Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Қыркүйек, 2020

980

«Ақ орамал» акциясы Маңғыстауда жалғасын тапты

Маңғыстау облыстық «Ана мен бала» және 26 шағынаудандағы пеpинаталдық оpталықта Отбасы күнiне оpай, pеспубликалық «Ақ оpамал» акциясы аясында iс-шаpа өттi. Аталмыш шаpаны Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналаp кеңесi, «Шаңыpақ» қоғамдық қоpының жетекшiсi Игiлiкова Pыскүл және «Қоғамдық келiсiм» КММ бipлесiп ұйымдастыpып отыp.

Iс-шаpаның мақсаты – «Ақ оpамал» акциясы аpқылы этносқа, әлеуметтiк, дiни және басқа да еpекшелiктеpге қаpамай, бейбiтшiлiк идеяны қалыптастыpу, отбасы қаpым-қатынасын нығайту.
Іс-шараға облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық –демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы С.Б.Алибекова, «Ана мен бала» орталығының стратегиялық даму жөніндегі директордың орынбасары Р.А.Баданова, блыстық «Жастар жетістігі» қоғамдық қорының басшысы Жақсыгүл Маханбетова, «Чосон» кәріс этномәдени бірлестігінің төрайымы Р.И.Маденова, МО ҚХА хатшылығының бас инспекторы Өмірханова Эльмира, Ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері, жаңа босанған жас аналар және БАҚ өкілдері қатысты.

«Шаңырақ» қоғамдық қоры Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің отбасы институтын, отбасылық құндылықтарын нығайту және отбасындағы адамгершілік-рухани тәрбие атты жобасын ұтып алған болатын. Бүгінгі таңда сол жобаның негізінде жұмысты бастап жатырмыз. Жобаның ең бірінші міндеті – ел Президенті Қ.Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Жолдауының негізінде, әлеуметтік бағыттағы жұмыстарды іске асыру. Бүгінгі шарамыз «Ақ орамал» акциясы аясында ұйымдастырылып отыр. Бүгін міне, осы перинаталдық орталықтарда аналарымызды Отбасы күнімен құттықтап, оларға кездесу өткізіп, сонымен қатар сый-сыяпатымызды жасадық. Бүгінгі туылған нәрестелер – еліміздің ертеңгі болашағы. Осындай нәрестелеріміздің Қазақстанда аман-есен өсіп жетілу үшін жасалып жатқан жағдайлармен танысып, өте қуанышты болып тұрмыз. Жоба одан әрі қарай жалғасын табатын болады. Жобамыздың негізгі өзекті мәселесі - 5 аудан және 2 қала бойынша «Аңсаған сәби» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында жұмыс жасау. Яғни, соңғы мәліметтерге сүйенсек, жалпы дүниежүзі бойынша әрбір алтыншы отбасы баласыз отбасы екен. Соның ішінде Қазақстан да бар. ЭКО орталықтары біздің облысымызда жоқ», - деді «Шаңырақ» қоғамдық қорының жетекшісі Игілікова Рыскүл.

Маңғыстау облыстық «Жастар жетістігі» қоғамдық қорының басшысы Жақсыгүл Маханбетова:

- «Отбасы күні қарсаңында «Шаңырақ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «Ақ орамал» акциясына қатысып отырмыз. Бұл акцияның басты мақсаты – қазіргі болашақ аналарға, ата-аналарға бала тәрбиесіндегі немесе отбасындағы ырыс-ынтымақты берік ұстайтын аналар екендігін айтып, түсіндіру. Жалпы бұл тек бүгін ғана емес, күнделікті болатын іс-шаралар, сондықтан да барлық қоғамның өкілдерін, азаматтарын еліміздің болашағына немқұрайлы қарамайтын азаматтарды осы жас отбасыларды тәрбиелеуге, бағыт-бағдар беруге, соларға үлгі-өнеге болуға шақырамын», - деді.

Іс-шара соңында республикалық «Ақ орамал» акциясы аясында жас аналарға сый-сыяпаттар табысталды.

Кейін қарай