31 Шілде, 2020
929
Ақтөбе: Дәрігерлерге 400 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді
31 шілде - қасиетті Құрбан айт мерекесінде Ақтөбе қаласындағы «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері мен ҚХА жанындағы Кеңестер, ЭМБ өкілдері, «Бірлік» волонтерлар орталығы «Мың алғыс» жалпыреспубликалық акциясы аясында шаһардағы ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетті.
Аталмыш акция пандемия кезінде науқастармен тікелей жұмыс жасап, майданның алғы шебінде адал қызмет атқарып жүрген медицина қызметкерлерін қолдау, оларға көмек көрсетуге бағытталған.
Қашанда игі істің басынан табылатын облыстық ҚХА мүшелері бұл жолы да шет қалмай, қаладағы инфекциялық ауруханада қызмет ететін дәрігерлер тұрып жатқан жатақханаға барды.
Акция барысында Ақтөбе облыстық ҚХА мен «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері дәрігерлерді мерекемен құттықтап, ұлт денсаулығының амандығы үшін жасап жатқан еңбектеріне алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, олар ақ халатты абзал жандарға дайындаған мерекелік дастарханға қажетті тәттілер мен жеміс-жидектер, дәрумендер, бал және басқа да азық-түлік түрлері салынған қораптарды табыстады.
Бүгінгі акцияның маңызына тоқталған «Қоғамдық келісім» КММ директоры Нұрхан Ағниязов:
– Елімізде жарияланған төтенше жағдайдан бері халық үшін қалтқысыз қызмет етіп, отбасыларынан жырақта жүрген дәрігерлердің таңдаған мамандықтарына деген адалдықтарына шүбә жоқ. Себебі, олар 24 сағат бойы науқастардың жанына жалау, көңіліне үміт отын ұялатып келеді. Медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетіп, олармен бірге екендігімізді көрсету үшін ЭМБ өкілдерімен бірге осы акцияға қатысып, ризашылығымызды білдіріп отырмыз, - дейді мекеме басшысы.
Ал «Славяне» ЭМБ-нің көркемдік жетекшісі Виктория Сурай қазақстандықтарды мұсылман қауымының ұлық мерекесі Құрбан айтпен құттықтап, медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді:
– Біз барша ақтөбелік этнос өкілдері атынан мұсылман қауымын қасиетті мерекемен құттықтаймыз. Бүгінгідей қиын уақытқа тұспа тұс келген бұл күнді кеңінен атап өте алмайтынымыз өкінішті... Алайда, қашанда татулық пен бірлікті насихаттайтын ҚХА ұйымдастырған акцияға қатысып, қолдан келген көмегімізді көрсетудеміз. Адам жанының емшісі болған дәрігерлерімізге мың мәрте алғысымызды айтамыз. Себебі, олар біз үшін ұйқы көрмей ерен еңбек етуде. Осындай мерекеде олардың көңілдерін көтергеніміз үшін бізде қуаныштымыз, - деді.
Осындай жылы кездесудің соңында медицина мамандарыда өздерін елеп-ескеріп келіп жатқан, бірге екендіктерін білдіріп жатқан облыстық ассамблея өкілдеріне ризашылықтарын жеткізді.
Мейірімді шарада облыстық ҚХА мен «Қлғамдық келісім» КММ Ақтөбе қаласының инфекциялық ауруханасындағы барлық медицина қызметкерлеріне 400 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетті.
Мұндай қайырымдылық шараларын өткізіп тұру, барша ұлт пен ұлыстың ынтымағын дәріптейтін Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі. Акция аясында белсенділік танытқан ақтөбелік ассамблея мүшелері мен еріктілер тобына, өңірдегі этномәдени бірлестік өкілдеріне алғысымызды білдіреміз! Бұл қиын күндердің де аз уақытта артта қалатынына сенеміз және бүгінгі күннің батырлары атанған дәрігерлерге алғысымызды білдіреміз!
Ұқсас жаңалықтар
-
«БАРБАНГ» КҮРДТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
-
АСТАНАДАН ТӘЖІКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ БИЗНЕСМЕНДЕРІ 25 МЛН.ТЕҢГЕГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы гуманитарлық көмек қабылдау және еріктілерінің жұмысын үйлестіру орталықтары
-
«Жүректен жүрекке» акциясы аясында ҚХА Республикалық және өңірлік штабтарының онлайн отырысы өтті
-
Ерлан Қарин: Қазақстан халқының Ассамблеясы тарапынан айтарлықтай көмек көрсетіліп отыр
-
Жамбыл облысы Қордай ауданы гуманитарлық көмекті Қостанай облысы Арқалық қаласына жөнелтті
10 Сәуір, 16:59
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ораза айт мерекесімен құттықтауы
10 Сәуір, 16:57
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
13 Сәуір, 13:05
ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР -ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ
14 Сәуір, 17:46
АСТАНАДАН ТӘЖІКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ БИЗНЕСМЕНДЕРІ 25 МЛН.ТЕҢГЕГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
15 Сәуір, 23:06