Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Қаңтар, 2020

1849

Достастық Рождествосы

Түркістан облысы Қазақстан халқы асамблеясының ұйымдастыруымен Рождество мерекесіне орай іс-шара өтті.


Жиынның алғашқы бөлігі тағамдар жәрмеңкесі мен қолөнер шеберлерінің бұйымдарынан құралған көрмемен басталды.

Сонымен қатар баларға арналған зімбір өнері бойынша шеберлік-сыныптары да ұйымдастырылды. Одан бөлек жас әртістердің жасыл шырша маңындағы қойылымдарында Аяз ата мен Қарша қыздың сыйлықтары үлестіріліп, жаңа жылдық киім үлгісі бойынша дефиле және марапаттау рәсімімен жалғасты.


Балалар айтулы мерекеге жаңа жылдық костюмдерін киіп, өнерлерін көрсетуге зор дайындықпен келіпті. Мерекеге арналған шара концерттік бағдарламамен ұласты.

Салтанатты жиынға қатысқан Түркістан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары - хатшылық меңгерушісі Ғани Рысбеков өз сөзінде осы күннің православ христиандары үшін орны ерекше екендігін атап өтіп, айтулы мерекемен жиылғандары құттықтап, игі тілегін арнады.

Сонымен қатар сахна төріне шыққан Түркістан облысы славян мәдени орталығының төрайымы Марина Лимаренко бүгінгі күннің тереңде жатқан тарихына тоқталды.


Христиан мерекелерінің біріне айналған кеште лоторея ойындары ойнатылып, әуезді әндер айтылып, ұлттық билер мен аспаптарда ойнаған шығармашылық ұжым көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Кейін қарай