Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Қыркүйек, 2020

634

Атырау облысының әкімі ҚХА өкілдерін мерекелік медальмен марапаттады

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясына - 25 жыл. Мерекелік шарада сөз алған облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов: «Ассамблея - бұл елімізде қоғамдық келісім мен ел бірлігін айқындайтын құрылым. Еліміздің өркендеуі жолында қазақстандықтардың қосқан үлесі зор» деп, бір топ еңбек ардагерлері мен Атырау облысы ҚХА өкілдерін «Қазақстан халқы Ассамблеясына - 25 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.


Осыдан ширек ғасыр бұрын құрылған ҚХА-ның еліміз үшін атқаратын қызметі - қазақ жерінде тұрып жатқан ұлт пен ұлыстар арасындағы этносаралық келісімді, ұлттар достастығын нығайтып, татулық мекені болған Қазақстанда бейбітшілік пен ынтымақты ту ету.

Қазақтың дархан даласында мекен еткен ұлы бабаларымыздың рухын асқақтатып, қонақжайлығы мен бірлігі жарасқан қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін қадірлеу - бүкіл халықтың мүддесі.

Кейін қарай