Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Қыркүйек, 2020

2596

Алматыда Қазақстан халқы тілдері күніне орай онлайн конференция өтеді

4 қыркүйекте сағат 11.00-де Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесе отырып Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл - Қазақстан халқының рухани байлығы» атты онлайн конференция өткізеді.

Конференция жұмысына ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Қ.Түймебаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Б.Б.Мажағұлов, ҚР Парламенті депутаттары, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдарының басшылары қатысады.

Іс-шараның мақсаты – тілдік мәдениет пен жалпы адами рухани құндылықтар принциптеріне негізделген қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты, қазақстандық бірегейлікті, толеранттылық пен өзара түсіністікті, нығайту және дамыту.

Онлайн конференция барысында қатысушылар Қазақстанда тілдерді дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, Қазақстан этностарының тілі мен мәдениеті дамуының негізгі бағыттары бойынша пікір алмасады.

Конференцияға онлайн қосылуға арналған сілтеме: https://www.facebook.com/assemblykaz/.


Кейін қарай