Қазақстан халқы Ассамблеясы

31 Қазан, 2019

1069

Алматыда электронды БАҚ-тағы этножурналистика мәселелері талқыланды

Алматы қаласындағы Достық үйінде Жастар жылы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Электронды БАҚ-тағы этножурналистиканың мәселелері» атты семинар-тренинг өтті.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, іс-шараны өткізудегі негізгі мақсат – жас журналистердің этносаралық мәселелер туралы айтылған жерлерде жауапкершілік пен этиканы сақтап, толеранттықты нығайтуға атсалысуына ықпал ету және мамандықтарына пайдасы тиер әдістемелік нұсқаулар мен бағыт-бағдар беру. Сол арқылы қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірлік тақырыбын жазып-көрсететін қазақстандық электрондық БАҚ-тың рөлдері мен жауапкершіліктерін арттыру болып табылады.


Тренинг барысында, ЖОО-дағы журналистика факультеттерінің студенттеріне республикалық «Уйгур Авази» газетінің бас редакторы Ершат Асметов пен Республикалық «Ахыска» түрік газетінің бас редакторы Ровшан Мамедоглы өз еңбек жолдарындағы тәжірибелерімен бөлісіп, этножурналистика бойынша тағлымды ақпараттармен бөлісті.

Бағдарламаға сәйкес, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы, Phd докторант Айкерім Әлімжанова «Этножурналистикадағы тақырыптық ерекшеліктері» туралы баяндамасын жасады. «Атамекен» бизнес арнасындағы «ЗамандасLIVE» бағдарламаларының авторы әрі жүргізушісі Жәния Әбдібек «Қазақстанның БАҚ-дағы ұлтаралық араздық мәселелерінің көрінісі. Медиасауаттылық және журналистік этика» тақырыбы бойынша студентерге дәріс оқыды. Арнайы шақырылған тренерлер студенттерге тақырыпқа сай интеллектуалдық ойындар ойнатып, этножурналистика саласы бойынша бағыт-бағдар мен өз мамандықтарына адал болуға кеңес берді.

Іс-шара соңында қатысушыларға тиісті сертификаттар мен естелік сыйлық табыс етілді.

Кейін қарай