Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Тамыз, 2020

811

Абай күні қарсаңында «Абай: тарих және қазіргі заман» атты дөңгелек үстел өтпек

2020 жылғы 10 тамыз күні сағат 11.00-де Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы «Абай: тарих және қазіргі заман» халықаралық онлайн конференциясын өткізеді.

Онлайн-конференция ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына және 10 тамызда атап өтілетін жаңа мереке «Абай күніне» орайластырылған.

Ғылыми конференцияға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Қ.Түймебаев, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Т.Б.Қалиев, Қазақстан халқы Ассамблеяның Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрайымы, әлеуметтану ғылымының докторы А.К.Сәдуақасова, сондай-ақ Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан мемлекеттерінен абайтанушы-ғалымдар мен тарихшылар, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері және зиялы қауым өкілдері қатысады.

Конференцияға онлайн қосылуға арналған сілтеме: https://www.facebook.com/assemblykaz/.


Кейін қарай