Қазақстан халқы Ассамблеясы

31 Шілде, 2020

72

Алматы: ҚХА-дан 5 тонна гуманитарлық көмек

Құрбан айт мерекесі күндері Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мың алғыс!» жалпыреспубликалық акциясы аясында қайырымдылық іс-шараларын өткізді.

Гуманитарлық көмек алдыңғы шептегі және вирустық науқастармен тікелей жұмыс жасайтын медицина қызметкерлерінің отбасыларына көрсетілді. Дәрігерлер мен медицина қызметкерлері өте қиын жағдайда жұмыс істегенін және олардың көпшілігі ұзақ уақыт туыстары мен жақындарын көрмеген жақсы білеміз.

Осылайша, 5 тоннадан (азық-түлік тауарларынан) тұратын гуманитарлық көмек Орталық қалалық клиникалық ауруханаға және И.С. Жекенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді.

Бұл қайырымдылық іс-шараға Ассамблеяның құрылымдары және қалалық және республикалық ұйғыр орталығы, өзбек этномәдени бірлестігі, татар этномәдени орталығы, қырғыз орталығы, қоғамдық келісім кеңесі, ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығы, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы, еріктілер орталығының белсенділері және т.б. қатысты.

Кейін қарай