Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Қазан, 2020

801

Алматыда этномәдени бірлестіктерінің төрағалары медиация тренингіне қатысты

Алматы қаласының республикалық Достық үйінде «Медиация - сындарлы диалог алаңы» тақырыбында семинар-тренинг өтті.


Семинарға этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысып, оқудан өтіп, медиация арқылы жанжалдарды шешудің негізгі тәсілдерін үйренді.

- Осы семинардың басты мақсаты - медиация институтының мүмкіндіктерін пайдалану арқылы түрлі әлеуметтік мәселелерді шешудің нұсқаларын анықтау және халықтың бірлігін нығайту және қоғамдық келісімді сақтау үшін сындарлы позитивті коммуникацияға негізделген диалог алаңдарын дамыту, - деді Республикалық Достық үйі Медиация кабинетінің жетекшісі Н.Альтекова.


Шеберлік сыныбын Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, кәсіби медиатор Шерзод Пулатов жүргізді. Тренинг барысында медиация процесінің әр процедурасы туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Семинар теориялық және тәжірибелік кезеңдерден тұрды. Екінші бөлімде қатысушылар медиация арқылы жанжалды жағдайлардан шығу жолдарын таба алды. Семинар соңында қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Кейін қарай