеңесiнiң басқосуына Өзбекстанның да мүше ретiнде қатысуы Түркi кеңесiн күшейтiп, оның беделiн арттыра түстi. Елбасының түркi дүниесi ынтымақтастығын тереңдетудегi табандылығының маңызын алдағы уақытта тағы бiр мәрте көрсететiн болады.

Бүгiнде Қазақстан Түркi әлемiнiң ғана емес, дүниежүзiнiң жарқыраған жұлдызына айналды. Өзiмiз байқағандай Түркия зиялылары, патриот жастар Н. Назарбаевты Елбасы, түркiлердiң көсемi ретiнде көредi. Түркi елдерiн бiрiктiруде оның әлеуетiне сенедi. Сондықтан да Елбасын Түркi әлемiнiң ғана емес, жалпы адамзатты бейбiт өмiр сүруге жетелейтiн көшбасшы деп қабылдайды.

Данышпан Абай атамыз өз өлеңiнде мынадай өсиетiн қалдырған екен: «Адамзаттың бәрiн сүй, бауырым деп». Баба нақылына бағынған ұрпақтың бiр жағадан бас, бiр жеңнен қол шығарардай бiрлiгi, ең алдымен, адамдардың рухани үндестiгi мен үйлесiмдiлiгiнде жатқан жоқ па?! Уағыз-насихат жұмыстарында бұл мәселеге әрқашан басымдық берiлiп келедi.

Елбасы Қазақстанды әлемнiң дамыған 30 елiнiң қатарына қосу межесiн алға қойды. Әрине, ол межеге жету үшiн қоғамның тыныштығы, соның iшiнде ұлтаралық әрi дiнаралық татулық қажет. Сондықтан бабаларымыз: «Татулық – табылмас бақыт» деген. Бүгiнгi алмағайып, қым-қуыт дүниеде тату-тәттi ғұмыр кешiп, бейбiтшiлiк пен ынтымақтың күшейiп, дамуы үшiн, әсiресе, дiнаралық төзiмдiлiктiң мән-маңызы зор деп есептеймiн.

Бұл идеяны жастар арасында насихаттау өте өзектi болмақ. Осы тұрғыда, жер-жерлерде Елбасының тапсырмасымен және облыс әкiмдiктерiнiң тiкелей қолдауымен республикада түрлi мәдени iс-шаралар өткiзiлуде. Халқымызда «Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады» деген даналық сөз бар. Осы ұстаным бойынша, әрбiр аудан, қалада жастар орталықтары жұмысқа кiрiстi.

Қазақстанда түрлi этностардың бейбiт өмiрi, олардың құқығы, тiлi мен дiлiн, мәдениетiн дамыту мүмкiндiгi жоғары деңгейде қорғалған. Ең бастысы, елiмiз тарихи әдiлдiктi қалпына келтiру жолымен жүрiп келедi. Заманауи әлемде этностардан тыс мемлекет құру сәтсiздiкке ұшырайды. Мәселен, кезiнде этностарды жоққа шығару жолымен жүрген Еуропалық одақ оған қайта айналып келдi.

Қазақстанның этностық құндылықтарын қазiрше қазiргi әлемнiң рухани-мәдени қоры құрап отыр. Олар әлi соңына дейiн танылмаған, бiрақ жаһаңдық қоғамдастықтың оңтайлы баюына ықпал етуi мүмкiн. Ал қазақ ұлтының дәстүрлерiмен құндылықтары адам мен орта арасындағы қарым-қатынаста ерекше прагматизмдi ұсынады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жазғандай, көзi ашық азаматтар жаңашыл ойлап, ұлттық сананы жаңғыртуға, бәсекелiк қабiлеттi арттыруға, ұлттық бiрегейлiктi сақтауға, туған жердi көркейтуге үлес қосуы тиiс. Қазақтың әр баласына терең бiлiм, көркем мiнез, мықты рух, өз қадiрiн бiлетiн биiк сана және ең бастысы тонның iшкi бауындай татулық керек. Бүгiнгi таңда күш те, қуат та – бiлiм мен бiрлiкте.

Рухани жанғыру тұйықталу арқылы емес, қайта керiсiнше сананың ашықтығымен, дамыған өзге елмен тең дәрежелi қарым- қатынас жасай алумен, жақсысын тану, игеру арқылы орындалмақ. Өзгелердiң көлеңкесiнде қалып, соңында қалмау үшiн де ағылшын тiлiн жастардың еркiн игеруi қажет. Бiз өз жұмысымызда: «Ырыс алды – ынтымақ» ұранымен өткiземiз. Жастар мәселесiн шешуге ел ағалары, халық қалаулылары болып бiрлесiп жұмыс жасаудамыз. Қазiр жергiлiктi мәслихаттарда «Ел бiрлiгi» депутаттық топтары құрылған. Топ құрамындағы халық қалаулыларының мақсаты, атауы айтып тұрғандай, мәдени бiрлестiктермен бiрлесiп, облыс халқының ынтымақ-бiрлiгiне қажеттi жағдайларды жасауда.

Халқымыздың осындай асыл қасиеттерiн пiр тұта отырып, «Ырыс алды – ынтымақ» тақырыбымен ел ақсақалдары мен азаматтарының басын қосып келелi кеңес өткiзудi қолға алып жүрмiз.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050»: Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» атты жолдауында «Мәңгiлiк ел» ұлттық идеясын алғаш рет ортаға салған едi. Содан берi бiршама уақыт өтсе де ел iшiнде «Мәңгiлiк ел» ұлттық идеясын уағыздау iсi жалғасып келедi. Мұның өзi халықтың бiр ту астына бiрiгiп, жұдырықтай жұмылған ұлт болуға деген арман-ниетiнiң биiк екендiгiн көрсетедi.

Расул Ахметов,

««Ахыска» Түрік этномәдени орталығы»

республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі,

Бүкіләлемдік «DATÜB» Ахысқа түріктері

Одағы төрағасының баспасөз-хатшысы


Менің Елбасымен алғашқы кездесуім 2015 жылы сәуір айында болған. Сол кезде ҚХА-ның «Менің Қазақстаным» атты пойызы елді аралап, сапарын аяқтаған еді. Сол пойыздың тепловозын айдап, астанамызға алып келгенім туралы Ассамблеяның 22-сессиясында Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа арнайы баяндадым.

Алғашқы кездесуден алған әсерді, алғашқы сезімімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Себебі алдымда Мемлекет басшысы, ұлы тұлға тұрды. Менің ол кісіге баяндама жасауым, ол кісінің маған сұрақ қоюы, менің жауабым... ойыма алсам, қазірге дейін толқып кетем. Мұндай толқу кез келген адамда болады деген ойдамын. Сол сәтте сахна төрінде тұрып, мен сондай толқулы әрі қуанышты күй кештім.

Әлі есімде, Елбасының маған айтқан бір сөзінен кейін бүкіл зал орындарынан тұрып, қол шапалақтаған болатын: өйткені ҚХА-ның 22-ші сессиясына келген менің әке шешем залда отырған. Бұл ол кісілердің Нұр-Сұлтан қаласына алғашқы сапарлары еді. Ол кісілердің толқу сезімдері менен де бетер болған сияқты, себебі баласы осындай үлкен сахнада, Елбасының алдында сөз сөйлегені қай ата-ана үшін де үлкен мәртебе ғой. Отбасымыздың осы сәттегі көңіл-күйін жазып та, айтып та жеткізу мүмкін емес. Бұл менің мерейімді өсірген жағдай болғанын білемін.

Мен сөзімде Нұрсұлтан Әбішұлына: «Жамбыл атамыздың пірі қызыл жолбарыс болған дейді, ал енді сіз Азияның Ұлы жолбарысысыз» деген кезімде, Елбасымыз маған: «Сен өзі қазақтың мақалына да жақын екенсің» дей келіп, "ендігі кезекте барлық қазақстандықтар сен сияқты қазақша сөйлесе, елімізге көп пайдасы тиер еді» дегені есімде қалды.

Елбасымен алғаш кездескеннен кейін-ақ өмірім қатты өзгерді деуге болады. 2015 жылы сессияға қатысып, тек өзім ғана емес күллі «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының атынан, яғни, 140 мыңнан астам адамның атынан сөз сөйлегенім мен үшін үлкен мәртебе болды. Одан кейін, 2016 жылы «Нұр Отан» партиясының атынан сайлауға түсіп, Парламент Мәжілісінің депутаты атандым. Бұл ретте де Ұлы кісінің маған берген батасы ақ жол ашқаны анық.

Сол кісінің батасының арқасында, Аллаға шүкір, біз сияқты саясатқа келген талай жан өсіп, көркеюде. Мен біздің еліміз үшін аянбай еңбек етіп, барымызды салатын буын болатынымызға сенемін. Болашақта сол кісінің сара жолымен жүріп, ісін жалғастырамыз деп ойлаймын.

2016 жылы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай Елбасының алдында тағы да сөз сөйледім, одан кейін де кездесулерім көп болды. Бірақ Елбасымен ең алғашқы кездесуімнің әсері ешқашан ұмытылмақ емес.

Геннадий Шиповских,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі


Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен жұмыс барысында бірнеше рет кездестім. 2010 жылы Елбасының тапсырмасымен ешбір елде баламасы жоқ, оралмандарға арналған орталық Маңғыстау облысында ашылды. Сол орталықтың ашылу салтанатына Елбасының өзі қатысып, тұңғыш Президентімізді қарсы алу бақыты маған бұйырған болатын.

Осы орталықтың ашылуында Елбасымен алғаш рет жүздесіп, қолын алған сәтте керемет сезімде болып, ол кісінің күші мол, қайратты кісі екенін сезіндім. Нұрсұлтан Әбішұлының мейірімділігін сезе отырып, сол сәтте жүрегімде ол кісіге деген жылулық сезім қалыптасты. Осындай бақытты кездесу сәтінен кейін мен Елбасымен үзеңгілес қызмет еттім деп айта аламын. Себебі, мемлекеттік қызметке 29 жасымда келіп, содан бергі 25 жылдай қызмет етіп, қайда жүрсем де Елбасымыздың алдымызға қойған тапсырмаларын орындауға өз үлесімді қосып келе жатырмын. Адал қызметімнің нәтижесі болар, сол жылдары Елбасының Алғыс хаттарымен марапатталдым.

Жан-жақтан қоныс аударып келген қандастарымыздың жағдайын ойлап, олар үшін арнайы орталық ашу Елбасының өзіндік идеологиялық маңызды қадамдарының бірі деп ойлаймын. 1999–2011 жылдар аралығында Маңғыстау облысына 25000-нан астам оралмандар отбасы келді. Олардың арасында жоғары лауазымды тұлғалар-сот жүйесінің қызметкерлері, прокуратура қызметкерлері, ғалымдар және басқа түрлі мамандық иелері болды. Сол азаматтардың Маңғыстау жеріне келіп, тәжірибелерін одан әрі нығайтуға қолдау көрсетіліп, жұмыс жасауға мол мүмкіндіктер берілді. Қандастарымызға арналған бейімдеу орталығының ашылуы Елбасының қазақ бауырларымызға деген зор құрметі деуне толық негіз бар. Өйткені мұндай орталық басқа жақын маңдағы көршілес елдердің ешқайсысында болған жоқ.

2018 жылы 12 тамызда Ақтауда Каспий маңы мемлекеттерінің бесінші саммиті өткені баршаға мәлім. Сол кезде Елбасымен екінші рет кездестім. Саммит болар алдында Елбасы Н.Назарбаев арнайы келіп, Маңғыстау облысының активімен кездескен болатын. Сол кездесуде маған Елбасын жаңа ғимарат - Достық үйінің есігі алдынан күтіп алуға тапсырма берілді. Күтіп алу сәтінде Елбасының қалжыңдап сөйлегенін байқадым. Көліктен түскен кезде жаңа ғимаратқа қарап тұрды да, облыс әкіміне: «Мынадай ғимарат біздің астанада, Алматыда жоқ, саммит өтетін мұндай әдемі орталық киелі Маңғыстауға бұйырған екен», деп орынды қалжыңын әдемі жеткізе білді. Сол сәтте жаңа ғимаратқа кіріп келе жатып, өзінің 20 жылдан астам уақыттан бері жүргізіп келе жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясы бағытындағы жұмысының нәтижесін көргендей қуанғанын байқадым. Ол кісі облыс әкіміне және маған қарап тұрып: «Осындай керемет ғимаратты пайдалану керек. Бұл жерде тек қана ҚХА-ның этномәдени бірлестіктері емес, сонымен қатар, бүкіл қоғамдағы, үкіметтік емес ұйымдар, ардагерлер кеңесі, жастар бағытында жұмыс істейтін мекемелердің бас қосатын үлкен орталығы болуы керек», деп тапсырма берді. Бүгінде Елбасының сол тапсырмасы орындалып отыр деп айта аламын.

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы ретінде мен соңғы бес жылда астанада өтіп тұратын Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясына қатысып келдім. Әсіресе, 2019 жылғы сессия Елбасы Н.Назарбаев пен Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірге қатысуымен ерекше болғандай. Мен сол уақытта Елбасымен тағы бір рет кездескен едім. Ол кісі өзіне ұсынылған гүлдерді жақын отырған барлық әйелдерге таратып берді. Сол гүлдердің біреуі маған да бұйырған-ды. Сол сәтте Елбасымен жақыннан жүздесіп, естелікке суретке түстік. Қазақта «Жүзі жақсымен жолдас бол» деген дана сөз бар, осындай жүзі жылы, мейірімді, тарихи тұлғамен кездесу сәті мен үшін ең бақытты, есте сақталатын тарихи сәттердің бірі болып қалады.

Аманкүл Джайлханова,

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы


Бірнеше жылдар бойы Елбасының барлық адамдармен өте қарапайым қарым-қатынас жасайтынына көзім жетті. Айта кетсек, жастармен олардың қызығушылығы, мәселелері және болашақтары туралы жастар тілінде, яғни жастардың ығына қарай әңгімелесетін, ал аға буынмен ол өте құрметті, сыпайы және кез-келген адамның сәттілігіне әрқашан қуанып, ортақтасып отырады.

Елбасымен кездескеннен кейін менде шабыт пайда болды, бойымды қуаныш билеп, өз-өзіме деген сенімділік арта түсті.

ҚХА сессиясы - біз бір-бірімізбен танысып, еліміздің әр түрлі аймақтарының өкілдерімен тәжірибе алмасатын және басқа елдерден келген қонақтарды ҚХА-ның жұмысымен таныстырған және ҚХА-ның алдағы жоспарларымен танысқан алаң. Мен үшін Елбасы: ұстаз, тәлімгер, ар-ұждан. 2018 жылдың тамызында Ақтау қаласында, Каспий маңы елдерінің саммиті алдында, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев жаңа Достық үйінде Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесті, кездесу соңында маған Елбасымен сұхбаттасу құрметі бұйырды. Ол Маңғыстау облысындағы ашылған жаңа Достық үйіне қуанышын білдірді: «қандай керемет, әдемі ғимарат, жанында әдемі теңіз жағалау....» деді, мен: «Ақтау өте әдемі қала, адамдары да әдемі және Сіз де өте керемет жансыз» дедім. Мұндай Елбасымен диалог алаңын құру – мен үшін ұмытылмас, бақытты сәттердің бірі болып қала береді. Елбасы әдемі сөздер үшін алғысын білдіріп, барлығына сәттілік пен денсаулық тіледі, барлығымен қол алысты. Қол алысып, жылулық, шынайы қарым-қатынас таныту адамгершіліктің, қарапайымдылықтың, мейірімділіктің белгісі деп ойлаймын.

Құрметті Елбасы! Сіздей тарихи тұлғамен бұйырған кездесулерді мен ешқашан ұмытпаймын, ол кездер мен үшін бақытты сәттер болып қалады Сізге, алдағы уақытта ел игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстарыңызға сәттілік пен алға қарай өркендеу тілеймін.

Раиса Маденова

Маңғыстау облысы «Чосон» кәріс этномәдени

бірлестігінің төрайымы


Әркімнің де өмірінде естен кетпес сәттері, тағдырлы, өміріне өзгеріс кіргізген оқиғалары болады. Сол оқиғалар қатарында ұлы тұлғалармен кездесу сәттері айырықша орын алары сөзсіз. Жылдар өткен сайын сол кездесу жайлы өзгелерге айтып, мақтану көпке тән қасиет болар. Менің өмірімде орын алған сондай кездесулердің арасында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен алғаш кездесуім айырықша есте қалған.

2005 жыл Нұрсұлтан Әбішұлының оңтүстікке сапары кезінде облыстың бір топ жастарымен кездесті. Сол кездесуге М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіндегі студенттік өзін-өзі басқару ұйымының мүшесі ретінде менде қатыстым. Сол кезде мен үшін жастар ұйымының басшысы болған он шақты белсенді жастардың қатарында тұрудың өзі үлкен бақыт болатын. Бір кезде Президент келіп, қолын созып, қай мамандық бойынша оқитынымды сұрады. «Болашақ сендердің қолдарыңда» дегені де есімде. Шынымды айтсам не деп жауап бергенімді білмеймін. Бір білерім – сол кездесу өмірімдегі айтарлықтай оқиға болды.

Сол кездесуден кейін «Нұр Отан» партиясының жастар қанатына мүше болдым. Жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін «Нұр Отан» партиясына жұмысқа орналасуыма да сол кездесу сеп болған шығар. Кейіннен жұмыс бабымен Н.Назарбаев қатысқан көптеген шараларға қатысып, ол кісі төрағалық еткен бір жиналыста хатшы да болдым. Әр кездескен сайын сол алғашқы кездесу еске оралады.

Нұрсұлтан Әбішұлы қазақ даласының бағы болып дүниеге келген біртуар азамат екені сөзсіз. Және де мен сияқты жастар үшін үлгі тұтарлық көшбасшы бола алды.

Алишер Сатвалдиев,

ҚХА мүшесі


Отбасылық екі жүз жыл педагогикалық өтімі бар ұстаздар отбасынан шыққан ауыл мұғалімі үшін үлкен құрмет көрсетіліп,​ 2014 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі атанып, Елбасының сессияда айтқан әрбір сөзін мұқият тыңдап, бейбітшілік және келісім сарайындағы халықтың нағыз көшбасшы, ұлт лидерін қолдауын және ұлықтауын жүрекпен сезіндім. Сессиядан кейінгі кездесулерде мақтанышпен Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы баяндап бергенім мен үшін мақтаныш. 2017 жылы​ ҚХА сессиясына тәжік этносы өкілдері атынан президиумда отыру нәсіп еткені бүкіл халыққа көрсетілген құрметі деп білемін. Дүниеде теңдесі жоқ ҚХА институты Қазақстан халқының толеранттылығы, бірлігі мен келісім арқылы көптеген белестерді бағындырды және бағындырады. Бұл жетістіктер сөзсіз Елбасының көрегендігі және сындарлы саясаты деп білемін!

Шокир Бабаев,

«Файз» қауымдастығының төрағасы


Мен жүpегiм кең бaйтaқ қaзaқ дaлaсын Отaным деп бiлетiн оpыс қызымын. Бүгiнде беpекелi қaзaқ отбaсының түтiнiн түтетiп отыpғaн инaбaтты келiн, әpi 3 бaлaның apдaқты aнaсымын. Қaзaқ оpтaсындa тұpып, қaзaқы тәpбиенi бойымa бapыншa сiңipiп өстiм. Мектептен кейiн Мұхтap Әyезов aтындaғы Оңтүстiк Қaзaқстaн мемлекеттiк yнивеpситетiнде жоғapы бiлiм aлдым. Әpдaйым, қоғaмдық iс-шapaлapдың бел оpтaсынaн тaбылып, стyденттiк дәypендi бapыншa мaзмұнды өткiзyге бiлек сыбaнa кipiстiм.

Өзiм белсендi стyденттеpдiң бaсын бipiктipiп, оқy оpны жaнынaн құpылғaн «Достық» клyбынa жетекшiлiк еттiм.

Әлi есiмде 2005 жылы Елбaсы Нұpсұлтaн Нaзapбaев облысқa жaсaғaн сaпapы aясындa облыс жaстapымен жүздестi. Aтaлғaн жиындa Пpезиденттiң жaнындa сөз сөйлеy құpметiне ие болдым.

Бүкiл ел aлдындa Елбaсығa болaшaқтa қaзaқ жiгiтiне тұpмысқa шығып, қaзaқтың сaнын көбейтyге yәде беpдiм. Пpезиденттiң aлдындa сөз сөйлеп, yәде беpy үлкен мәpтебе әpi жayaпкеpшiлiк болсa, оны оpындay мен үшiн меpейлi мiндет деп бiлдiм.

Мiне, бүгiнде сол yәдемде тұpып, қaзaқ жiгiтiне тұpмысқa шықтым. Жолдaсым – қaзaқ. Бaлaлapым дa қaзaқтың қaнынaн. Өзiм де қaзaқ боп кеткенмiн. Отыpap жеpiнiң үлгiлi келiндеpiнiң қaтapынaнмын.

Қaзaқтың келiнi болy – кеpемет, ең бaстысы – aғaйын-тyыстapдың көптiгi. Отбaсымызбен қaзaқ, оpыс мейpaмдapын aтaп өтемiз. Өзapa қaзaқ тiлiнде сөйлесемiз.

Қaзaқ отбaсынa келiн болып түскен күннен бaстaп, қaзaқтың тұpмыс-тipшiлiгiне тез сiңiсiп кеттiм. Қaмыp жaйып, ет aсyды, ұлттық тaғaм дaйындay мен сaлт-дәстүpдi теpеңiнен меңгеpдiм.

Бүгiнде менi ешкiм оpыс демейдi. Тaбиғaтым дa қaзaқ болып кеткен. Бiздiң қызықты өмip сaлтымызғa төpкiнiмнiң де етi үйpендi.

Paсындa дa, мен қaзaқ отбaсынa келiп, үлгiлi, өнегелi шaңыpaқтың бөлiнбес бip бөлшегiне aйнaлғaнымды мaңдaйымa жaзылғaн бaғым, бaқытым деп сaнaймын.

Юлия Дpобязкa,

қaзaқ отбaсының келiнi


2015 жылдың қазан айында Маңғыстау облысы белсенді жастарының бір тобы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевпен кездесті. Сол жастардың қатарында мен де болдым.

Біз жастардың «Менің елім – Мәңгілік ел: Каспийден Алтайға дейін...» атты республикалық этнографиялық экспедициясына қатысу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған едік. Елбасының біздің іс-шарамыздың басталуына келетіні, қатысушыларға ақжол тілейтіні туралы хабарды естігенде ерекше толқыдық. Қобалжып, жиын басталар сәтті асыға күттік. Жасыратыны жоқ, көбіміз ол кісіні тек теледидардан көріп жүргендіктен, жүздесу сәтінің туғанына қатты қуандық.

Елбасымыз жастар толып отырған жерге кіріп келгенде біз ішкі сезімдерімізді жасыра алмай, орнымыздан ұшып тұрып, шулап кеткеніміз, дуылдата қол шапалақтағанымыз есімде. Біздің мұнымызға Елбасы жадырай күліп, қолын көтеріп жауап берді. Бұл кездесудің жастарға бергені мол болды деп ойлаймын. Өйткені бізге Елбасымен жүздесу, тілдесу, ол кісімен бірге ән шырқау бақыты бұйырды.

Сол кезде мен ол кісіні жақыннан көріп, аурасы өте мықты, позитивті энергиясы мол, адамды өзіне тартып тұратынын сездім. Ол біздің бәрімізді баурап алды. Мен әнұранымыз «Менің Қазақстанымды» оның авторларының бірімен, тарихи тұлғамен бірге шырқаған сәтте өте ерекше сезімде болдым. Басқалар да мен сияқты керемет әсер алғанына сенімдімін. Сондықтан бұл біз үшін тарихи сәт еді. Және жастар үшін зор мәртебе деп айта аламын.

Үлкен кісілердің қолын алу салты бойымызға сіңген халықтың ұландарымыз ғой. Кездесуге келген әрбір жастың арманы – Елбасының қолын алып, амандасу болғаны сөзсіз еді. Бәріміз барынша жақындауға ұмтылдық. Елбасы бізге тақағанда алдымда тұрған домбырашы ағамен амандасып, менен айналып өтіп кетті. Сол кезде жан-дүнием алай-дүлей боп кеткен сияқты. Сол сезімім жетті ме екен, білмеймін... «Әттең-ай...» дегенімше болмады, Елбасы кілт бұрылып, қолын созды...

Дәл сол мезеттегі қуанышым әлі күнге есімде.

Айляззат Газибекова,

«АЛА-ТОО» қырғыз этномәдени бірлестігінің мүшесі


2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 27 сессиясы өтті. Аталған іс-шараға мен де спикер ретінде шақырылдым. Әрине, осындай маңызды шараға қатысу, Елбасының алдында сөз сөйлеу – мен үшін зор мәртебе, үлкен бақыт. Сессияда сөйлеген сөзімде айтып өткенімдей, менің отбасым Шешен республикасында соғыс басталғанан кейін Қазақстанға келіп, екінші Отанын тапты. Сол кездегі қиын кезеңдерде шешендерге көрсетілген көмек үшін Елбасына алғыс айтуды армандайтынмын. Алайда осындай мүмкіндік болады деп ешқашан ойламаппын. Барлық шешендердің атынан Елбасының алдында алғысымды білдіргенім үшін өте қуаныштымын. Сол армандаған кездесудегі қызықты сәтке тоқталсам: сессия барысында сахнаға Елбасының еркін күрестен жаттықтырушысы ретінде таныстырған ардагер спорт шебері шықты. Ол Елбасы Н.Назарбаев жас кезінде өте талантты, мықты палуан болғанын, сонымен қатар Елбасы жаттығуды одан әрі жалғастырса әлем чемпионы атағына ие болатынын сеніммен айтты. Сол кезде экранда Нұрсұлтан Әбішұлының күрес киімімен тұрған фотолары көрсетілді. Осы сәт мен үшін ең қызықты сәт болды. Өйткені мен де кішкентай кезімнен күреспен айналысамын.

Елбасымен кездесу менің ішкі жан-дүниеме айтарлықтай әсер етті. Осы кездесуден кейін, елімнің, халқымның, отбасымның алдында жауапкершілігім одан сайын артып, өз-өзіме деген сенімділігім нығая түсті. Мен Елбасын көшбасшы, қорғаушы және ерліктің үлгісі деп білемін.

Джамалайл Элимханов,

«Вайнах» шешен-ингуш этномәдени

бірлестігінің мүшесі


Еліміз егемендігін алғаннан кейін ел жаппай кәсіпке бет бұра бастаған тұста, алға қойған мақсаттарымызды іске асырып, марқұм жұбайым жол құрылысымен айналысуды қолға алса, мен қоғамдық тамақтандыруды қолға алдым және нан өнімін түрік технологиясымен өндіріп сапалы нан өнімдерін халыққа ұсынумен айналыса бастадым. Еліміз егемендігін алған соң елімізде нарықтық қатынастардың орнауын, заманның қай бағытқа өзгеріп бара жатқанын дер кезінде түсіне бастадық. Сол жылдардағы ел экономикасының қандай қиындықтарды бастан өткізіп жатқанын Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында еліміздің сол қиындықтардан сүрінбей өтіп, елдің мамыражай күн кешкен күндерінің куәсі болып келеміз. Айтуға жеңіл болғанымен, сол қиындықты шешу жолында Елбасымыздың қаншама маңдай терін төккенін білеміз.

Кәсіпкерлерге еркін бизнесін жүргізуге мүмкіндіктер туды. Кәсібімді жасай жүріп қоғамдық жұмыстарға мойын бұрып, тәжірибе алмасу мақсатында түрлі бизнес өкілдерімен пікір алмасып, білмегенімді үйрене жүруді әдетке айналдырдым.

Мен ауыл әйелі болсам да, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі бола жүріп, көре жүрейін, біле жүрейін, артық болмас деген мақсатпен елімізде және шетелде болып жатқан түрлі жиындарға, экономикалық форумдарға қатысып жүремін. Көптеген ақпараттар алдым және пікір алмасып тәжірибелермен бөлістім. Сондай сапарлардың бірі 2014 жылы Дубай экономикалық форумы. Сол форумда шетел мемлекеттерінің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа деген үлкен құрметін көрдім. Әлем сахнасында ойып тұрып орын алған Елбасымыздың беделі сол сапарда көрініп-ақ тұрды, басқа да елден келген сөз алғандардың ішінде шоқтығы биік тұрғандай көрінді. Елбасының қарасы көрінгеннен әлемнің түпкір түпкірінен келген делегаттар ұзақ қол шапалақтап қарсы алып сахнаға көтерілгенше үлкен қошемет көрсетіп тұрды, ал біз сыртқы саясатымыздың оң бағытта екендігін көріп іштей өзімізде мақтаныш сезімі билеп тұрды. Сол сапарда үлкен сахнада қазақтың күйі ойналып, ұлттық киім киген қазақ қызының бейнесі ұлттық әшекейімен ойнақы әуенмен көрініс тапты. Бұл көріністі аудармашы Елбасына деген құрмет деп түсіндірді. Біздер Қазақстандық делегаттар бірдей ұлттық киіммен ерекшеленіп, алдыңғы қатарлардан орын алдық, жиын соңында Елбасының қасына жақындап барғанымызда, әдеттегідей қарапайымдылығымен қолымыздан алып, «Сендер бұл жерде неғып жүрсіңдер!» деп, қазақы әзілімен бір күлдіртіп, суретке түсіп бәрімізге рахметін айтты. Сонымен қатар астанамызда өткен V Астана экономикалық форумында да әлемнің түпкір-түпкірінен келген делегаттар келіп халықаралық дәрежеде өткен жиында да тарихи тұлға - Елбасының қолын алып амандасудың сәті түсті, Елбасы жақын тұрған делегаттармен қол алып амандасқан соң мүгедектік креслода отырған өзге ұлт өкілі - делегатқа арнайы бұрылып хал жағдайын сұрап үлкен жүрекпен құрметін көрсетіп жатты. 2014 жылы Ақтау қаласында өткен «Үздік тауар» өңірлік конкурсында жүлделі орын алып, Нұр-Сұлтан қаласында Елбасының қатысуымен өткен «Қазақстан үздік тауары» конкурсының қорытынды жиынына қатыстым. Елбасы ел ішінде маңдай терімен еңбек етіп, кәсібімен ел экономикасына өз үлесін қосып жүрген жеңімпаз кәсіпкерлерді марапаттап, барша қазақстандық бизнес өкілдеріне табыс тіледі.

Тағы бір келелі жиын, Нұр-Сұлтан қаласында, Елбасының қатысуымен өткен, жоғары дәрежеде ұйымдастырылған, он мың көрерменімен қатар он мың қатысушысы бар ауқымды шара болды. Аталмыш шарада Қазақстанның барлық жерінен жиналған 500-ге жуық делегат «Мейірімді жүрек керуені» арқылы Елбасының алдынан өтті.

Елбасының қатысуымен өткен қай жиынға барсам да, Нұрсұлтан Әбішұлының әр сөзі көңілімізге ерекше қуат сыйлап, күш-жігер береді.

Туймеш,Абдулаева,

жеке кәсіпкер


Мен Маңғыстау облысы, Қарақия ауданының белсенді жастарының бірі, «Есен Сейіт» мал шаруашылығын басқарып отырған жас кәсіпкермін.

2019 жылдың 23 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылының салтанатты ашылуы өтті. Сол шараға мен де Маңғыстау облысы, Қарақия ауданының атынан қатыстым.

Сол кездегi Елбaсының «Жaстap – елiмiздiң қaзipгi әлемдегi бәсекеге қaбiлеттiлiгiнiң негiзгi фaктоpы. Қaзaқстaнның болaшaғы сiздеpге – сiздеpдiң бiлiмдеpiңiзге, күш-жiгеpлеpiңiз бен пaтpиоттық сезiмдеpiңiзге бaйлaнысты. Қaзip қолғa aлынғaн жұмыстapдың бәpi сiздеpдiң бaқытты өмipлеpiңiз, сондaй-aқ өз әлеyеттеpiңiз бен мүмкiндiктеpiңiздi толық жүзеге aсыpa aлy үшiн aтқapылып жaтыp», деген қaнaтты сөздеpi қaзipгi iстелiп жaтқaн жұмысымa күш-жiгеp беpiп, aлғa қapaй ұмтылyымa септiгiн тигiздi.

Елбасымен бір шаңырақ астында тұрғаныма қуаныштымын. Себебі қазақ деген елді осындай күнге жеткізген бірінші Алла, екінші сол Елбасынын қажырлы еңбегінің арқасы деп білемін.

Елбасыма күш-жігер, ұзақ ғұмыр тілеймін.

Қойбағар Көмекбай,

жас кәсіпкер


Өзім басқарып отырған компанияның басты міндеті халық игілігі үшін сапалы әрі қол жетімді бағада құрылыс нысандары мен демалыс орындарын қамтамасыз ету. Мен, әрдайым өңіріміздегі қайырымдылық іс-шараларға атсалысып, жыл сайынғы МО ҚХА-ның ұйымдастыруымен өтетін «Жомарт жүрек» мараппаттау рәсіміне қатысып, жүлделі орындармен марапатталып отырамын. Қайырымдылық қызмет көрсету – ең басты міндеттерімнің бірі деп санаймын.

Елбасымен жүздесу сәтін еске түсірсем, 2018 жылы Ақтау қаласында бес елдің басшыларының қатысуымен V-Саммит өтті. Сол уақытта Маңғыстау облысына іс-сапармен келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Каспий теңізі жағалауындағы «Tree of life» демалыс базасын аралап көрді, демалушылармен, бақытты балалармен кездесті. Сол сәттерде мен де Елбасымен кездестім. Елбасының мейірімді жүзін көру, қолын алып амандасу – мен үшін үлкен мәртебе болатын. Және де бұл кездесу менің кәсібімді ары қарай дамытуға, елім үшін қызмет етуге, үлкен күш-жігер берді. Демалыс базасын аралап жүріп, Елбасы Ақтау қаласы Анталиядан кем емес екендігін тілге тиек етіп, әрі қарай отандық туризмді дамыту мақсатында теңіз жағалауындағы демалыс орындары жаңа перспективалар болып табылатындығын мақтанышпен жеткізді.

Мен әрқашан, еліміздегі құрылыс саласының қарқынды дамуына өз үлесімді қосып, еңбек етуге дайынмын және осы салада Сіздің кең байтақ еліміздің өркендеу жолындағы Нұрлы жолыңыз маған әрдайым күш береді.

Сакен Есенгелдин,

жеке кәсіпкер


2000 жылы мамыраған жаз айында Каспий теңізі жағалауында 5 елдің Президенттері бейресми кездесу ұйымдастырды. Ондағы мақсат – көпұлтты қазақ еліндегі ұттық татулық пен мәдениетті насихаттау еді. Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев, Қырғызстан мемлекетінің президенті А. Ақаев, Ресей Федерациясының президенті В. Путин, Түркіменстан елінің түркіменбасы С. Ниязов, Азербайжан Республикасының президенті Г. Алиевтер бас қосқан алқалы жиында менде сол бір туар мемлекеттік тұлғалармен қол алысып амандасып, сұхбаттасудың бақытты сәтін басымнан өткердім. Сол жиында Елбасынан қазіргі таңдағы халық медицинасына деген көзқарасы туралы сұрадым. Сабдал саясаткер, алысты болжайтын ірі ғасыр тұлғасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сол сәтте жымиып: - Қазақ халқының медицинасына көзқарасым оң. Бұл бізге ата-бабамыздан балаға мұра болып келе жатқан дала медицинасы. Сондықтан, оған келешекте қолдау көрсетеміз дегенде, төбем көкке екі елі жетпей қалғандай болды. Осындай көпұлтты мемлекетте әр ұлттың тағдырын бөле-жара қарамай, біртұтас мемлекет есебінде дамытып келе жатқанына, әр ұлтқа қолдау көрсетіп, халық достығы Ассамблеясын құрғанына ризашылығымды білдіремін. Бұл расында ғасыр тоғысында адам басына бұйыра бермейтін бақыт. Содан бері қанша уақыт өтсе де жадымда сол кездесу сайрап тұр.

Салтанат Дуйшоналиевна,

Маңғыстау облысы «Алатау» қырғыз ұлттық

мәдениет ұжымының қызметкері


Мен үшін өмірімнің әрбір күні қызықты. Өмірдің әр минутының қалай өтетінін бағамдау мүмкін емес. Оны алдын ала болжауға және өзгерістер енгізуге болар, бірақ келесі минутта нақты не болатынын ешкім білмейді.

Әрбір сәттің өзінше ерекшелігі мен қызығы бар. Менің өмірімде ешқашан ойыма алмаған ерекше оқиға орын алды ... Маған қоңырау шалып, менің кандидатурамның Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясының жұмысына қатысу үшін құпталғанын айтты. Сол кезде мен аздап абдырап қалдым: мен үлкен мінберде тұрып не айтпақпын, мен жұмысшы отбасынан шыққан, мектептің қарапайым мұғалімімін, өзім туралы да жарытып ештеңе айта алмасым анық ...

Мен түрлі ұлт өкілдері мекен етіп жатқан Қарағанды облысының кеншілер шаһары Абай қаласында тұрамын. Менің ата-анам – марийлықтар, үлкен әжем - татар. Олар Қарағандыға 1976 жылы Башқұртстаннан келген. Анам оқуын бітіріп, мамандарды бөлген кезде Қазақстанды таңдапты. Міне, бірнеше жыл бойы осында тұрамыз. Білім алдық, отбасын құрдық. Бүгінгі таңда өзім де бақытты анамын. Бес балам бар: төрт қыз, бір ұлым, олар – менің шаңырағымның шаттығы. Мектепте математика мұғалімі болып 24 жыл еңбек етіп келемін. Жалақым да жақсы, ең бастысы қадірлі де қажет мамандық иесімін. Менің отбасым - бақытым, мен үшін одан қымбат ештеңе жоқ.

2019 жылғы 29 сәуір – Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы. Елбасы баяндама жасады, оның барлық мінбелерден сөз сөйлеулері сияқты бұл жолғы айтқандары да үлкен әсер қалдырды: ол біздің мемлекетіміздің дамуының жаңа көкжиектері мен ондағы жастардың рөлі, Ассамблеяның үлесі туралы орамды ойларын ортаға салды.

Міне, мен де мінбеге көтерілдім. Менің сол кездегі бастан өткерген толқу сезімімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, айтатын сөздерім көмейімде кептеліп қалатындай қорқыныш сезімі баурап алды, бірақ Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың барлық ынтасын салып тыңдап отырған қалпын көргенде барлығы да орнына келгендей болып, жаным жай тапты.

Бір сәтке қайтадан толқу орын ала бастаған жағдайда, мен басымды Нұрсұлтан Әбішұлы отырған жаққа бұрдым да, одан әрі сенімді түрде сөзімді жалғастыра бердім. Сессияға қатысушылармен қол алысып амандасқан кезде мен оның алақанының жылуын сезінгендей болдым. Бұл біздің елімізді 30 жылға жуық басқарған, адамның болашағы бірінші орында тұратын, бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан, төрткүл дүниеге танымал болған мемлекет құрған адамның жан жылуының қуаты болатын.

Лариса Кравцова,

Қарағанды облысы Абай ауданы

«Южный» кентіндегі

«№9 мектеп-балабақша кешені» КММ

директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

ҚХА XXVII сессиясының спикері


Менің тәуелсіз еліме келіп, жетістікке жеткенім еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей қолдауының арқасы деп айтар едім. Сонау 1993 жылы Моңғолия елінің астанасы Ұланбатыр қаласында Елбасының алдында арнау айту бақыты бұйырды. Ол кезде театрға жұмысқа жаңадан орналасқан қызбын. Бір жағынан қорықтым, бір жағынан толқыдым, қолыма домбырамды алып, арнауды айттым. Ән айтып тұрып, Елбасының көзінен мөлдіреген жас байқадым. Айтқан арнау мүмкін ұлтына деген махаббатын оятты ма, мүмкін елдің назы әсер етті ме? Содан ол кісі қолымнан алып «бақытты бол» деп батасын береді. «Елге қайтсаңшы. Халқыңа, еліңе, жеріңе қажетсің», - деді. Көзінен мейірім шуағын көрдім.

Сөйтіп өзінің шақыртуымен атамекенге елге келдім. Елдің жақсылығын көрдім, өстім, өндім. Осында келіп балалы-шағалы болдым. Өнер және қоғамдық саласында еңбек етіп жатырмын. Қазіргі Қазақстанда жетістікке жеткен болсам, осының барлығы тәуелсіз елімізді басқарып, осындай дәрежеге жеткізген Елбасының арқасында.

Атажұртыма келіп, Тәуелсіз елімнің мәдениетіне үлес қосып, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері атандым. Бүгінде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Қарағанды облысы бойынша филиалының төрайымымын. Әлем қазақтарымен, қандастарыммен тығыз байланыстамын. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін Дүниежүзі қазақтарының құрылтайына қатысамын. Құрылтайға әлемнің бірнеше елінен делегаттар, оған қоса Қазақстанның барлық облыстарынан зиялы қауым өкілдері келеді.

Бүгінде егемен ел, тәуелсіз мемлекет болып ту тігіп отырған Қа­зақстан Республикасы – қа­зақ атты халықтың төрткүл дү­ниедегі бірден-бір Отаны, арқа сүйер сүйеніші. «Мен үшін елімді дамыған мемлекет­тердің сапына тұрғызып, санатына қосу­дан үлкен мақсат жоқ», – деп Тұңғыш Президентіміздің өзі айтқандай, кеше ғана Қазақ­стан деген мемлекетті естіп, көрме­ген елдердің алдында бүгін­де қай-қайсы да ардақ тұтатын елге айнал­дық. «Әлемдегі бар қазақ – бір қазақ», – деген Елбасының сөздері қанат бітіріп, мерейімізді көтерді. Шет­елдегі қазақ жастарының Қазақстанда білім алуларына бар жағдай жасалған. Қазір олар грант арқылы еліміздің жоғары оқу орындарында оқи алады. Болашаққа елімен бірге, нық сеніммен келе жатқан Көшбасшының қандай қамқорлығы да, саралы саясаты да ұлты үшін жасалып келеді.

Мен – бағы жанған адаммын. Туған жерімде өмірлік жарымды тауып, шаңырағым шаттыққа толды. Мені көп балалы ана деген құрметті атқа лайық еткен ұрпағым алаңсыз өсіп келеді.

Меруеш Башай,

ҚР Мәдениет қайраткері,

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Қарағанды облысы филиалының төрайымы, Қарағанды облысы

ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі

«Тұңғыш Президент жолы» – бұл қуғын-сүргінге ұшыраған және күштеп қоныс аударылған бірнеше мыңдаған адамдардың ұрпақтары үшін тарихи әділдікті қалпына келтірген жол.

Мен де – қуғын-сүргінге ұшырап, күштеп қоныс аударылғандар ұрпағымын. Бүгінгі таңда мен мұғалім болып жұмыс істеймін, бұл менің бала кезімнен бергі арманым болатын. Мен өз жұмысымды жақсы көремін, өзім тәрбиелеп келе жатқан шәкірттерімнің, еліміздің келешегі барлық жас ұрпақтарымыздың болашағы үшін шын мәнінде уайымдап, алаңдаушылық білдіремін.

2017 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясына қатысып, басты алаңның сахнасында қарағандылықтар атынан сөз сөйлеу құрметіне ие болдым.

Маған Нұрсұлтан Әбішұлының алдында сөз сөйлеу бақыты бұйырды. Менің сол кездегі көңіл күйім мен толқуымды сөзбен жеткізе алмаймын, бұл – ешқашан да ұмытылмас сәт. Қатты тебіреністен көзімнен жас шығып, ештеңе айта алмай қаламын ба деп ойладым. Бірақ менің барлық толқуым Елбасының жүзіне көзім түскен кезде сап тыйылды. Мұндай мейірімді, адам жанын түсінуге ұмтылатын, шуақ шашқан көзқарасты ешқашан ұмытпаймын.

Сол кезде мен ең маңызды мәселелерді тілге тиек еттім: отбасы, бала тәрбиесі туралы, жетім-жесірлерге қарайласу, ардагерлерге қамқорлық көрсету туралы ойым мен ұсынысымды ортаға салдым. Тұңғыш Президент сөзімді зейін қойып, өте мұқият тыңдады.

Залда отырған қатысушылармен сәлемдесуге келген кезде, менің де қолымды қысып тұрып: «Дұрыс жолды таңдаған екенсің, осы қалпыңнан айныма», - деген ниетін білдірді. Мен өмірімді ұстаздық қызметке текке арнамағанымды, барлық еңбектерімнің бекер емес екенін түсіндім. Ол кезде Нұрсұлтан Назарбаев маған өзінің күші мен даналығының бір бөлігін, өзінің ерекше дарыны мен өз ісінің әділдігіне деген сенімділігін ұялатқандай болды.

Бұл кездесу тек мені ғана қанаттандырып қоймады. Елбасы алдында сөйлеген кезде мен сезінгеннің барлығын біздің мұғалімдер мен шәкірттерімізге жеткізуге тырыстым. Оқушыларыммен бірге татулық пен бірлікті, қоғамдық сананы жаңғырту саясатының ең сенімді және тиімді жолсерігі болып келе жатқаныма қуанамын. Шәкірттерім бүгінде «Киелі Қазақстан» жобасын іске асырып, мектеп теледидарын ашып, республика деңгейінде екінші «Жарасым» мектеп клубын құрып, аталған салада белгілі бір жетістіктерге қол жеткізуге ұмтылуда.

Менің Елбасымен кездесуім жарасымды ғұмыр кешуге және шығармашылықпен өмір сүруге ұмтылдырғандай болды, мен «Жыл мұғалімі-2019» байқауының жеңімпазы атандым, Еуропа университетінде тағылымдамадан өттім. Енді одан әрі өз ісіммен кәсібилікпен айналысатын боламын. Бүгінгі күні мен жаныма жақын, шағын ғана туған қалам – Ұлы Дала Елінің ұлы перзентінің атымен аталатын Абайда, өзім бітірген сол мектепте жұмыс істеймін. Менің өмірімде қазақ халқының екі ұлы ұлының - Абай мен Нұрсұлтанның алатын орны ерекше, әрі олардың есімдері әрқашан жаныма етене жақын. Аталған тұлғалар біздің халқымыздың тағдырының бағдары, әрі қуат берер күші, қамқоршысы сияқты.

Вида Грейчуте,

ҚХА "Жаңғыру жолы" РЖҚ мүшесі,

"Литуаника" литва этномәдени бірлестігінің өкілі


Маған Елбасының алдында алғаш рет сөз сөйлеу құрметі 2017 жылғы Н.Ә. Назарбаевтың Қостанай облысына өңірдің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен кездесу сапарында бұйырған болатын. Елбасының алдында сөз сөйлеу – мен үшін үлкен қуаныш, биік абырой. Ол жерде аздап қобалжыдым. Себебі, Елбасыны үлгі тұта жүріп, ол кісімен қол алысып амандасуым кеудемде мақтаныш сезімін кернеді. Еліміз деп істеп жүрген барлық еңбегіміздің бағаланатындығы осындай кездесулерде екінші тыныс береді. Көзбе-көз сөйлесіп, алға қойған жоспарларың туралы айту менің өзіме, еліме деген сенімділігімді одан әрі арттыра түсті.

Сол кезде рухы биік адамның жаны да таза, ділі де таза екенін ол кісінің сөйлеген сөзінен, парасатты жүзінен, ашық-жарқын мінезінен аңғардым. Нұр­сұлтан Әбішұлының бойында иненің жасуындай менмендік, тәкәппарлық дегендердің бір белгісі жоқ екеніне риза болып, «ұлық болсаң, кішік бол» деген осы екен ғой деген ой түйдім.

Мен ең алдымен, Н.Ә. Назарбаевтың көшбасылық қасиетін үлгі тұтамын. Себебі, көшбасшылар әрқашан адамдарды алға тартады және келешекке деген сенімділік береді. Елбасы ел тарихындағы шешуші кезеңдерде тәуелсіздікті аңсаған халқының арманын орындап, жүзеге асырды. Ол кісінің көрегендігі мен ерік-жігерінің арқасында еліміз әлеуметтік-экономикалық жағынан өркендеп, әлем елдеріне үлгі болды.

Біздің еліміздің аграрлық саладағы саясатының дамуы және жан-жақтан қолдау табуы Тұңғыш Президентіміздің ауыл шаруашылығының басым бағыттарын дамытудағы еңбегі деп санаймын. Егемендігіміздің алғашқы күнінен бастап Елбасының тікелей қадағалауы мен тапсырмалары бойынша ауыл шаруашылығын дамытуға әсер тигізіп, ықпал жасайтын әрекеттер жасалды.

Елбасының: «Отандастарымнан бөлек уайымым да жоқ, олардан бөлек қайғым да жоқ. Нені болса да елмен бірге көремін, елмен бірге төземін, елмен бірге жеңемін», - деген сөзі - мен үшін өмірлік ұстаным.

Мәди Ихтиляпов,

«Шолақсай - 1» ЖШС директоры,

Қостанай облыстық

ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі

Кейін қарай