Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Тамыз, 2020

5804

Азат елдің ар-намысы – Ата заң

Биыл елімізде айтулы мерекелер көп соның бірі және бірегейі бас заңымыз Конституцияға 25 жыл толып отыр.


Біз өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаған елміз. Сондықтан Конституцияны құрметтеу және оны ұлықтау біздің басты парызымыз. Конституцияны және осыған негізделген барлық заңдармен өзгеде құқықтық актілерді бұлжытпай орындап сақтай білуіміз керек.

Сіздерді еліміздің ең маңызды мерекесінің бірі – Конституцияның 25 жылдық мерекесімен құттықтаймын

Осыдан жиырма бес жыл бұрын, тамыздың 30-ында Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің Конституциясын бекіткен еді.

Құқықтық мемлекет орнатып, әлемнің өркениетті елдерімен жан-жақты экономикалық-саяси тең дәрежеде қарым-қатынас қалыптастыру, ірі реформаларды жүргізу, демократиялық принциптерді құрметтеу, елімізде қалыптасқан татулық пен ынтымақ бәрі-бәрі Ата Заңымыздың аясында атқарылып жатқан шаруа.

Әрбір отбасыға аман-саулық, бақыт, түсінушілік, елімізге тыныштық, татулық және жарқын болашақ тілеймін!

Абитдин Пахритдинов,

Түркістан облысы Кентау қаласы Ораңғай ауылдық округі

Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы


Кейін қарай