Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Шілде, 2020

572

А.Соколова: Карантинді ұзарту шешімі орынды болды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты түйткілді мәселелер жөнінде кеңес өткізіп, шілде айында енгізілген шектеу шараларының оң әсерін одан әрі арттыру мақсатында карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету арқылы екі аптаға ұзартуды тапсырды.


Өз тарапымнан аталмыш қадам өте дұрыс шешім болып табылады деген ойдамын. Себебі, мемлекетіміздегі қалыптасқан жағдайды оңтайландыру, індеттің одан әрі таралуына жол бермеу қазіргі кезеңде аса маңызды. Бұндай шараларды вирустың таралуын тоқтату мақсатымен әлемнің көптеген елдері қабылдауда. Бұл барша қазақстандықтардың игілігі үшін және олардың денсаулықтарын сақтау мақсатында жасалған қадам. Және де бұл бастамаға қоғам болып қолдау көрсету, шектеулерді қатаң түрде сақтау, жеке өз басы мен отбасының, жақындарының өміріне алаңдаушылық танытатын әрбір саналы азаматтың борышы деп білуіміз қажет. Індетке тек қана бірілесе төтеп бере аламыз. Осы ретте вирустың алдын алу және оны жұқтырған жандарды күні-түні емдеумен айналысып жатқан ақ халатты абзал жандарға шын көңілден алғыс білдіре отырып, вирусқа қарсы бәріміз бір болып күресуге шақырамын.

Анжелика Соколова,

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының

жанындағы мемлекеттік тілді дамыту және насихаттау

орталығының мүшесі


Кейін қарай