Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Наурыз, 2020

1648

Ақтау: «Интернационалды отбасы» байқауында Достық жеңіске жетті

Қазақстан халқы Ассамблесының 25-жылдығына орай Маңғыстау облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Бір шаңырақ астында» тақырыбында «Интернационалды отбасы» байқауы өтті.


Конкурсқа жеті интернационалды отбасы қатысты. Байқау төрт кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде – «Отбасы болу да - өнер» – әр отбасы өздерін жан-жақты таныстырып, отбасы туралы мақалдың соңын жалғастырды. Екінші кезеңде («Шығармашыл отбасы») отбасылар өз өнерлерін көрсетсе, үшінші турда («Дені саудың жаны сау») спорттық эстафетасы, отбасылар әр түрлі спорт түрлерінен жарысып, сыңға түсті. Соңғы кезеңде («Ұлттық асхана») отбасылар ұлттық тағамдарымен көзге түсті.


Әділқазылардың шешімімен байқаудың қорытындысы бойынша Достық жеңіске жетті. Барлық қатысушыларға Алғыс хаттар, бағалы және естелік сыйлықтар табысталды.

Кейін қарай