Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Қазан, 2020

1149

Алматы облыстық Аналар кеңесі отбасы құндылығына арналған конференция өткізді

Алматы облыстық «Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығы» және Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасым – менің байлығым» атты онлайн конференциясы өтті. Шараға облысымыздың барлық аудандық, қалалық, ауылдық округтердегі Аналар кеңестерінің төрағаларымен мүшелері, жастар, ұстаздар, оқушылар жалпы 150 адам қатысты.

Конференцияда облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Несіпжамал Баймадиева отбасы құндылықтарына тоқталып, өзінің жастарға деген ақыл-кеңестерімен бөлісті.


Кербұлақ аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Ғалия Ақбасова «Бүгінгі тәрбиелі қыз - ертеңгі мейірімді ана» тақырыбында баяндама жасады. Сол сияқты Текелі қалалық Аналар кеңесінің төрағасы Эльмира Иманбердиева отбасы сөзінің астарында көп нәрсе жатқанын тілге тиек етіп, ол – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі екенін айтты.

Жалпы, Аналар кеңесі жас отбасыларға арнап кездесулер, байқаулар жиі ұйымдастырумен келеді. Шара барсыныда «Менің отбасым» тақырыбында әзірленген үлгілі жас отбасылар Шелчков пен Омаровтардың видеороликтері көрсетілді.

Конференция соңында «Айналайын» балалар үйінің психологтары Мөлдір Егинбаева мен Әсел Жұмағұл өмір құндылықтары жайлы баяндама оқыды.


Кейін қарай