Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Қыркүйек, 2020

723

Алматыда Аналар кеңесі отбасы құндылығы бойынша дөңгелек үстел өткізді

Ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде Отбасы күні аясында Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Мықты отбасы – мықты мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Кездесу модераторы облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Несіпжамал Баймадиева болды.

Іс-шара барысында отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері, отбасылық құндылықтардың маңыздылығын түсіну, жаңа ұрпақты тәрбиелеудегі ананың рөлі, тұрақтылықты қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдаудың арнайы шараларын қабылдау мәселелері қаралды.

Аналар кеңесі мектептерде үнемі профилактикалық кездесулер, ата-аналармен жиналыстар өткізіп, аз қамтылған және көп балалы отбасылармен тұрақты негізде ақпараттық және әдістемелік жұмыстар жүргізеді. Дәл осындай нақты істерден Аналар кеңесінің қызметі қалыптасатыны анық.

Медиаторлар мен Аналар кеңесінің өкілдері бір шаңырақ астында бейбітшілікті, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді жақтайды. Сондықтан кездесудің негізгі мақсаты тәрбиелік мәні бар түрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жоспарын талқылау болды.

Кейін қарай