Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Қазан, 2020

1206

«Абай жолы – қазақтың жолы» атты дөңгелек үстел өтті

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Ж. К. Тоқаевтың Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын талқылау мақсатында «Абай жолы-қазақтың жолы» атты дөңгелек үстел өтті.


Дөңгелек үстел барысында Президент мақаласының Абайды танудағы маңыздылығы, ұлы қазақ ақыны шығармаларының заманауи қоғамдық проблемалармен сабақтастығы мен үйлесімділігі, оның өлеңдері мен қара сөздерінің рухани жаңғырудағы құндылығы, күнделікті өмірдегі рөлі туралы мәселелер қозғалды.

Іс-шараға қатысушылар өз сөзінде « ...Абай – қазақ ұлтының ғана емес, күллі адамзат баласының, адамдықтың, әділдіктің игілігіне қызмет еткен өз заманының нағыз ғұламасы, данышпаны. Сондықтан болар жыл өткен сайын оның туындыларын оқып, зерттеп, білгісі келетін жандардың қатары артуда. Осы ретте барша замандастарымды, жалынды жастар қауымын мемлекеттік тілде сөйлеуге, Абай атамыз сынды ұлы ақынның шығармашылығын терең игеріп, оның мұрасын кеңінен насихаттауға шақырамын..», - деп айтып өтті «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту орталығының мүшесі Вебер Владислав.


Кейін қарай