Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Мамыр, 2020

898

Алматы: ҚХА мүшелері 100 отбасыға азық-түлік үлестірді

23 мамыр күні Алматы қаласындағы Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының филиалы қасиетті Рамазан айының аяқталуына орай, Алматы қаласындағы жүз аз қамтылған, көп балалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік үлестірді.


Алматылықтарға көмек Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен жалпы республикалық #bizbirgemiz акциясы аясында, "Жаңғыру Жолы" ҚХА АМД еріктілерінің қолдауымен көрсетілді, сондай-ақ акцияға Қазақстанның ұйғыр жастары одағы жанындағы "Инсан" Жастар қауымдастығының волонтерлері қатысты. Өнімдерді Metall Prom Group компаниясы, атап айтқанда директоры Долкунтай Абдул халил мен Алматы қаласындағы РЭКЦУК филиалы төрағасының орынбасары ұсынды.


«Айлардың айы қасиетті Рамазан барша мұсылмандар қауымы үшін ерекше мереке болып табылады. Осы орайда, Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы игі іс жасап, жағдайы төмен отбасылар мен мүгедектерге көмек қолын созып отыр», - дейді Алматы қаласындағы Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының филиалының төрағасы Жапаров Абайдулла.


Кейін қарай