Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Қыркүйек, 2020

1641

Атырау облыстық ҚХА мейлінше «өшпенділік тілінің» жолын кесуге шақырды

Атырау қаласындағы Достық үйінде аймақтық Қазақстан халқы ассамблесяның Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті. Оған қатысушылар Таулы Қарабақта болған жағдайды талқылай отырып, өз пікірлерін орта,а салды. Кездесуге қатысушылардың ойынша, бұл жағдай үлкен алаңдаушылық тудырады, арандатушылық пен жалған ақпаратқа бой алдырмай, жанжалды бейбіт жолмен шешу керек деп санайды.

Сонымен қатар белсенділердің әлеуметтік желілердегі еліміздегі ұлтаралық бірліктің жойылуына әкелетін жағымсыз мәлімдемелерді сынға алды. Кездесу барысында «өшпенділік тілінің» жолын кесу мақсатында БАҚ-та, әлеуметтік желілерде және Интернет-ресурстарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және жанжалды жағдайларды тудыруы мүмкін жарияланымдардың тарауына кедергі жасау туралы шешім қабылданды.

Кейін қарай