Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Қазан, 2020

1606

Ғабит Тұрсынбай жаңа қызметке тағайындалды

Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының менгерушісі Ғабит Тұрсынбай Алматы облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі лауазымына тағайындалды.

Ғ.Тұрсынбай 1965 жылы Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында туылған. Жалпы еңбек өтілі 29 - жыл, соның ішінде мемлекеттік қызметте 19 жыл. Осы мерзімде ол қарапайым жұмысшыдан облыстық мекеме басшысына дейінгі жолдан өтті. Ғабит Тұрсынбай 16 жылдан астам ҚХА хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарды.

Жұмыс барысында этносаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау бойынша міндеттердің орындалуын, облыста тұратын этностардың өзіндік мәдениетін, тілін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтау үшін жағдай жасауды қамтамасыз етті. Облыстық, аудандық және қалалық этномәдени бірлестіктер, жастар ісі жөніндегі үйлестіру кеңесі, Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ұлағат» ақсақалдар Кеңесі арасындағы байланысты үйлестірді.

Ғабит Тұрсынбай отбасылы, балаларының тәрбиесімен айналысатын қамқор отағасы.


Кейін қарай