Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Қазан, 2020

1306

«Қарашай-балқар» этносының мәдени күні аталып өтті

Жамбыл облысында «Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігіне қарасты «Бірлік» қарашай-балкарлардың Жамбыл филиалы» этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қарашай-балқар» этносының мәдени күні аталып өтті.


Этномәдени бірлестігінің 10-жылдық мерейтойына орай онлайн режимде өткен іс-шарада қарашай ақыны Лайпонов Пилялдің «Қарашай тілім» өлеңін бірлестіктің белсенді мүшесі Борлакова София оқыды, сонымен қатар ақын Ақбаев Азреттің «Алые маки степей» өлеңін Акбаев Рамазан мәнерлеп оқып берді. Балкар халқының ақыны Қайсын Кулиевтың «Джашчыкъла бузоучук» өлеңін Газаева Жасмина мен Сарбашев Ахмат жатқа айтты. Евлоев Амадей жетекшілігідегі «Арзи» хореографиялық ансамблі ұлттық би лезгинканы орындады.


Іс-шара соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шараларына өз үлестерін қосып жүрген «Бірлік» қарашай-балқарлар бірлестігінің шығармашылық жастарына алғыс хаттар мен сыйлықтар тарту етілді.

Кейін қарай