Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Қыркүйек, 2020

1704

Атырауда Аналар күні мерекесінде Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері украин тұшпарасын әзірледі

Аналар күні мерекесінде Қазақстан халқы ассамблеясының украин этномәдени бірлестігі облыстық Жасөспірімдер үйінде болды.

«Осындай мереке күнінде сіздермен бас қосып, отбасылық жылулықты сезініп, бірге уақыт өткізу - біз үшін үлкен қуаныш. Қайырымдылық істерімен келген «Любава» вокалдық тобының мүшелері сіздерге ас үйінің мәзірін ала келді. Алдарыңызда украиндық тағамның бір түрін дайындаймыз», - деп, құттықтауын жеткізген «Довира» бірлестігінің жетекшісі Виктория Синицына балаларға оқулықтар мен қабырға суреттерін, бетперделер табыстады.


Одан әрі ас мәзіріне кіріскен жасөспірімдер мен бірлестік мүшелері украиндық ұлттық тағамның бір түрі - картоп, сүзбе қосылған тұшпара дайындады.

Бұрқыраған астың дәмінен жанұя жылуын сезінген балалар Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелеріне алғыстарын білдірсе, Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушісі Мария Горшкова мен мекеме меңгерушісі Калжан Ирматкалиева: «Нағыз мереке қарсаңында қонақтардың ортамызға келіп, қамқорлық көрсеткеніне алғысымыз шексіз. Қыз баласы - болашақ ана. Сондықтан ас үйде түрлі ас дайындап, үйренсе қандай керемет! Ана- ол адам баласына бар жылуын шашқан, өмірге бастамашы болған, отбасылық дәстүрлерді сақтаған қорғанымыз. Міне, бүгінгі шараның мақсаты да соның айғағы болса керек» деп, жүректен шыққан тілектерін жеткізді.

Кейін қарай